www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Кәсіпкерлік туралы жиі қойылатын сауалдар

Сұрақ: Шағын және орта кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау шаралары бар. Осы тетіктерді пайдаланған кәсіпкерлер барма және бұл шаралар қаншалықты тиімді?

Жауап:
Шахтинск аймағында соңғы бес жыл ішінде жалпы сомасы 1 млрд. 043,9 млн. тенге құрайтын 61 жоба мемлекет тарапынан қолдау тапты. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқасында 400 жуық жаңа жұмыс орындары құрылды.
Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру қолданыстағы кәсіпкерлерге бұрыннан бар бизнесін кеңейтуге және ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге бизнесті ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жаңа жобаларды жүзеге асыру біздің азаматтардың көңіл-күйіне оң әсер етеді - ұсынылатын қызметтердің спектрін кеңейту, қаланың сәулеттік келбетін жақсартады.
Мысалы қаланы безендірген супермаркет "Ассорти", балаларды дамыту орталығы "СоНик", қонақ үй-ойын-сауық орталығы "Табыс", супермаркет "Лидер", олардың басшылары өз объектілерін ашу кезінде мемлекеттік қолдау механизмдерін пайдаланды.
Мемлекеттік бағдарламалар тетіктері арқылы "Sumbile - Sirius" ЖШС пруттық қоршаулар өндірісі, ЖК Матюхин пенополистирольды плиталар, "Казстроймарт-2050" ЖШС жолжиектік тас, "НПФ Вит" ЖШС металл қаңқаларды, ЖК Гвоздев Е. М. полимерлік жасанды тастан жасалған ас үйге арналған жуғыштар, ЖК Овсянников А. А.  ұялы телефондар мен ноутбуктер үшін қапшықтар, сөмкелер, әмияндар, белбеулер - табиғи тері өнімдері ұймдастырылған.
Сондай-ақ мемлекеттік қолдаумен ЖК Мансуров В. Ф. - балық және ет шикізатын азық өндіру өндірісі, ЖК Искаков А. С. -  ет және жұмыртқа үшін бөдене өсіру.

Сұрақ: "Жол карта бизнесі 2020" бизнесті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасы аясында мемлекеттік грантты ұсыну тетіктері іске асырылуда. Осы тетіктерді кім пайдалана алады?

Жауап:
Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға жаңа бизнес-идеяларын іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.
Мемлекеттік гранттар моноқалалардағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салалық шектеусіз беріледі.
Бір кәсіпкер үшін гранттың ең жоғары сомасы 3 000 000 ( үш миллион) теңгеден аспауы тиіс. Гранттар нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті шарт бағдарлама шеңберінде оқыту компоненттерін сертификаттарының болуы болып табылады. Оқыту Шахтинск қаласының кәсіпкерлік палатасында тегін өткізіледі.

Сұрақ: Бағаларды тежеу үшін қандай жұмыстар жүргізілуде?

Жауап:
Біз бағаның өсуін алдын алу үшін барынша шаралар қабылдаудамыз. Апта сайын ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізілуде. 2016 жылдың басынан бастап  35 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді, онда 138,5 млн. теңге сомасына ет 41,4 тонна, жұмыртқа 222 200 дана, балық 3 тонна, көкөніс 76,8 тонна және бал 3,1 тонна іске асырылды. Нарық бағасынан 10-15% төмен.
Әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің әрбір түрі үшін инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша жедел шаралар алгоритмі әзірленген және әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің әрбір түрі бойынша инфляция басқаруға жауаптылар тағайындалған.
Тұрақты негізде тауар интервенциясы өткізілуде. Мәселен  2016 жылдың басынан бастап тұрақтандыру қорынан 22,8 тонна көкөніс және бакалея өнімдерін таңдалған.


Размещение информации: 07.09.2016 10:15

Последнее изменение информации: 07.09.2016 10:30

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 13°C , ылғал 52%, қысым 711, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары