www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Нажмиден

Шахан кентіәкіміне кандидаттың сайлауалды бағдарламасы
Нажмиден Акетай Маралұлы
Өмірбаян
Мен,Нажмиден Акетай Маралұлы, 1986 жылдың 19 маусымында Шахтинск қаласында дүниеге келдім.
Туғаннан осы күнге дейін Шахан кентінің түрғынымын. 1993 жылы №14 жалпы білім беру мектебінің оқушысы атандым, 2004 жылы мектепті аяқтадым.
Алғашқы кәсібі дипломды 2004-2008 жылдары оқыған Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде «Техникалық физика» мамандығы бакалавры бойынша алдым.
2008 жылдың қыркүйек-қазан айларында АҚ «Шахтинск ЖЭО»турбина цехы слесары мамандығы бойынша жұмыс атқардым. 2008 жылдың қараша айынан 2009 жылдың қараша айына дейін Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі қатарында әскері борышымды өтедім. 2012-2013 жылдары «Юриспруденция» мамандығы бойынша Қарағанды Экономикалық Университетінде екінші жоғарғы білім алдым.
2010 жылы «Шахан кенті әкімі аппаратына» коммуналдық сұрақтар бойынша жетекші маман болып мемлекеттік қызметке қабылдандым. 2013 жылдан бүгінгі күнге дейін Шахан кенті әкімінің орынбасары міндетін атқарып келемін.
2011 жылдың ақпан айынан «НұрОтан» партиясының мүшесімін.

Сайлауалды бағдарламасы
Қазақстан Республикасы заңдары мен Конституциясына сай халқым мен туған кентімнің игілігіне жұмыс атқарамын және атқарып келемін.
Негізгі мақсатым ретінде бар ынта-жігерімді жерлестерімнің өмір сүру жағдайын көркейтуге,ұлтаралық және ұлтішілік келісімді сақтауға бағыттаймын.
ҚР Аймақтарды дамыту 2020 бағдарламасы, «Қазақстан-2050» стратегиялық жоспары мен ҚР Президентінің халыққа жолдауы аясында кентімізде жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыссыздық көрсеткіштерін төмендетуді көздеймін.
Аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша мына бағыттарда жұмыс жасауды көздеймін:
1.Кентімізді дамыту, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Кентті көгалдандыру мен санитарлық тазарту, абаттандыру, көшелерді жарықтандыру. Қараусыз қалған нысандарға байланысты мәселені шешу. Кіші архитектіралық құрылымдар мен қоршауларды,спорттық кешендерді  абаттандыру. Кентішілік жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізу. Шахан кентіне бағытталған облыстық көлікжолдары торабынның жөнделуіне үлес қосу. Жер телімдерінің ЖТҚ құрылысына берілуі мен инфрақұрылымның жүргізілуі мәселесін шешу. ҚР заңнамасына сәйкес бос пәтерлер мәселесін мұқтаж тұрғындарға кезекке сәйкес үйлестірілуін қадағалау арқылы шеімін табу.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы аясында жұмыс жасап, ауыл шаруашылығын дамытуды көздеймін.
2. Барлық ынтамызды кентіміздің тұрғындары үшінқымбат емес,ең бастысы қауіпсіз орталық жылумен қамту жүйесін қосуға салу.
3. Кентіміздегі мамандардың кәсіби біліктілген арттыру мақсатында жұмыс атқару, жас мамандар мен кентімізге келген мамандарға қолдау көрсету, үймен қамту мәселесін қолға алу.
4. Кенттің  көркеюі мақсатында жоспарлы түрде өзін-өзі басқару бағытының дамуы бойынша жұмыс атқару.
5.Кенттегі жаңа жұмыс орындарын ашу мен экономикалық өрістету мақсатында инвестициялық жобалар тарту арқылы кіші және орта бизнестің дамуына жол ашу.
6.«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуды  2017 – 2025  жылдарға арналған»  жаңа бағдарлама аясында тұрғындарды жұмыспен қамту,кәсіби біліктілігін арттыру.
7. Кенттегі ірі кәсіпорындармен аймақты көркейту мен тұрғындарын өмір сүру деңгейін көтері мақсатында тығыз байланыс орнату.
8.Азқамтылған отбасылар,соғыс және тыл ардагерлеріне қолдау көрсету.Спорт және спорт нышандарын дамыту,салауатты өмір салтын насихаттау.
Маңызды стратегиялық және күнделікті мәселелерді шешу жолында үнемі өз білім және тәжірибе деңгейімді жоғарлатып тұрамын. Туған кентімнің барлық ішкі мәселелерін біле тұра,жоғарыда таныстырып өткен бағдарламаны  кент тұрғындары мен жергілікті бірлестік мүшелерінің белсенді қолдауы мен сенімі арқасында жүзеге асыруға дайынмын.


 


Размещение информации: 07.08.2017 12:04

Последнее изменение информации: 07.08.2017 12:04

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 19°C , ылғал 33%, қысым 710, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары