www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Умирбеков

Шахан кенті әкіміне кандидаттың  сайлауалды бағдарламасы
Умирбеков Ғалым Алдыбайұлы
Өмірбаян

981 жылдың 26 сәуірінде Жамбыл облысы, Меркенский ауданында дүниеге келдім. Үйленгенмін, 2 перзенттің әкесімін.
Еңбек жолымды 2003 жылы Шахтинск қаласының қорғаныс бөлімінде жүргізуші болып бастадым;
- 2005-2006 жылдар аралығында «Шахтинск қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-де маман болып жұмыс істедім; 
- 2006 жылдан 2008 жылға дейін «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-де бас маман болдым;
- 2008-2012 жылдарда «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-сі және «Приозерск қаласының кәсіпкерлік бөлімі»ММ-де басшы лауазымдарын атқардым;
- 2013-2014 жылдарда «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-де газбен қамтамасыз ету және энергияны үнемдеу бөлімінің басшысы болып жұмыс істедім;
- 2014 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры қызметін атқарып келемін.

Сайлауалды бағдарлама
Қоғамымыздың азаматы ретінде аймағымыздың дамуы мен өркендеуіне өз үлесімді қосу өте маңызды, сондықтан да жергілікті атқарушы органдары мен қоғамның назарын талап ететін мәселелерді шешу үшін Шахан кентінің әкімі лауазымына өз кандидатурамды ұсынып, дауысқа түсуді азаматтық парызым деп санадым. 
Өзімнің мемлекеттік қызметтегі-экономика, әлеуметтік және коммуналдық саладағы 12 жыл жұмыс  барысымда, жұмыстан тыс кездерде де алдыма қойған міндеттерді шешуге ұмтылдым. Білімім мен жұмыс тәжірибемді Шахан кентінің мүддесіне жұмсауға, алдағы уақытта оған қатысты көкейтесті мәселелерді шешуге пайдаланамын деп жоспарлаудамын.
Шахан кенті әкімінің лауазымына сайлануға дауысқа түсу жөніндегі қабылдаған шешімім қоғамға, халыққа, барлықтарыңызға қызмет етумен қатар, Шахан кентін өркендету, сондай ақ, кентті Шахтинск аймағы кенттерінің  алдыңғы сапына шығару ықыласымнан туындап отыр.  
Сайлауға түсудегі мақсатым-Шахан кенті тұрғындарының, мемлекеттік, кәсіпкерлік, әлеуметтік, коммуналдық салаларындағы өзекті мәселелерін шешуде азаматтық позициямды танытқым келеді.Оларды шешу үшін өзімнің барлық жұмыс тәжірибемді, білімім мен күшімді сарп етемін. 
Бүгінгі менің сайлауалды бағдарламамда әлеуметтік, экономикалық, коммуналдық және мәдени салалардағы мәселелерді шешешуге бағытталған қадамдар айқындалған.Осы бағыттардың әр қайсысының маңыздылығын қарастыра отырып, кент тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешуді бірінші орынға қойдым.
Менің өмірлік ұстанымым жүзеге асырылатын болжамдарды жоспарлау, алдыма қойған мақсаттарға жету және берген уәделерімді орындау болып табылады. Бұл туралы көпшіліктеріңіз білесіздер, себебі жұмыс барысынды бір-бірімізге қол ұшын беріп  отырдық.
Егер мен Шахан кентінің әкімі болған жағдайда жұмыс барысындағы бағдарламам келесі міндеттерді шешуге бағытталатын болады:
Әлеуметтік салада:
- жұмыссыздарға - халықты жұмыспен қамту сұрақтарын шешу;
- зейнеткерлерге – қоғамнан ілтипат пен қамқорлық білдіру;
- кент тұрғындарына – қажетті медициналық көмекті алу, оның ішінде қолданыстағы заңнама  шегінде тегін;
- жастарға – сапалы білім алуға кепілдік, оның ішінде тегін, міндетті түрде алғашқы жұмыспен қамту, өзін-өзі дамытуы және әрі қарай кәсіби өсуі үшін жағдай жасау;
- салауатты өмір салты – балалар мен бұқаралық спортты дамыту және көмек көрсету;
Білім саласында:
Ағымдағы жылда білім саласына баса назар аударылады. Әрине, біздің болашағымыз балаларымыздың білімі қаншалықты сапалы және қолжетімді болатынына байланысты екендігін түсінеміз. Өз жағымнан бұл  саланы дамыту шексіз бюджеттік қаржыландыру арқылы ғана шешіле алмайтынын, мұнда әкім мен бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен тығыз жұмыс болуы қажет екендігін айта аламын.  Тек әкім ғана өз тарапынан білім бөлімінің әкімшісіне кент тұрғындарының қалаулары мен үміттерін жеткізе алады. Бүгінгі күнде білім  бөлімінің №2 және  №12 жалпы білім беретін мектептерінің  жөндеу жұмыстарын ұйымдастырып, (№2 – 13,0 млн теңге, №12 – 50,0 млн теңге, «Березка» балабақшасы – 1,7 млн теңге) аталған мектептеріне заманауи компьютерлік құралдар, физика мен роботты техника кабинеттерін сатып алу бойынша атқарылып жатқан үлкен жұмыстарға қарамастан, келер жылда балабақшаға көңіл аударып, қажетті жөндеу жұмыстарын өткізуді (2018 жылға 20,1 млн теңге) өз басшылығыма аламын, заманауи мектепке дейінгі білім беру ушін осы балабақшаға интерактивті тақта орнатуды (2018 жылы – 0,5 млн теңге, компьютер – 162 мың теңге) уәде етемін.
Экономика саласында:
- жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында кентке инвестиция тарту;
-шағын және орта бизнеске қолдау көрсету (2020 БЖК мемлекеттік бағдардамасын, бұқаралық кәсіпкерлікті, жұмыспен қамтуды дамыту және ауыл шаруашылықты қолдау бағдарламаларын, басқа да бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру арқылы).
Коммуналдық салада:
- электр қуатымен қамтамасыз ету сапасын жақсарту қажет;
- сумен, кәріз жүйесімен қамтамасыз ету;
- автомобиль жолдарын жөндеу;
- қалааралық автобус бағытын қамтамасыз ету;
- кент тазалығы (кенттің жасыл аймағын заңсыз қоқыс тастаудан санитарлық тазалау және тұрғын үй аймақтарында санитарлық жағдайдың сақталуын қамтамасыз ету);
- кент тұрғындарының тұрғын үй-коммуналдық жағдайын жақсарту;
- ең бастысы бұл қазаңдық құрылысы, бугінгі таңда Шахан кентінде жертөлелерден АЖЖ қазандықтарын  шығару және қазандықтар үшін бөлек ғимараттарды салу болып табылады.
Шахан кентінде 117 көпқабатты үйлер және 815 жеке сектордағы үйлер бар болуын ескерсек, үй-жайлар иелерiнiң кооперативтерiн құру бойынша жұмысты жолға қою керек, яғни тұрғын үй қорын ұстау мен жаңдандыруды жоғары деңгейге көтеру қажет деп ойлаймын. Мәселені заңды түрде шешу арқылы көптеген проблемалардың алдын алуға болады, үй-жайлар иелерiнiң кооперативтерiн құру тұрғын үйді модернизациялау бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде көпқабатты үйлердегі тұрғын үй қорын жөндеу бойынша өзекті мәселені шешеді.
Жыл сайын кент әкімінің тұрғындар алдыңдағы есеп беру жиынына бөлім басшысы ретінде қатысқанымда,  кент тұрғындарын бос тұрған көпқабатты үйлердің (бұрынғы «Грэйс») пайдаланылмауы алаңдататынын байқадым. Шахтинск аймағында кәсіпкерлермен жұмыс істеу тәжірибеме қарай заңды түрде пайдалану бойынша ғимаратты сақтау мен кентке инвестицияларды тарту мақсатында бірнеше амалдар ұсына аламын (офистер, балалар үйірмелері, секциялар, кафетерий және т.б.). Осы мәселені сауатты шешу кенттің жұмыссыз тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесін шешеді, сондай- ақ әйел қауымының. 
Мәдениет саласында:
- ұлттық мәдениетті әрі қарай дамыту;
- жастар бастамаларын қолдау;
- спорттық алаңдарды салу жұмысын жалғастыру;
- қоғамда адамгершілік құндылықтарын бекіту, бейморальді қылықтармен, қатыгездікпен, маскүнемдікпен және нашақорлықпен күресу.
Кент тұрғындары үшін өзекті мәселелердің бірі- учаскелік полиция жұмысы болып табылады. Әрине, уческелік полиция ғимаратын жөндеу мен қаржыландыруды ұлғайту оңай емес, себебі қаржыландыру облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылады, бірақ шешілмейтін мәселе жоқ. Кент әкімі бірінші кезекте кент аймағында тұрақты жағдайдын сақталуына мүдделі болу керек, осыған орай, оның осы мәселені кезең-кезеңімен оң шешу үшін облыстық құрылымдармен тығыз қарым-қатынас жасауы тиіс.   
Басты мақсатым-біздің аймағымыздың тұрғындарына пайдалы болу және сайлауалды бағдарламамда көрсетілген міндеттерді орындау болып табылады.
Жастығыма қарамастан алдыма қойған міндеттерді шешуге дайынмын. Сенімдеріңіз бен қолдауларыңызға, әсіресе кент тұрғындарының қолдауына шын ниетпен үміттімін.
Сіздердің маған деген барлық  өтінімдеріңіз қараусыз қалмайтын болады. Мен алдыма қойған барлық проблемаларды нақты шешуге тырысамын. Біз бірге болған жағдайда ғана мықты бола аламыз. Біз барлығымыз да – жұмыскер, студент, ұстаз бен дәрігер, үй шаруасындағылар, мемлекеттік қызметшілер аймағымыздың дамуы мен балаларымыздың болашағы үшін жауаптымыз.
Қазақстан - біздің ортақ үйіміз және оның қандай болуын тек біз шешеміз!


 


Размещение информации: 07.08.2017 12:05

Последнее изменение информации: 07.08.2017 12:05

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 15°C , ылғал 45%, қысым 713, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.52
Euro 429.21
Рубль 6.07

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары