www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«Сыбаға» несие бағдарламасы

Сыбаға бағдарламасының шарттары қандай?

 

Ет бағытындағы мүйізді ірі қара малының экспорттық әлеуетін дамыту мақсатында қабылданған «Сыбаға» бағдарламасы - ауылдағы мал өсіріп отырған, оның басын көбейте түссем деген ағайынға берілген зор мүмкіндік. Ол шаруашылықтардағы, малдың ет өнімділігін арттырып, еттің өзіндік құнын арзандатуды, мал басын өсіріп, мал шаруашылығы саласында қосымша жұмыс орындарын ашуды көздейді.

«Сыбаға» аясында берілетін несиенің үстеме пайызы төмен, қайтару мерзімі ұзақ. Бұл бағдарлама Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қаржысынан және «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ өз қаржысынан қаржыландырылады. Мәселен, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қаржысынан қаржыландырылатын болса ең жоғары несие сомасы - 12 000 000 теңге, сыйақы ставкасы - жылдық 4%, ең ұзақ мерзімі - 84 ай, 24 айға дейін жеңілдетілген кезеңімен беріледі. Егер  «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ өз қаржысынан қаржыландырылатын болса ең жоғары несие сомасы - 40 000 000 теңге, сыйақы ставкасы - жылдық 14% (жылдық 10% субсидиялау шартымен), ең ұзақ мерзімі - 180 ай, 24 айға дейін жеңілдетілген кезеңімен беріледі.

Бұл несие тек қана мал шаруашылығымен айналысатын, соның ішінде етті бағыттағы ірі қара өсіруші жеке кәсіпкерге, шаруа қожалығына, фермерлік шаруашылыққа және заңды тұлғаларға беріледі.

Бұл бағдарлама бойынша қойылатын негігі талаптар:

  • Сатып алынатын малды және өзінің малын ұстайтын қораның болуы.
  • Мал ұстайтын ауылдың ветеринарлық санитарлық ахуалы таза болуы керек.
  • Мал азығымен қамтамасыз етілуі керек (жайылым, шабындық, егістік жерлері болуы қажет), бір бас ірі қара малға 3 га жайылым жер молуы міндет. Бұл жерде жерді басқа бір шаруашылықпен бірігіп пайдалануға келісім шарт жасауға болмайды.
  • Ірі қара 1000 бастан артық ұстайтын бордақылау алаңдарымен, төлден шыққан бұқашықтарды өткізуге келісім шарттың болуы керек.

 

Ірі қара малды сатып алуға қойылатын негізгі талаптар:

  • Несиеге аналық ірі қара мал алуға болады, техника оборудования алуға болады, оның соммасы 15 млн теңгеден аспау керек, айналымға 5 млн теңгеден аспау керек.
  • Сатып алынатын мал тек шетелден алынуы тиіс. Қазақстанның ішінен мал басын сатып алуға болмайды.
  • Сатып алынатын малдың жасы: Алыс шетелден әкелетін асыл тұқымды малдың жасы 8 ай мен 26 айдың арасында болуы керек. Таяу шетелден әкелетін асыл тұқымды малдың жасы 12 ай мен 26 айдың арасында болуы керек.

Кепілдік мүлік ретінде тұрғызылған уақытына қарамастан, ауылдық жердегі құжаттары заңды тіркеуден өткен, жағдайы қанағатанарлық барлық құрылыс нысандарды, автотехникаларды қоюға мүмкіндік бар. Сонымен қатар сатып алынатын малдың, техниканың өзін қосымша кепілдікке қоюға болады. Қойылған кепілдік мүліктің құны алынған несиенің 100 пайызын жабуға жеткілікті болуы тиіс. Қарызгерден төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығы, салыққа, бюджетке және де басқа міндетті төлемдер бойынша соңғы 6 айда қарызының болмауы (банктерге де берешегі болмасын), малды өсіруге қажетті инфрақұрылым, қора-жайы болуы талап етіледі.


Размещение информации: 22.06.2018 11:00

Последнее изменение информации: 22.06.2018 11:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 13°C , ылғал 52%, қысым 711, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары