www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Тусупов

Новодолинский кенті әкіміне кандидаттың сайлауалды бағдарламасы
Тусупов  Арман Саткенұлы
Өмірбаян
1973 жылдың 2 тамызында Қарағанды облысы, Нұра ауданының Захаровка селосында  дүниеге келген.  Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты қазақ.
Білімі жоғары. Білімі бойынша мамандығы «дене шынықтыру және спорт пәнінің мұғалімі». Қазіргі кезде Новодолинский кенті әкімінің қызметін атқаруда.

Сайлауалды бағдарлама
Барлығыңызға белгілі, 2012 жылы қарашада Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту Тұжырымдамасы бекітілген болатын. Сондықтан Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан 2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің мақсатымыз – мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру болып табылады. Ол қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс» деп атап көрсеткен. 
Өз қызметімде кенттің негізгі түйінді мәселелерін зерделей келе, тұрғындарға сапалы коммуналдық қызметтер көрсетілуінде кенттің коммуналдық қызметтерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге баса назар аудардым. Нәтижеде сумен жабдықтау және су бұру бойынша қызмет көрсетушімен сорғы станцияларындағы техникалық жабдықтарды жаңарту, сумен жабдықтау желілеріндегі қысымның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында суайдау мұнарасы ыдысының көлемін ұлғайту жұмыстары жүргізілді, бірінші кезекте сумен жабдықтау желілерін кезең-кезеңмен ауыстыру жүргізілуде, кенттің тазалау құрылғыларын жаңарту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. 
Электр желілерінде, тұрақты электрмен қамтамасыз ету үшін «КРЭК» ЖШС-мен кенттің барлық трансформаторлық станцияларын ауыстыру, электр желілеріндегі ақауларды шұғыл түрде алдын алу үшін «Заречная» шағын станциясынан жерасты кабельдерін әуе кабельдеріне көшіру мәселесі шешілді. Мұның нетижесінде 2012 жылдан тұрғындардың коммуналдық сұрақтары бойынша шағымдары 1031-ден 2017 жылы 22 өтінішке дейін төмендеген.
Кент тұрғындарына қолайлы жағдай тудыруда және кентті абаттандыруда орталық демалыс саябағы, ҰОС ардагерлеріне арналған Жеңіс Мемориалы, Центральная көшесіне жаяужолдар және ШСМ орнатылып, оған қоса саяжолдың құрылысы жүргізілді, тұрғын үй аумақтарында 8 балалар ойын алаңы салынды, демеушілер қаражаттары есебінен Бобух көшесінде көпсалалы спорт алаңы орнатылды, 2 көше жарықтандырылып, онда 44 баламалы тоқ көздері мен бағандар орнатылды.
Кенттің автомобиль жолдарын жөндеу, асфальттау мен қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөлінді. 7,5 шақырым асфальтталған жолдың 6,9 шақырымы орташа жөндеуден өткізілді. Автокөлік қозғалысы белсенділігін жетілдіру аясында жыл сайын жеке сектордың 21 шақырым жолы тазаланып, грейдерлеу жүргізіледі.
Әлеуметтік салада балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын пайдалы өткізуіне көп көңіл бөлініп, осы мақсатта жыл сайын спорттық және балалар алаңдарына жөндеу жүргізілді, мотоцикл спортына арналған трасса салынды, қазіргі уақытта онда республикалық және халықаралық дәрежедегі жарыстар өткізіледі, ауылды жерде спортты дамыту мақсатында 2014 жылдан бері Шахтинск аймағы кенттерінің спартакиадасы өткізіліп келеді, қазіргі кезде өкілетті органмен бірлесіп аулалық клуб ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша 17 адамға 28,4 млн теңге көлемінде несие алуға көмек көрсетілді және 18 кәсіпкерлік нысандары ашылды. Жергілікті мәселелерді шешуде жергілікті өзін өзі басқару органдарына баса назар аударылды, қазірде кент әкімінің аппараты кенттің түйінді мәселелерін шешу, бюджеттің басым бағыттарын айқындау және жергілікті маңыздағы басқа мәселелерді шешу мақсатында жергілікті қауымдастықтың сайланған құрамымен тығыз қатынаста жұмыс істейді.
Осыған байланысты, өз кандидатурамды Новодолинский кентінің әкімі лауазымына ұсына отырып, және де мемлекеттік қызметтің жаңа талаптарын, ауылдық деңгейдегі басқару сапасын көтеруді ескере отырып, өз сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттарымен таныстыра кетуді жөн санадым.
Азаматтардың жергілікті маңыздағы мәселелерге қатысуының кеңеюіне байланысты келесі бағытқа басымдық берілуге тиіс деп есептеймін:
Қоғамдастықтың жергілікті маңыздағы басты мәселелерді талқылауға және шешуге қатысуға кеңінен қатысуын қамтамасыз ету.
Бұл бағытта жаңа Тұжырымдамаға сәйкес, ауылдық әкімдерге олардың кенттегі жағдайға ықпалын күшейтетін қосымша өкілеттіктер, жергілікті жерлердегі жағдайларға қоғамдық бақылау мен азаматтардың ықпалын күшейту өкілеттігі берілген. Қоғам мен азаматтар мемлекеттік шешімдер қабылдау мен оларды жүзеге асыру үрдісіне тікелей араласуы керек.
Сайлуалды бағдарламаның шешуші бағыттарының бірі тұрғындар көтеретін түйінді мәселелерді шешу болып табылады.
Бұл дегеніміз, азаматтардың өтініштеріне уақытында әрекет ету және түйінді мәселелерді барынша жылдам шешу, жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес құрылымдарда кенттің мүдделерін қорғау. Бағдарламаның келесі маңызды бағыттарының бірі әкім аппаратын тиімді басқару.
Осы бағытты жүзеге асыру бағдарламаның келесі бағыттарының ғана емес, атқарушы биліктің барлық жұмысының нәтижесіне байланысты. Тек қызметкерлерді сауатты басқару, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді шешуде олардың күштерін дұрыс орналастыру ғана қажетті оң нәтижеге әкеледі.
Кенттің экономикалық әлеуетінің қолайлы өсуін қалыптастыру мақсатында келесі басым бағыттарда көмек көрсету қажет:
- бюджеттің кірісін арттыру және оның орындалуына бақылау жасау;
- жаңа кәсіпорындардың дамуына жағдайлар туғызу;
- шағын және орта бизнестің, ауыл шаруашылығының дамуына көмек көрсету;
- кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнеске төмендетілген пайыздармен, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие ресімдеуге көмек жасау;
- экономикалық әлеуетті көтеру мақсатында қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру, бұл өз кезегінде көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге, оның ішінде аз қамтылған отбасыларға бюджеттік және бюджеттік емес көздерден көмек көрсетуге, бюджеттің ары қарай орынды пайдаланылуына бақылау жасай отырып, кірісін арттыруға қолайлы жағдайлар туғызады;
- құнсыздану үрдістерін ауыздықтау және аз қамтылған азаматтарды қорғау мақсатында азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлерінің бағасын тұрақтандыруға бақылауды жүзеге асыру;
- жер телімдерінің, олардың мақсатты тағайындалуы бойынша тиімді және орнымен пайдаланылуы;
- кент тұрғындарын жұмысқа орналастыруға және жұмыспен қамтуға қолғабыс жасау;
- кенттің келешектегі әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалу барысына бақылауды жүзеге асыру.
Кенттің инфрақұрылымын дамыту, тұрғындар жан-жақты қамсыздандырылуы мен жайлы өмірін қамтамасыз ету мақсатында келесі бағыттарды қарастырамын:
- электрмен, үздіксіз сумен жабдықтау, су бұру және қатты тұрмыс қалдықтарын шығару қызметтерінің сапалы көрсетілуіне бақылауды жүзеге асыру;
- автомобиль жолдарының сапалы жөнделуі мен күтіп ұсталуын, жол белгілерін орнату, жасанды кедергілерді, қоршауларды, жаяулар өткелі мен жаяу жолдарды, автокөліктер көп топтасатын жерлерде автотұрақтар салу арқылы жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 
- көшелер мен тұйық көшелерді, орамішілік аумақтарды бюджеттік және бюджеттік емес көздерден жарықтандыру және абаттандыру;
- аулалық аумақтарды балалар ойын алаңдарымен және спорт алаңдарымен абаттандыру және қолданыстағы нысандар мен шағын сәулет мүсіндерінің уақытылы жөнделуін жүзеге асыру;
- тазалау құрылғыларын жаңарту сұрақтарын шешу, кенттің орталықтандырылған жылытылуы мен сумен жабдықтау және су бұру желілерінің жаңартылуы мәселелерін, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік арқылы шешілу сұрақтарын одан әрі жалғастыру;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы тарифтің қалыптасуына бақылау жасау;
- бюджеттік және бюджеттік емес қаражаттар арқылы, тұрғындардың бірінші кезектегі сұраныстарын ескере отырып, кентті одан әрі абаттандыру және көгалдандыру.
Әлеуметтік салада:
- мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің сақталуы, одан әрі дамуы, жарақтандырылуы мен абаттандырылуы бойынша жұмыстарды жалғастыру; 
- кенттегі қоғамдық-саяси, діни ахуалды тұрақты бақылауды жүзеге асыру;
- жастар және тіл саясаты саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына қолғабыс жасау;
- дене шынықтыру мен спорттың дамуына жағдайлар жасау, жаңа дене шынықтыру және сауықтыру нысандарын салу арқылы тұрғындардың барлық топтарын дене шынықтыру және спортпен айналысуға кеңінен тарту.
Біздің мемлекетіміз, сонымен бірге, біздің кентіміз де жылдам қарқынмен дамып келеді. Жыл санап тұрғындардың өмір сүру сапасының артуы айтарлықтай байқалады және де әрбір қазақстандықтың парызы – біздің еліміздің экономикалық, әлеуметтік және рухани жағынан дамуындағы мәселелерді шешуге өздерінің қомақты үлестерін қосу болып табылады. Өз кандидатурамды Новодолинский кентінің әкімі лауазымына ұсына келе, сондай-ақ, кенттің түйінді мәселелерін жетік біле отырып, атқарушы орган құрамында ауылдықтардың өмірлік маңызды сұрақтарын шешуге белсенді түрде қатысуды алдыма мақсат етіп қоямын.
 


 


Размещение информации: 07.08.2017 12:10

Последнее изменение информации: 07.08.2017 12:10

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 41%, қысым 715, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 378.38
Euro 431.05
Рубль 6.02

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары