www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Жакупов

Шахан кенті әкіміне кандидаттың сайлауалды бағдарламасы
Жакупов  Мұрат Асанұлы
Өмірбаян
Жакупов Мұрат Асанұлы 1959 жылдың 24 қыркүйегінде дүниеге келген. Қарағанды педагогикалық институтын дене тәрбиесі мамандығы бойынша бітірген.
Абай ауданы Құлаайғыр ауылының әкімі, Шет ауданының әкімі аппаратының басшысы, Шет ауданының Дарья кентінің әкімі, Абай ауданына қарасты Сарепта ауылының әкімі қызметтерін атқарған.
2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Шахан кентінің әкімі лауазымында еңбек етіп келеді.

Сайлауалды бағдарлама
Шахан кентінде бірқатар проблемалық мәселелер бар:
- көпқабатты үйлердің жертөлесінен автономдық жылыту жүйелерін шығару;
- орталық жылыту қазандығын салу;
Аулаларды және жарығы жоқ көшелерді жарықтандыру;
- кентішілік жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- бос қалған көпқабатты үйлерді қалпына келтіру;
- тіркеу мәселесін шешу;
- жас мамандар мен кентімізге келген мамандарға қолдау көрсету, арендалық үймен қамту мәселесін қарастыру;
- кент аумағында мал жаю үшін жердің жоқтығы;
- кент зираттары орналасқан жердін рәсімделмегендігі;
- әлеуметтік павильонның жоқтығы;
- кентте кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау үшін электрэнергиясы мен судың бағасын арзандату мәселесін шешу қажет;
- кент аумағында «КРЭК» ЖШС филиалын құру;
- тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін  контейнерлер орналастыру;
- кент стадионының жөндеу жұмыстарын аяқтау;
- жастар мен әйелдерді жұмыспен қамту мәселесін шешу;
- жастардың демалуы үшін орын қарастыру: жастар клубы, дискотекалар өткізу, караоке клубы, т.б.
- «Д»–есептегі ауруларға тегін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі.
Осы шақта Шахан кентінде 117 көпқабатты үйлер, 815 жеке секторлы үйлер бар.  Осыдан 5-қабатты тұрғын үйлердің 19-на 17 АЖЖ орнатылған. Ағымдағы жылдың сәуір-қыркүйек айларында қайырымдылық қаржы есебінен жертөлелерден 14 АЖЖ далаға шығару жұмыстары жүргізілуде. Қазандықтардың жұмысын біліктілікпен ұйымдастыруда қызмет көрсету персоналдарын «қазандық қоңдырғыларының машинисі (от жағушы)» мамандығына тегін оқытуға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.  Сондай-ақ, кентте орталық қазандық салу бойынша жобалы-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Шахан кентін абаттандыру шегінде кентішілік жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізу. Шахан кентіне бағытталған облыстық көлікжолдары торабының жөнделуіне үлес қосу. Жер телімдерінің ЖТҚ құрылысына берілуі мен инфрақұрылымның жүргізілуі мәселесін шешу. Кентті көркейту мақсатында жоспарлы түрде өзін-өзі басқару бағытын дамыту бойынша жұмыс атқару. Кентімізді дамыту, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Кентті көгалдандыру мен санитарлық тазарту, абаттандыру, көшелерді жарықтандыру. Қараусыз қалған нысандарға байланысты мәселені шешу. Кіші архитектуралық құрылымдар мен қоршауларды, спорттық кешендерді абаттандыру.
Шахан кентінде адамдардың жаппай кетуіне байланысты көпқабатты үйлердегі көп пәтерлер қаңырап бос қалған. Осыған орай, бос пәтерлерді жөндеу мәселесін қарастырып, тұрғын үйге мұқтаждардың кезекке сәйкес үйлестірілуін қадағалау арқылы шешімін табуға көмектесемін. Кентіміздегі мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында жұмыс атқару,  Шахан кентіне жас мамандарды тарту және кентімізге келген мамандарға қолдау көрсету, үймен қамту мәселесін қолға аламын.
Шахан кентінің маңайындағы жерлердің негізгі бөлігі Бұқар жырау ауданына қарасты болып келеді, осыған байланысты кент аумағында мал жаю үшін жердің тапшылығы туындайды. Кент зираттары орналасқан жер ешқандай баланста  рәсімделмеген. Осы мәселені шешу үшін қаржы бөлуді қарастыру қажет. 
Шахан кенті тұрғындарының шексіз шағымдарына байланысты әлеуметтік павильон және тұрмыстық қалдықтарды жинау контейнерлерін орналастыру жоспарлануда.
Авария салдарынан электрэенергиясы өшіп қалған жағдайда тез шешім қабылдау мақсатында кент аумағында «КРЭК» ЖШС филиалын ашу маңызды мәселеге айналып отыр.
Жастар саясатын жүзеге асыру аясында жастардың демалысы үшін орын қарастыру: жастар клубы, дискотекалардың  өту орны, караоке клубы, т.б.
«Д» – есептегі ауруларға тегін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін төмендету мақсатында тапсырыстарға сай барлық мұқтаж адамдарды есепке ала отырып, тарату мәселесін оңтайлы шешу.
Осы айтылған мәселелер мен проблемалар шешімді талап етеді, сондықтан үстінде бар ынтаммен жұмыс атқаратын боламын.
 


 


Размещение информации: 07.08.2017 12:02

Последнее изменение информации: 07.08.2017 12:03

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 25%, қысым 712, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.34
Euro 427.25
Рубль 5.88

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары