www.shahtinsk.gov.kz ОФИЦИАЛЬНЫЙ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС АКИМАТА ГОРОДА ШАХТИНСКА
Например: Финансы
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

События

Маленькие узники большой вой Еңбекпен шыңдалған қария (статья опубликована в газете «Шахтинский вестник» 10.04.2015г. №14)

Қазақтың данышпан ақыны һәм хакім Абай өзінің түйдек – түйдек философиялық пікірінің бірінде: «Адамның қасиеті үш – ақ нәрсе: ыстық қайрат, нұрлы ақыл және жылы жүрек», - деген еді. Бүгін біз газетімізде тап осы қасиеттердің барлығы тұла бойында самсап тұрған, тылда еңбек еткен ардагер Дюсембай Бейсеков жайлы айтпақшымыз.  

Балалық шағын сұрапыл соғыс ұрлаған ардагердің басып өткен өмір жолы дерлік тарих деуге тұрарлық. Жастайынан еңбекке араласқан Дюсембай Ташмұғанбетұлының  тылда еңбек етіп, қиянкескі соғыстың ортасында жүрген совет одағаның әскерлеріне елде жүріп көрсеткен қолдаулары,  білек сыбана еткен қызметтері, сондай –ақ, бейнетпен өткен өмірі бүгінгі ұрпаққа өнеге. Өткен жылдың естеліктері көкейінде шежіре болып сайрап тұрған ардагер атамыз 1927 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданына қарасты Қызылту селосында туып өсіп, жастық шағын еңбекпен өткізіпті. Соғыстың зардабын тартып, ауыр жұмысқа жегілген. Ардагер сол шақтарда 5 сыныпта оқитын көкөрім бала екен. Соғысқа байланысты әрі қарай оқи алмапты. Әкесін және әкесімен тумалас ағаларын қан майданға аттандырған бала Дюсембай анасымен түрлі азапты тұрмысты басынан өткерген.
-Сол күндерді есіме алсам әлге дейін көзіме жас келеді, - деп бастады әңгімесін ардагер, - әлемге зұлымдығын шашқан соғыс кімдерді жылатпады.Табанымыз тілім – тілім болып, титтейімізден ауыр жұмыстарға жегілдік. Мектепті қазіргідей қарық қылып оқымадық. Мұғалім аз. Оқулық жоқ. Барлығы соғысқа аттанып кеткен. Ауылда кемпір – шалдар, балалар қалған. Сол уақыттарда бала болсақ та қолымыздан келгенше еңбек етуге тырысып, ауыр жүк салынған арбаларды тартып, вагондарға заттар жүктеп, ағаш, шөп тасып, өз үлесімізді қостық. Беліміздің қайысқанына, денеміздің ауырғанына, темір шеңгел табанымызды тілгеніне, ыстық пен суыққа да қарамастан өз жанымызды аямадық. Балалық шағымыз ауыр азаппен өтті. Бала болып ойнамадық. Ойынның орнына қолымызға күрек алып жер жырттық, арба сүйреп еңбек еттік. Ол кездерде қазіргідей көмір болмады. Балабақшаларға, мектептерге, шеберханаларға, мекемелерге ағаш тасыдық. Соғыс жылдарында небәрі 14 жаста едім. Бізді соғысқа шынықтырып, жаяу әскери полкқа даярлады. Бір аяғымыз соғысқа жақын тұрды. 10-15 шақырымға дейін ауыр  пулеметтер мен қару – жарақтарды жаяу тасыдық. Қару атуды да үйретті. Алайда, соғысқа баруға құлшынып жатқанымызда «Гитлер өлді, соғыс бітті» деген хабар жетті. Қысқа мерзімді курсқа жіберіліп, механизатор кәсібін иелеп, жүргізушілік білімін алдым. Мектептен кейін тек курсты ғана оқып бітіргенмін. Арапша да білім алғаным бар аздап. Сонымен халыққа бала шағымнан қалтқысыз қызмет еттім. Ұзақ жыл механизатор болдым. 1976 жылы өмір ағымымен Шахтинск қаласына қоныс аударып, бүгінгі күнде Новодолинский кентінде жасап келем. Жаратқан Иемізге шүкіршілік айтам, 4 ұл, 4 қыз тәрбиелеп, барлығын аяқтандырдым. Балаларымның көпшілігі әскери қызметкерлер болды. Жақсы қызметтерге тұрды. Бір ұлым кенші. Ауған соғысының ардагері, түрлі медальдардың иегері. Ұлымның есімі Айтжан. Балаларымның арасында 1 ұл, 1 қызым бақилық болып кетті. Алланың өзі беріп, өзі алды.Бірақ та олардан өрбіген немерелерім бар. Алды үйленіп, үйлі болған. Ал кейбірі университет пен институттарда білім алады. Он беске жуық немерем және шөберелерім бар. Жасым да біразға таяп қалды. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын, - деймін.
Иә, жасы тоқсанға келіп қалса да, Дюсембай Бейсеков тым ширақ, көзі де қырағы. Немере – шөберелерімен шүйіркелесіп отырған ардагер оларға ата – бабаларымыздың өсиет етіп қалдырған тарихи шежірелерін, асыл мұраларын саналарына құйып, насихат етіп отырады. Ақасақалдың үйінде болғанымызда бөлмедегі шағын кітапханасына қызықтық. Тіпті жазу үстелі де бар. Сонда отырып, газет – журнал қарап, түйгендерін немерелерімен бөліседі екен. Біз ардагердің ауыр жылдарда атқарған еңбектерімен жақын танысып, көз алдымызға 13-14 жастағы еңбексүйгіш, бейнеткеш баланың суретін елестеттік.Әсіресе, анадан бірге туса да, бұл өмірде бірге жүре алмаған тумалас бауыры, інісі Бейсембайдың тым жастай қайтыс болуы ардагерге ауыр тиіпті. Әкеден жалғыз болса да, әулетінің шаңырағын кеңейтіп, немере мен шөбереге байыған ардагерге әл – қуат тілеп, халыққа еткен еңбегіне, оның кеудесінде күннің сәулесімен жарқыраған төс белгілеріне ырза болдық.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 21.04.2015 10:01

Лента новостей

Прогноз погоды

В Шахтинске пасмурно 5°C , Влажность 33%, Давление 717, ветер 6 м/с

Курсы валют

USD 388.96
Euro 432.21
Рубль 6.09

Голосование

Есть ли у Вас электронная цифровая подпись?
Календарь Рассылка новостей Архив новостей
Система Orphus
© 2007-2019 Официальный интернет-ресурс акимата города Шахтинска При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Яндекс.Метрика
© 2019 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»
На главную
Назад
Қаз Рус Eng Наверх