www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Казанцева

Новодолинский кентіәкіміне кандидаттың сайлауалды бағдарламасы
Казанцева Фирдаус Гамжановна
Өмірбаян
1961 жылы 10 қазанда дүниеге келдім. Ұлтым  татар, білімім педагог – көркемөнерпаз ұйымдастырушы мамандығы бойынша жоғары.
Мәдениет саласындағы жұмыс өтілім 30 жылдан астам. 2002 жылдан бастап және қазіргі уақытқа дейін Шахтинск қаласы әкімдігінің Шахтинск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Новодолинский кентінің мәдениет үйі» КМҚК директоры болып еңбек етіп келемін.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
       Мемлекет басшысы Н.А. Назарбаев халық алдында сөйлей отырып, әрбір қазақстандық өзінен, өз отбасынан бастауы керектігін, сонда әр ауыл, кент қала тазалықтың, тәртіптің, жайлылықтың үлгісі болатындығын, ал әрбір қазақстандық – қолында барды сақтап, одан әрі көбейту үшін еңбекқор және ұқыпты болуы керектігін бірнеше рет қадап айтқан болатын.
          Өз бағғдарламамды Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасында көрсетілген өзгерістермен тығыз байланыстырамын, яғни билік құрылымдарының тиімділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын құра отырып шағын және орта бизнесті дамыту, ұлтаралық келісімді нығайту.
       Сайлана қалған жағдайда менің жоспарымда сіздің ұсыныстарыңыз көрініс табатын болады, ал жұмыс барысы менің ауылдастарымның заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталатын болады.
       Мәдениет үйінің директоры, жастардың бос уақыты сияқты мәселелерді жетік білетін адам ретінде өсіп келе жатқан ұрпақты рухани және адамгершілік жағынан тәрбиелеу мәселелері қатты толғандырады.
       Мен жастардың бос уақытын тиімді өткізу және оларды жұмысқа орналастыру сұрақтарын шешуге ат салысамын. Бүгінде қолында дипломы бар жас маманның жұмысқа орналаса алмауы қиын мәселе болып тұр. Мен осы мәселелерді шешуге тікелей араласуым керек деп есептеймін, және де мемлекет тарапынан тегін негізде жаңа мамандықтар алуға да, жастар тағылымдамасынан өтуге де мүмкіндіктер жасалуда.
       Бүгінде кент үшін елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, автомобиль жолдарын жөндеуден өткізу үшін түрлі көздерден қаражат көздерін тарту мәселесі де айтарлықтай маңызды. Бұл үшін кентте жаңа кәсіпорындардың дамуына жағдайлар жасау, әсіресе жастар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға көмек көрсету, шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне әртүрлі бағдарламалар бойынша төмендетілген пайыздармен несие ресімдеуге қолғабыс жасау қажет.
       Менің аға буын өкілдеріне қарым-қатынасым әрқашанда ерекше болған. Сондықтан бүгінде қарт адамдарға қайырымдылық пен жан ашушылық, үнемі назар аударып отыру әр адам өмірінің қалыпты нормасы болуы керек. Әртүрлі қайырымдылық шараларына белсенді қатыса отырып, біз өз балаларымыз бен тәрбиеленушілерімізді осыған баулимыз.
       Мемлекет басшысы сыртқы және ішкі саясаттың отыз маңызды міндеттерінде қазақстандықтарды маңызды және қарапайым өмірлік қағидаларды жүзеге асыру үшін жағдайлар қалыптастыруға шақырады: бұлар әр отбасының ауқаттылығы, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, балалардың білім алуы, денсаулықтың мықтылығы, зейнеткерлікке салымдарды қалыптастыру.
    Осы өлшемдерді өзім үшін негізге ала отырып, кент әкімдігіне үміткер ретінде осы мақсаттарға қол жеткізуге бар күш-қайратымды салатындығыма уәде беремін.


 


Размещение информации: 07.08.2017 12:09

Последнее изменение информации: 07.08.2017 12:09

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 3°C , ылғал 29%, қысым 719, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 388.81
Euro 429.01
Рубль 6.08

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары