www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Бдуов

Долинка кенті әкіміне кандидаттың сайлауалды бағдарламасы

Бдуов Махамбет-Савит Ихсанұлы

ӨМІРБАЯН
1960 жылдың 22 ақпанында Қарағанды облысы, Абай қаласында дүниеге келдім. Ұлтым татар, білімім жоғары. Жұмыс қызметімді жерасты кенші ретінде бастадым. Қаламыздың шахталарының ену, желдеткіш, монтаждау және өндірістік алаңдарында жер асты электр слесары және тау-кен шебері ретінде жұмыс істедім, әр түрлі техникалық мамандықтар иесімін. Содан кейін тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында Абай қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасының бас инженері болып еңбек еттім. 1999 жылы Абай ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметіне келдім, өсе келе-жетекші, бас маман, Абай қаласы әкімінің орынбасары, Абай қаласының әкімі,  Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының қызмет көрсетуші персоналдық және ұйымдастыру жұмысының меңгерушісі лауазымдарында қызмет атқардым. Бүгінгі күнде Долинка кентінің әкімі қызметінде істеп келемін.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
Долинка кентінің әкіміне кандидат болуға шешім қабылдадым. Егер сайлансам Долинка кентінің дамуын, қоғамдық өмірінің жақсаруын, стратегиялық басқару жүйесін қалыптастыру негізін қамтамасыз етіп, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуде бар күш-жігерімді жұмсауға ниеттімін. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің тапсырмаларын орындау, елді мекендерде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру және менің сайлау бағдарламамның негізгі ережелерін жүзеге асыру үшін барлық күшімді, білімім мен тәжірибемді қолдануды жалғастырамын.
Сайлауалды бағдарламамның негізгі:
1.Елді мекендерді абаттандыру, заңсыз қоқыс орындарын анықтау және жою, қоқыс шығару, үйлер мен жергілікті аумақтарды жетілдіру үшін ерекше назар аудару қажет. Көшемізде әдемі, әсіресе өз иелерінің шығармашылығымен ерекше безендірілген үйлер көп. Менің ойымша, әр түрлі жарыстар, мысалы, ең әдемі көше бойынша сайыстар өткізу арқылы біз тұрғындарымызды осындай көріктендіруге ынталандырамыз.
2. Ауылдардың ішінде жолдарды уақытылы және сапалы жөндеу қажет. Жұмыстың кейбір бөліктері, нысандардың ең үлкен ықтимал санын үнемдеу үшін бюджеттік қаражатты ұтымды пайдаланумен, әрі өз ресурстар есебімен  жүзеге асырылуы тиіс. Биылғы жылы біз мұны жасай аламыз.
3. Сумен жабдықтау – ауылдарда маңызды мәселелердің бірі. Меніңше, су жүйесін тексеру және жөндеу бойынша техникалық шаралар өткізу қажет. Халықты сумен қамтамасыз ету сапасы жоғары болуы тиіс. Мен осы тапсырманы орындау үшін барлық күш-жiгерiмді саламын.
4.Қосымша жұмыс орындарын және халықтың әл-ауқатының өсуіне, жеке кәсіпорындарды ұйымдастыруға, шаруа қожалықтары мен жеке шаруашылықтардың дамуына көмек көрсету, шағын және орта бизнес үшін қолайлы жағдай жасау қажет. Шағын несие беру бағдарламаларын іске асыру арқылы жергілікті кәсіпкерлердің арасында шағын және орта бизнесте инвестиция тартатындардың санын көбейтуді алдағы мақсатымның бірі деп білемін. Мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жастардың санын азайту үшін оларға өз қалауымен жұмыспен қамту орталығы арқылы  қайта даярлау курстарына жұмылдыруды қолға аламын.
5. Әлеуметтік жағдайы осал, соғыс және еңбек ардагерлері бар отбасыларға қолдау көрсетемін. Жастарға рухани-патриоттық тәрбие беру, салауатты өмір салты мен спортты дамыту, білім беру және жоғары рухани әлеуетті қоғамның дамуына барлық күш-жiгерімді саламын. Ауыл тұрғындарының  маңызды стратегиялық және күнделікті міндеттерін шешу үшін білімдерін, дағдыларын және тәжірибесін жақсартуға атсалысамын.
6.Жергілікті мемлекеттік даму халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға, сондай-ақ өзекті мәселелерді шешуге, шоғырландырылған, бірлескен ынтымақтастыққа бағытталған. Тек жергілікті қоғамдастық қана елді мекендердің барлық мәселелерін жақсы біледі және әрдайым шешімдерді ұсына алады.
7. Денсаулық саласындағы қызметтерді жақсарту, материалды-техникалық қамтамасыз ету, санын,  сапасын, қолжетімділігін, ыңғайлылығын және ұтқырлығын арттыруды көздеймін.
8. Құқық тәртібі, бұл - құқық қорғау органдарының имиджін, қызметінің заңдылығын, операциялық жұмысын және оның тиімділігін, салауатты өмір салтын (шылым шегу, нашақорлық және маскүнемдікті қысқарту), қоғамдық тәртіп ережелері мен елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту қызметін жетілдіремін.
9. Білім беру ұйымдарының материалдық базасын нығайтуға және мектеп жасындағы балалардың демалыс уақытын ұйымдастыру мәселелерін шешуді қолға аламын.
10. Қоғамдық тұрғын үймен қамтамасыз ету - маңызды мәселелердің бірі. Қоныстанғысы келген тұрғындарды қалауымен қараусыз қалған үйлерді жөндеп беруді мақсат етемін. Алайда, бұл заңның жекелеген аспектілері бойынша икемділік болмауынан реттеу мүмкін емес. Тұрғын үй қорын және баспанаға мұқтаж халықты үйлермен қамтамасыз ету үшін бұл мәселерді шешу қажет.
11.Табыс бөлігі. Қазіргі уақытта әкімшіліктің ақша бақылау шотын толықтыру қажет. Осы бағдарламаны іске асыру жергілікті атқарушы органдардың қызметін реттейтін қолданыстағы заңға, жергілікті билік шеңберінде жүзеге асырылады және бюджет нақты қаржылық мүмкіндіктеріне негізделетін болады. Сондай-ақ, шығыс бөлігі жергілікті қоғамдастықтың пікірімен сәйкес келісімге кіреді.
Қазақстан Республикасы бүгінде халықаралық қоғам көзқарасымен алып қарағанда нарықтық экономикасы дамыған, саясаты тұрақты болып танылған бұның бәрі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасында. Бұл барлық қазақстандықтарды, соның ішінде мені де қуантады. Қазақстанымыздың тәуелсіздігі-еліміздің үлкен өзгерістері мен түгелдей түрленуі болып табылады. Бүгінде біз  Қазақстан Республикасын егеменді, тәуелсіз, заңды ел деп айта аламыз.
Долинка кентінің әкімі лауазымында халықтың жағдайын жоғары деңгейге көтеруде өзімнің бар жауапкершілігіммен қызмет етіп, сайлауалды бағдарламамды, ондағы көрсетілген міндеттерді орындау үшін барлық күшімді саламын деп уәде беремін. Жеке өз басым  Қазақстан Республикасы Президентінің, «Нұр Отан» партиясының саясатын түгелдей қолдаймын.


 


Размещение информации: 07.08.2017 11:58

Последнее изменение информации: 07.08.2017 11:59

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 25%, қысым 712, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.34
Euro 427.25
Рубль 5.88

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары