www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Клюев

Долинка кенті әкіміне кандидаттың сайлауалды бағдарламасы
Клюев Александр Ефимович
ӨМІРБАЯН
1957 жылы 28 сәуірде Ресейде Калининград облысы Жилино селосында дүниеге келдім, Қазақстан Республикасының азаматымын. Ұлтым орыс.
Білімім жоғары.
Білімім «тау-кен ісі бакалавры» мамандығы бойынша.
20 жылдан астам уақыт көмір өнеркәсібінде жұмыс істедім, 8 жыл Шахан кентінің әкімі болдым.
Қазіргі кезде Новодолинский кенті әкімінің орынбасары болып қызмет етіп келемін.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен өзімнің Долинка кентінің әкімінің  қызметіне кандидатурамды ойлана келе және мақсатты түрде  ұсындым.Осы шешімді қабылдай отырып, барлық күш жігерімді кенттің әлеуметтік сұрақтарын шешу үшін және өзімнің білік пен білімімді, мемлекеттік қызметтегі мерзім кезіндегі тәжірибемді қолдануға тырысамын.
Долинка кентінің әкімі ретінде  құқықтық,аумақтық,ұйымдастырушылық және экономикалық қағидалар аясында жергілікті өзін-өзі басқаруды ескере отырып,кентті кәсіби түрде басқаруды, кент тұрғындарының  мүддесін қорғауды, әкім аппаратын сауатты басқаруды өзімнің міндетім деп санаймын. Кент әкімі тек қана саясаткер емес, тәжірибелі басқарушы, шаруашылықты басқаруда өз ісінің кәсіби шебері болу керек деген ойдаймын. Долинка кентінің әкімі ретінде өз жұмысымда депутаттармен,тұрғындармен және  кәсіпкерлермен тығыз байланыста боламын .
Менің  сайлауалды бағдарламамның басты бағыттары:
• Бюджетті қалыптастыру және бюджет қаржысын тиімді қолдану туралы тұрғындарға үнемі есеп беру жұмысын арттыру.
• Кент тұрғындарының сумен, жарықпен, жылумен тұрақты, үздіксіз қамтамасыз етілуі туралы шараларды өткізу үшін барлық жағдайды жасау.
• Әлеуметтік мүддесі қорғалмаған тұрғындарға, зейнеткерлерге, соғыс ардагерлеріне , көп балалы отбасыларына басты назар аудару.
• Жұмысқа орналастыру деңгейін арттыруға,  жаңа жұмыс орындарын құрастыруға, жұмыссыздарды қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орындарына және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша оқыту және қайта даярлауға үлес қосу.
• Ауылдық округті абаттандыру,көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша үздіксіз жұмыс жасау.
• Бұқаралық спорттың ,жастардың бос уақытының дамуына қолдау жасау.
• Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын әлеуметтік бағдарда қамтамасыз етуде барлық жағдайды жасау.
•  Азаматтардың Конституциялық құқығын жүзеге асыруда жер құқығына және жеке құрылыстарға байланысты қолдау жасау.
Долинка кентінің әкіміне үміткер ретінде алдыма қойылған міндеттерге жауапкершілікпен қараймын және сіздердің  қолдайтыңдарыңызға сенемін. Сонда мен Долинканың көркейіп,абаттанып,жұмысқа және өмірге қолайлы болатынына барлық жағдайды жасаймын,
 


 


Размещение информации: 07.08.2017 12:00

Последнее изменение информации: 07.08.2017 12:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 41%, қысым 715, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 378.38
Euro 431.05
Рубль 6.02

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары