www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Мақсаты:
Қазақстан Республикасы  азаматтарының денсаулығын нығайту және еліміздің әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтаудың тиімді жүйесін қалыптастыру.
Жүзеге асыру бағыттары:
- Азаматтардың денсаулығын қорғау мәселесінде секораралық және ведомствоаралық өзара ықпалдастықтың тиімділігін арттыру;
- Басты әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу жұмыстарын, скринингтік зерттеулерді, диагностиканы жетілдіру, емдеу мен сауықтыруды күшейту;
- Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысын жетілдіру;
- Денсаулық сақтаудың біртұтас ұлттық жүйесіндегі медициналық көмектің ұйымдастыруын, басқаруы мен қаржыландыруын жетілдіру;
- Медициналық және фармацевтикалық білім беруді жетілдіру, медицинада инновациялық технологияларды енгізу мен дамыту;
- Халыққа арналған дәрі-дәрмектің сапасы мен қол жетімділігін арттыру.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?:

  • Дәрігерді, медициналық ұйымды, жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмек пен дәріхананы еркін таңдау мүмкіндігі қамтамасыз етілді, сондай-ақ елімізде өндірілген дәрі-дәрмекке қол жеткізу мүмкіндігі оңайлатылды;
  • Әлеуметтік жұмысшылар институтын енгізу негізінде медициналық-әлеуметтік мәселелерді (гигиена, тамақтану, аурулардың алдын алу және т.с.с.) шешуге көңіл бөлінді;
  • Дәрі-дәрмек пен тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қадағалаудың қазіргі заманғы жүйесін енгізу арқылы дәрі-дәрмек пен тағамдық өнімдердің сапасы артты;
  • Салауатты өмір салтын (СӨС) ұстануға барынша жағдай жасалып, мол мүмкіндіктер ұсынылуда – фитнес-орталықтар   мен спорт клубтары қолжетімді бола бастады;
  • Емдеу мен диагностиканың халықаралық стандарттарын енгізу арқылы емделудің сапа деңгейі мен қауіпсіздігі жоғарылады, оның ішінде пневмококкалық инфекцияға қарсы вакцинациялауды енгізу арқылы балалардың пневмониядан  ауруы (50 пайызға) мен өлімге ұшырауы (20 пайызға) төмендетілді.

Таблица:
Мемлекеттік бағдарламаның басты басымдылықтары
ДСБҰЖ
Медициналық білім беру мен ғылым –
Жоғары кәсіби білім мен университеттік ғылымның халықаралық жүйесіне кірігу (интеграциялану)
Арнайы медициналық көмек –
Емдеу мен диагностиканың халықаралық стандарттарын қолдану негізінде нәтижесіне қарай қаржыландырылатын,  қазіргі заманғы көпсалалы ауруханалар
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек –
Әлеуметтік бағытталған БМСК (Бастапқы медициналық-санитариялық көмек),
Аурудың алдын алуға бағытталу (Ұлттық скринингтер)
Қоғамдық денсаулық қорғау мәселесіндегі сектораралық өзара әріптестік (14 орталық және 16 жергілікті атқарушы органдар, ҮЕҰ, БАҚ жұмылдырылған) –
Қоғамдық денсаулық  қорғау мәселесіндегі сектораралық және ведомствоаралық өзара ықпалдастықтың біртұтас ұлттық саясаты

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ НЕ БЕРЕДІ:

  • Атқарылған жұмыстың көлемі мен оның нәтижесіне қарамастан көбірек пайда табуға көмектеседі және жұмысқа жақсы жағдай жасалады.
  • Кәсіби біліктілікті арттырудың мол мүмкіндігі. Оның ішінде шетелде кәсіби біліктілікті арттыру.
  • Заманға сай жабдықтармен жұмыс істеудің және жаңа технологияларды пайдаланудың зор мүмкіндігі.
  • Денсаулық сақтау мекемелерінің дербестігін арттыру мен менеджментін жақсарту есебінен Үкіметтік бақылау-қадағалау қызметтерінің жүктемелерін жеңілдету.
  •  Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жолымен денсаулық сақтау саласына қаржыландырудың қосымша көздері тартылатын болады.


МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ МЕМЛЕКЕТКЕ НЕ БЕРЕДІ:

  • Мүгедектік пен азаматтардың мезгілсіз дүниеден өтуін, сондай-ақ, қоғамның әртүрлі тікелей және жанама аурулардан аулақ қылу арқылы Қазақстан экономикасының өсуіне сүбелі үлес қосу.
  • Азаматтардың денсаулығын нығайту мен қорғау төңірегіндегі мәселелерді шешу жолындағы мемлекет, медицина қызмет көрсетушілердің, жұмыс берушілердің және азаматтардың мүдделері мен жауапкершілігінің тиімді балансы қамтамасыз етілген.
  • Тәуекелді басқарудың жаңа жүйесін жасаудың арқасында фармацевтикалық қызмет, медицина және санитарлық-эпидемиологиялық мәселелері төңірегінде тиімді бақылау қалыптасқан.
  • Денсаулық сақтауға жаңа қаржылық табыс көздері тартылған: мемлекеттік-жекеменшік серіктестік, азаматтардың жинақ шоты, ерікті медициналық сақтандыру.
  • Денсаулық сақтау мекемелерінің дербестігін арттыру мен менеджментті жақсарту есебінен Үкіметтік бақылау-қадағалау қызметтерінің жүктемелері жеңілдетілді.

***

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ  БІРІНШІ БАҒЫТЫ:

  • халық денсаулығын нығайтуға бағытталған ведомствоаралық шараларды іске асыру жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды бірыңғай бюджеттік жіктеуге енгізу («Жол картасы» типі бойынша)
  • қоғамдық денсаулықты қорғау мәселелері жөніндегі 7 (жеті) сектораралық бағдарламаны іске асыру
  • бизнес-құрылымдар мен ҮЕҰ-ны қоғамдық денсаулық саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жұмылдырудың тиімді тетіктерін келісе отырып жасау мен енгізу

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЕКІНШІ БАҒЫТЫ:
Профилактикалық шараларды, скринингтік зерттеулерді күшейту, диагностиканы, емдеуді және әлеуметтік маңызы бар негізі ауруларды сауықтыруды жетілдіру
Міндеттер:

  • ана мен бала денсаулығын және репродуктивті денсаулықты нығайту
  • диагностиканы, емдеуді және әлеуметтік маңызы бар негізгі ауруларды сауықтыруды жетілдіру
  • егде жастағы адамдарға арналған медициналық көмек көрсетуді (геронтологиялық және гериартриялық көмек) жетілдіру

Маңызды аспектілер:

  • халықтың нысаналы топтары үшін (балалар, жасөспірімдер, репродуктивті жастағы әйелдер, тәуекел топтары) Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына негізделген Ұлттық скринингтік бағдарламалар кешенін құрастыру мен енгізу
  • профилактикалық бағдарламалардың тиімділігіне мониторинг жүргізуге арналған индикаторлар жүйесін жасау мен енгізу
  • халықаралық талаптарға сәйкестік негізінде диагностика мен емдеудің инновациялық әдістемесін одан әрі енгізу

Нысаналы индикаторлар:

  • 2015 жылға қарай өмір сүру ұзақтығын 70 жасқа дейін ұзарту
  • өлім-жітімінің жалпы коэффициентін 15%-ға төмендету
  • балалар өлімі көрсеткішін 1,5 есе төмендету
  • аналар өлімі көрсеткішін 1,5 есе төмендету

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҮШІНШІ БАҒЫТЫ:
Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметін жетілдіру
Міндеттер:

  • мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін басқаруды жетілдіру
  • мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың тиімділігін арттыру


Маңызды аспектілер:

  • инфекциялық бақылау жүйесіне халықаралық стандарттарды енгізу (аса қауіпті инфекциялар, вирустық гепатиттер, ВИЧ) және инфекциялық емес ауруларды, соның ішінде, кәсіби ауруларды бақылау жүйесін жетілдіру
  • отандық медициналық иммунобиологиялық препараттар өндірісін кеңейту
  • Ұлттық екпелер күнтізбесін жетілдіру (балаларды пневмококктық инфекцияға қарсы вакцинациялауды енгізу)

Нысаналы индикаторлар:

  • қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің үлес салмағын 2008 жылы 2,7%-ға, 2015 жылы 1%-ға төмендету
  • 2015 жылға қарай медициналық иммунобиологиялық препараттар өндірісі бойынша отандық база құрылатын болады
  • балалардың пневмония ауруын 2015 жылға қарай 50%-ға, өлім-жітім көрсеткішін 20%-ға төмендету

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨРТІНШІ БАҒЫТЫ:
Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастыру, басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру
Міндеттер:

  • денсаулық сақтаудың бастапқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту басымдықтарына негізделген тиімді жүйесін қалыптастыру
  • денсаулық сақтау саласындағы басқару мен менеджмент жүйесін жетілдіру
  • денсаулық сақтау саласын қаржыландыру тетіктерін жетілдіру
  • денсаулық сақтау мекемелерін жабдықтау, озық медициналық техникамен қызмет көрсету және оларды қолдану жүйесін қалыптастыру
  • медициналық көмектің жоғары сапалы және қолжетімді болуын қамтамасыз ету

Маңызды аспектілер:

  • әлеуметтік жұмысшылар мен психологтар қызметін енгізумен бірге бастапқы медициналық-санитариялық көмектің әлеуметтік бейімделген моделін жасау
  • бастапқы медициналық-санитариялық көмекті қаржыландыру жүйесін жетілдіру: жан басына шаққандағы екікомпонентті норматив, қорды ішінара ұстау
  • Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін төлем төлеу тетіктерін енгізумен бірге одан әрі дамыту
  • корпоративтік басқару жүйесі қағидаларын енгізумен бірге денсаулық сақтау саласы мемлекеттік мекемелерінің дербестігін арттыру
  • орта буын медициналық қызметкерлердің ролін арттыру мен парамедиктер институтын енгізуді көздейтін Кадрлық ресурсты басқарудың ұлттық бағдарламасын жасау
  • көлік медицинасын, соның ішінде, науқастарды әуемен тасымалдауды дамытумен бірге денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын жетілдіру
  • жабдықтарды жеткізудің лизингтік тетіктері мен қызмет көрсету келісімшарттары жүйесін жетілдірумен бірге медициналық техникалармен қамтамасыз ету мен олардың сервисін орталықтандыру жөніндегі үйлестіру орталығын құру

Нысаналы индикаторлар:

  • тегін медициналық көмектің кепіл берілген көлемі үшін 30%-ға дейін бөлінетін қаржының жалпы көлемінен бастапқы медициналық-санитариялық көмектің шығындар деңгейін арттыру
  • төсекпен қамтамасыз ету көрсеткішін 10 мың тұрғынға 60-тан келетіндей етіп төмендету
  • 2015 жылға қарай дәрігер мен медициналық мекемені еркін таңдау мен азаматтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік таныту жүйесі енгізіледі

Медициналық жұмысшылардың беделі мен әлеуметтік мәртебесін арттыру
Еңбекақы төлеу мен мотивация

  • жұмыстың көлемі мен сапасына тәуелді
  • ынталандыру бөлшектерімен адам басына шақтап қаржыландыру
  • ауылға жас мамандарды бекіту мен ауылдағы медициналық жұмысшыларға жеңілдіктер ұсыну тетіктері (баспана, көтерме ақы және басқа) іске асырылды

Кәсіби біліктілік:

  • біліктілікті арттыру, соның ішінде, шетелде білім жетілдірудің мол мүмкіндіктері
  • маман даярлау мен қайта даярлаудың үздік стандарттары (симуляция орталықтары)

Медициналық жұмысшылар құқын қорғау:

  • медициналық жұмысшылар құқын регламенттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
  • медициналық жұмысшылардың кәсіби бірлестіктерінің (қауымдастықтар) ролін арттыру мен оларды қолдау
  • медициналық жұмысшыларды әлеуметтік қорғау бойынша тетіктерді жасау мен енгізу

Көлік медицинасы, соның ішінде, науқастарды әуемен тасымалдау
Мына нәрселерді қамтамасыз ететін жүйе жасалады:

  • әрекет етудің жеделдігі мен тасымалдау кезінде медициналық жәрдемді шұғыл көрсету
  • шалғай ауылдық аудандарға қолжетімділік
  • білікті медициналық қызметкерлер
  • қазіргі заманғы құралдармен жабдықталған көліктер

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ БЕСІНШІ БАҒЫТЫ:
Медициналық, фармацевтикалық білім беруді жетілдіру, медицинаға инновациялық технологияларды енгізу.
Міндеттер:

  • дипломға дейінгі, дипломнан кейінгі білім беруді және денсаулық сақтау саласы мамандарын кәсіби тұрғыдан үздіксіз дамыту жүйесін жетілдіру
  • денсаулық сақтау саласында ғылымды одан әрі дамыту және инновациялық технологияларды енгізу

Маңызды аспектілер:

  • жоғары кәсіби білім берудің халықаралық жүйесіне кірігу: бакалавриат, магистратура, докторантура phD (4-5 жыл + 1-2 жыл + 3 жыл)
  • жас медициналық кадрларды бекітудің жаңа тетіктерін іске асыру, әсіресе, ауылда
  • медициналық білім беру мекемелері түлектері мен іс-тәжірибеден өтіп жүрген медициналық жұмысшылардың білімі мен дағдыларын бағалаудың тәуелсіз институтын енгізу
  • Жаңа университет базасында Өмір туралы ғылым орталығын құру
  • денсаулық сақтау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың гранттық жүйесін дамыту
  • мультиорталықтық ғылыми зерттеулерді дамыту

Нысаналы индикаторлар:

  • практикалық дағдыларды жұмыспен өтеуге арналған аймақтық симуляциялық орталықтар құру
  •  шетел басылымдарында жарияланымдар мен патенттердің үлесін арттыру

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ АЛТЫНШЫ БАҒЫТЫ:
Тұрғындар үшін дәрі-дәрмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру
Міндеттер:

  • тұрғындарды сапалы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру
  • дәрі-дәрмектер, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалар айналымы саласында сапаны бақылау жүйесін жетілдіру
  • халықаралық стандарттарға сай келетін отандық дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар мен медициналық техникалар өндірісін дамытуға ықпал ету

Маңызды аспектілер:

  • сертификация және дәрі-дәрмектерді бақылау жөніндегі мемлекеттік зертханаларды халықаралық аккредитациялау
  • науқастарға дәрі-дәрмектер мен дәріханаларды таңдау құқығын ұсыну арқылы тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған жеңілдіктерді монетизациялау

Нысаналы индикаторлар:

  • 2015 жылға қарай фармацевтикалық нарықтың жалпы көлемінде отандық дәрі-дәрмектің үлесін 50%-ға дейін арттыру
  • тиісті өндірістік тәжірибеде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін отандық дәрі-дәрмектің үлесін арттыру
  • 2015 жылға қарай барлық сынақ зертханалары халықаралық стандарттарға сай келетін болады

Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 41%, қысым 715, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 378.38
Euro 431.05
Рубль 6.02

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары