www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Балаубеков

Новодолинский кенті әкіміне кандидаттың сайлауалды бағдарламасы
Балаубеков Казбек Оразбекович
Өмірбаян
1972 жылы 21 қазанда Қарағанды облысы Абай ауданы Топар қаласында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. Білімім алғашқы әскери және дене шынықтыру дайындығы мұғалімі  мамандығы бойынша жоғары. 
Спорт саласындағы жұмыс өтілім 20 жыл.
2012 жылдан бастап Шахтинск қаласының балалар – жасөспірімдер спорт мектебі басшысының орынбасары болып қызмет еттім, ал ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап оның басшысы болдым.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
       Өзімнің сайлауалды бағдарламамның бірінші міндеті кертті абаттандыру және кентішілік автомобиль жолдарын жөндеуден өткізу керек деп есептеймін. Әрқайсымыз кентіміздің таза, күтілген және жасыл желекке малынғанын қалаймыз, сондықтан кентті абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру қажет. Кентішілік автожолдарды жөндеу, оларды күтіп ұстау жұмыстарын жалғастырылады, бұл жерде көшелерді жарықтандыру, тұрғындардың қосалқы шаруашылықтарын дамытуға жағдайлар жасау, шаруа қожалықтарының мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығымен айналысуды дамытуына көмектесу мәселелерін ұмытпау керек, бұл өз кезегінде кентте қосымша жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндіктер туғызады.
       Өз құзіреттілігімнің шегінде тұрғындардың мәселелерін шешуге, тұрғындардың әлеуметтік осал топтары мен зейнеткерлерге жан-жақты назар аударуға көп көңіл бөлу керек. Тұрғындарды жұмыспен қамту саласындағы Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында, мамандарды қайта даярлау мен біліктілігін арттыру арқылы жұмысқа орналасуға көмек жасалуы керек. Бұл жерде аз қамтылған отбасылардың балаларына шынайы көмек көрсетуге қолғабыс жасау, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, мүгедектер мен зейнеткерлерге жергілікті атқарушы органдар тарапынан ерекше көңіл бөлу мәселесі де қарастырылады.
        Біздің ертеңгі күніміз біздің өсіп келе жатқан ұрпаққа оның денсаулығы мен білім алуына қалай қарайтынымызға тікелей байланысты. Бұл үшін жас мамандардың ауылды жерде тұрақтауына жағдай жасау, оларға жұмыс орындарын ұсыну, тұрғын үй қарастыру,  олардың балаларын мектепке дейінгі мекемелермен қамту, жастар мен жас мамандарды кенттің мәселелерін шешуге қатыстыру, спорт пен мәдени саланы дамыту, кент тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын атқару өте маңызды. Бұл үшін кентте № 11 ЖББМ базасында спорт үйірмелері, кіші футбол алаңы мен хоккей корты, кент бойынша балалар ойын алаңдары қызмет жасайды. Десек те, жаңа спорттық, сауықтыру және бос уақытты тиімді пайдалану орындары мен нысандарын ашу жолында еңбектенуге тура келеді.
Көптеген түйінді мәселелер мемлекеттің көмегімен шешіліп жатады, бірақ біз өзіміз де осы мәселелерді бірлесе шешуге күшіміз жетеді, ол үшін әрқайсымыз жан-жағымызға көмектесе отырып өз-өзімізге де көмектесетінімізді сезінуіміз керек. 
 


Размещение информации: 07.08.2017 12:07

Последнее изменение информации: 07.08.2017 12:08

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 19°C , ылғал 33%, қысым 710, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары