www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Өз бетінше жер иеленгендер жазаланады

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары және ҚР Бас прокуроры бекіткен «Жер заңы бойынша өздігінен басып алуды тоқтатайық» жобасын жүзеге асыру мақсатында  жоспарды орындау шеңберінде 2017 жылы облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы тарапынан жер учаскесіне қатысты мемлекеттік меншік құқығын бұзған 66 субъект анықталды.

Жоғарыда аталған жер учаскелерін заңсыз иеленгендердің жер көлемі – 8,9 га құрады, оларға 10 млн 140 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды. Өткен жылы Қарағанды қаласының әкімдігімен бірлесіп, ҚР Жер кодексінің 164 - 1 бабының 2 тармағына сәйкес, көлемі - 0,2661 га мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген, жер құрамынан өз бетінше иеленіп алынған жер учаскелерін қайтару талап етілді,  өз бетінше иеленіп алынған жер учаскесін босату туралы 6 субъектіге қатысты сот шешімі шығарылды.

Мәселен, былтыр Қарағанды қаласының №3 Октябрский аудандық сотының шешімімен Октябрский ауданының Зелинский көшесі, 32/2, бұрынғы «Буратино» шағын базары мекен-жайында орналасқан учаскедегі барлық құрылыстарды бұзуды  іске асыру жолымен жер учаскесі босатылды және қайтарып алынды.

Жер учаскесін өз бетінше иеленудің және құқық белгілейтін құжаттарсыз заңсыз құрылыс салу жағдайының соңы Шахтинск азаматтары мен заңды тұлғалары неге әкеп соғатынын сезінуі керек. Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамасында жер учаскесін өз бетінше иеленіп алғаны үшін шаралар қарастырылған. ҚР Жер Кодексі туралы 10 бабы 43 тармағында келесі түсінік беріледі: жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу - жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының рұқсатынсыз бөтен жер учаскесін иелену, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскесін Қазақстан Республикасы үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиісті шешімінсіз өз бетінше иеленуге болмайды.

Жерді пайдалану мен қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәжірибесінде көрсетті, яғни жеке тұлғалар жер учаскесін құрылыс салып, жер жұмыстарын және басқа мақсатта құқықты белгілейтін құжаттарсыз заңды бұза отырып, пайдаланады (соның ішінде тек ұсыныстық сипаты бар және құқықты белгілейтін құжат болып табылмайтын, онда жер комиссиясының оң шешімі бар, жер учаскесін пайдалану).

ҚР Жер Кодексінің 10 бабы 43 тармағының нормаларына сәйкес, егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, Астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау - жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады. Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 136 бабының нормаларына сәйкес, жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзатын  жер учаскелерін заңсыз иелену - айыппұл салуға әкеп соғады:

- жеке тұлғаларға - 75 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде;

- лауазымды тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде;

- орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде;

- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - 700 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде.

Барлық туындаған мәселелер бойынша 8(7212) 47-82-25 сенім телефонына қоңырау шалыңыз немесе азаматтардың өтініштері мен шағымдарына арналған басқарманың https://zem-krg.gov.kz сайтына, «Жер заңы бойынша» бөліміне жазыңыз. Сонымен қатар, жер бойынша заңсыздық анықталған жағдайда жергілікті қаланың, ауданның, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне өтініш беруіңізге болады.

 

Шахтинск қаласының жер қатынастары,

сәулет және қала құрылысы бөлімі


Размещение информации: 23.05.2018 10:45

Последнее изменение информации: 23.05.2018 10:51

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 25°C , ылғал 31%, қысым 717, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.34
Euro 427.25
Рубль 5.88

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары