www.shahtinsk.gov.kz ОФИЦИАЛЬНЫЙ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС АКИМАТА ГОРОДА ШАХТИНСКА
Например: Финансы
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

События

Присвоение статуса оралмана (статья опубликована в газете «Шахтинский вестник» 21.02.2014г. №7)

Оралман  мәртебесін  алу  тәртібі

Оралман (репатриант), реэмигрант немесе мәжбүрлi қоныс аударушы деп тану үшiн жеке адам тiкелей өзi Қазақстан Республикасының шетелдегi дипломатиялық өкiлдiгiне және консулдық мекемесiне немесе көшi-қон және демография жөнiндегi Қазақстан Республикасы Агенттiгiне (бұдан әрi өкiлеттi орын) тiкелей Қазақстан Республикасына көшiп келу және көшiп келушi (иммигрант) мәртебесiн алу туралы өтiнiш жасау керек.
Өтiнiш берушi адам және отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасы аумағында тұрған жағдайда өтiнiшті өкiлеттi органның аймақтық қызмет орнына бередi.
Оралман (репатриант), реэмигрант, қоныс аударушы, сондай-ақ мәжбүрлi түрде қоныс аударушы мәртебесiн анықтау процедурасы аталған құжаттардан басқа мыналарды ескередi:
- бекiтiлген үлгiмен анкета толтыру;
- анкетада көрсетiлген мәлiметтердiң шындығын тексеру (бағалау) мақсатымен өтінiш берушiлермен әңгiме өткiзу;
- өтiнiш берушiнi оралман (репатриант), реэмигрант, қоныс аударушы, сондай-ақ мәжбүрлi қоныс аударушы деп тану немесе мәртебе беруден дәлелдi түрде бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Аймақтық орган оралман (репатриант), реэмигрант, қоныс аударушы, сондай-ақ мәжбүрлi қоныс аударушы деп тану туралы шешiмдi қажет құжаттар тапсырылғаннан кейiн бес күн iшiнде қабылдайды.
Оралман (репатриант), реэмигрант, қоныс аударушы, сондай-ақ мәжбүрлi қоныс аударушы деп тану туралы шешiм осы анықтамалық негiзiнде өкiлеттi органның тиiстi аймақтық қызмет орындарымен құжаттар тiркелгеннен кейiн отыз күн iшiнде қабылданады.
Белгiленген тәртiппен оралман (репатриант) деп танылған адамдарға куәлiк берiледi, ал реэмигранттарға, қоныс аударушыларға, мәжбүрлi қоныс аударушыларға немесе көшiп келушiлерге (иммигранттарға) ішкi істер органдарында тiркелу және Қазақстан Республикасының ықтиярхат (вид на жительство) алу үшiн белгiленген үлгiмен анықтама берiледi.
Иммигрант ретiнде танудан бас тартқан жағдайда өтiнiш бiлдiрушiге шешiм қабылданғаннан бастап он күн iшiнде шешiмнiң көшiрмесi түрiмен жазбаша хабарлама тапсырылады. Егер өтiнiш бiлдiрушi Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары жақта жүрген болса, онда оған шешiмнiң көшiрмесi Қазақстан Республикасының шетелдегi дипломатиялық өкiлдiктерi және консулдық мекемелерi арқылы жiберiледi, онда керi қағу себептерi көрсетiледi және қабылданған шешiмдi жоғары тұрған өкiлеттi органда немесе сот жолымен жазбаша шешiмдi алғаннан кейiн бiр ай iшiнде шағымданып, қайта қарау ретi айтылады.
Өтiнiш берушiнi және оның отбасы мүшелерiн иммигрант ретiнде танудан бас тарту туралы шешiм Iшкi Iстер органдарына оны Қазақстан Республикасы аумағынан соңғы тұрған елiне жiберудi (департация) ұйымдастыру үшiн жолданады.

Қ.Мырзамбетова,
ХҚКО-ның реттеу зал жетекшісі


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Лента новостей

Прогноз погоды

В Шахтинске ясно 28°C , Влажность 26%, Давление 712, ветер 6 м/с

Курсы валют

USD 384.39
Euro 431.71
Рубль 6.11

Голосование

Есть ли у Вас электронная цифровая подпись?
Календарь Рассылка новостей Архив новостей
Система Orphus
© 2007-2019 Официальный интернет-ресурс акимата города Шахтинска При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Яндекс.Метрика
© 2019 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»
На главную
Назад
Қаз Рус Eng Наверх