www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Шахтинск аймағында 2014 жылдың 9 айының ішіндегі «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат

Шахтинск аймағында 2014 жылдың  9 айының ішіндегі
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын
іске асыру туралы ақпарат   

2014ж. 01.10. жағдайы бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасында қатысу үшін келген және кеңесті алған тұлғалардың саны 660 адамды құрған,келген тұлғалардың санынан әлеуметтік келісімшарттарға 389 адам немесе 59% қол қойған. Жылдық жоспарды орындау 100,2% құрған, ал жоспар бойынша 388 адам тұрған, олардың ішінен:
- өздігінен жұмыспен қамтылған 37 адам немесе 9,5%;
- тіркелмегендер (мемлекеттік қолдау шараларсыз) 206 адам немесе 53%;
- жұмыссыз адамдар 146 адам немесе 37,5%.
Оның ішінде:
- әлеуметтік келісімшарттарға қол қойған тұлғалардың жалпы санынан табысы аз адамдар (АӘК алушылар) 2 адам немесе 0,5%;
- 29 жасқа дейінгі жастар - 153 адам немесе 39,3%;
- әйелдер - 90 адам немесе 23,1%;
- мүмкіндігі шектеулі тұлғалар - 17 адам немесе 4,4%;
- оралмандар - 7 адам немесе 1,8%.
Әлеуметтік келісімшарттарға қол қойғандардың ішінен міндетті зейнеткерлік аударымдар 182 адамда немесе 46,8 % бар.
Бағдарлама қатысушыларын жұмыспен қамтығаннан кейінзейнеткерлік аударымдардың төмен пайызы келесі жағдаймен байланысты 50 % астам қатысушылар ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында жұмыспен қамтылған, бұл жағдай осы слайдта көрсетілген, 15-20 % оңайлатылған нысан бойынша істейтін және зейнеткерлік аударымдарды жартыжылда бір рет аударатын жеке кәсіпорындарға (ЖК) орналастырған.

Бағдарламаның «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдықшаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» атты бірінші бағытының шеңберінде Шахтинск аймағында 6 инфрақұрылымдық жобаны, оның ішінде тамыз айында қосымша қаржы бөлінген 3 жобаны іске асыру жоспарланған.

Анықтама ретінде: 3 жобаға қосымша 67 млн. 737 мың тенге.
(автомобиль жолдарын орташа жөндеу: Шахтинск қаласында (1 жоба), Шахан кентінде (2 жоба), Долинка кентінде (1 жоба), Новодолинский кентінде (1 жоба) және Шахан кентінде «Шахтинск қаласының қарттар және мүгедектер медициналық-әлеуметтік мекеме» КММ қазандығын ағымдағы жөндеу).

1) «Шахтинск қаласының жолдарын орташа жөндеу» жобасы ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап іске асырылады. Аталған жобаға бағдарлама қатысушылардың құрамынан ауысымдықты ескерумен 26 адам жіберілген. 2014ж. 01.10. жағдайы бойынша жұмыстар Московская көшесі бойынша өткізіледі.  
2) «Шахан кентінің жолдарын орташа жөндеу» жобасы тамыз айында аяқталған. Жоспарға сәйкес жобаға Бағдарламаның 3 қатысушы жұмысқа орналасқан.
3) «Долинка кентінің жолдарын орташа жөндеу» жобасында жұмыстар өткізіледі, оған жоспарға сәйкес 2 адам жіберілген.
4) «Шахан кентінде «Шахтинск қаласының қарттар және мүгедектер медициналық-әлеуметтік мекеме» КММ қазандығын ағымдағы жөндеу» жобасын 22 қыркүйектен бастап іске асыруды бастады, оған жоспарға сәйкес 4 адам жіберілген.
Қалған 2 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу қорытындылары ТКШ бөлімінің ақпаратына сәйкес бүгін белгілі болады, одан кейін мердігер ұйымы анықталады.
Жоғарыда айтылған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 213  млн. теңге бөлінген, оның ішінде 192 млн. теңге РБ, 21,2  млн. теңгеЖБ бөлінген. Бүгінгі таңда 96 621,0 мың теңге немесе 45,4% игерілген.

Бағдарламаның «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» атты екінші бағытының шеңберінде 2014 жылда шағын несиелерді беру үшін 30,0 млн. теңге көзделген.
Есеп кезеңінде Шахтинск аймағының тұрғындар құрамынан 30,0 млн. теңге жалпы сомасына 14 адам шағын несиені алған, шағын несиелерді алғандар туралы ақпарат кенттер және салалар бағандарында ағымдағы слайдта көрсетілген. Қазіргі уақытта игеру жылдық жоспарға сәйкес 100,0% немесе өтіп кеткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 142,2% құрған (21,1 млн. теңге 10 адам).

Анықтама ретінде:

Саланың аты

Шахан

Долинка

Новодолинск

Мал шаруашылығы

1 адам

5 адам

3 адам

Өсімдік шаруашылығы

 

2 адам

 

Тамақ өнімдерін өндіру

1 адам

1 адам

 

Жүк тасымалдау

1 адам

 

 

Барлығы:

3 адам

8 адам

3 адам

Жоғарыда көрсетілген шағын несиелерді алуға үміткерлер құрамынан 10 адам «Казмаркетинг» АҚ мамыр айында кәсіпкерлік негіздерін оқу курстарында білім алды.

 

Жұмыспен қамту 2020 жол картаның үшінші бағытының бірінші құрауыштың шеңберінде:
әлеуметтік жұмыс орындарына нысаналы топтар құрамынан бағдарламаның 39қатысушы ораналасқан (ауыстырылуын ескерумен), бүгінгі таңда 30адам жұмыс істейді, бұл 2013 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 21 адамға (3 есе)көп.Әлеуметтік жұмыс орындар қатысушыларының еңбекақысын субсидиялау үшін ағымдағы жылда 2, млн. 262 мыңтеңгебөлінген. 9 айдың ішіндегі игеру 1 млн. 408,2 мың теңгенемесе жылдық жоспардың 62,3%құрған.
Әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылған кәсіпорындар.

Ашылған - 30 жұмыс орын,жұмыспен қамтылған(ауыстырылуын ескерумен-39 адам)
- «Горкомхоз» ЖШС – 6 адам; 11 адам.
- «ТемирЛайн» ЖШС– 1 адам; 1 адам.
                      - «VAVILON» ЖШС– 2 адам; 5 адам.
                      -  «Омарбекова» ЖК – 1 адам;1 адам.
                      - «Матюхин» ЖК– 3 адам;3 адам.
          - «Қарағанды кірпіш зауыты» ЖШС– 17 адам;18 адам.

         Жастар тәжірибесіне 20 адам жұмысқа орналастырған (ауыстырылуын ескерумен), бүгінгі таңда 13 адам жұмыс істейді. 2014ж. жастар тәжірибесін ұйымдастыруға 2млн. 006,0 мың тенгебөлінген, есеп кезеңде 1 млн. 421,5  мың теңге игерілген, бұл жылдық жоспардың 71% құрған.
Жастар тәжірибесінде қатысатын кәсіпорындар мамандықтарға тізбеліп көрсетілген.  

Ашылған - 13жұмыс орын,жұмыспен қамтылған(ауыстырылуын ескерумен)
- Қазпошта – 2 адам (есепші, бағдарламашы);4 адам.
- ТишковаЖК – 2 адам (аспазшы);2 адам.
- СонЖК – 2 адам (автомеханик);                   4 адам.
                  -  ЗТМО – 2 адам (заңгер,экономист);             5 адам.
                  - Орталық аурухана – 1 адам (лаборант);1 адам.
- «Водоканал»ЖШС – 2 адам (заңгер)            2 адам.
1 АЕК= 1852; 18 АЕК=33 336;қолына – 26540,0; Барлығы20 адам.

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйектен бастап Шахтинск тау-кен индустриалдық колледжге «электрогазосварщик» мамандығы бойынша кәсіптік қайта даярлау курстарына 13 адам жіберілген. Осы мақсаттарға 966,0 мың теңге бөлінген.

Бағдарламаның үшінші бағытының екінші құрауыштың шеңберінде Жұмыспен қамту орталығының балансында тұрған жалгерлік қызметтік тұрғын үйлерге 2012 және 2013 жылдарда кіргізілген адамдардың саны.

Анықтама ретінде:42 отбасы,жалпы саны 127 адам, оның ішінде:

- Абай ауданынан 10 отбасы (24 адам);
- Шахтинск аймағының кенттерінен 32 отбасы (103 адам);
2013 жылдың наурыз айында тағы 2 отбасы (11 адам)Бұхар жырау ауданынан қоныс аударған.

Есеп кезеңінде Бағдарламасын іске асыру мәселесі бойынша Қалалық комиссияның ұсыныстарына сәйкес әлеуметтік келісім шарттарды бұзғаны үшін жалгерлік пәтерлерден 3 отбасы шығарылған. Босаған пәтерлерге өңірлік (2 отбасы) және қалалық (1 отбасы) комиссиялардың енгізуге ұсынылған бағдарлама қатысушылары кіргізілген. 
Әлеуметтік келісімшарттың тармақтарын бұзғаны үшін бағдарламаның тағы бір қатысушын шығару мәселесі бүгінгі таңда сотта қаралады.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы.
Халықтың нысаналы топтарын «Жұмыспен қамту2020 жол картасы» бағдарламасына енгізу мақсатында келесі ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілген:
- «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарлама Шахтинск қаласы әкімінің сайтында орналастырылған;
-  «Шахтинский вестник» жергілікті газетте бағдарламаны түсіндіру бойынша 19 мақала жарияланған;
- мамыр және тамыз айларында «Қазақстан Қарағанды» облыстық телеарна бағдарламаның екінші және үшінші бағыттары қатысушыларының қатысуымен бейнероликтерді жазған, бейнероликтер телеарнада көрсетілген;
- қалаға кіре берістегі билбордта Бағдарлама бойынша негізгі қолдау шараларын көрсетумен баннер орналастырылған;
-   мектеп түлектерімен 2 кездесу және Шахтинск аймағының колледж түлектерімен 3 кездесу өткізілген;
- Халыққа қызмет көрсету орталығында және колледждерде ақпараттық стендтер орнатылған;
- мемлекеттік және орыс тілдерінде Бағдарламаны түсіндіру бойынша жадынамалар құрастырылған, олар кездесулердің қатысушыларына беріледі;
22 мамырда және 10қыркүйекте «Нұр Отан» партияның Шахтинск филиалының ғимаратында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған вакансиялар жәрмеңкесі өткізілген, оған бюджеттік ұйымдардың және жеке ұйымдардың басшылары қатысқан,20 маусымда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау күні» республикалық акция өткізілген.
Нұр Отанда өткізілген акциялардың қорытындылары бойынша 12 адамды оның ішінде 5 мүгедекті жұмыспен қамту мәселесі шешілген.
2014 жылдың 23 маусымдаЖұмыспен қамту орталығының мамандары Шахтинск аймағының жұмыс берушілермен бірге Жастар саясаты басқармасымен ұйымдастырылған облыстық вакансиялар жәрмеңкесінде қатысты.
9 шілдеде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Жұмыспен қамту орталығымен бірге қалалық вакансиялар жәрмеңкесін өткізді.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -11°C , ылғал 38%, қысым 727, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.44
Euro 428.37
Рубль 6.06

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары