www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 703 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 желтоқсанда № 12456 болып тіркелді
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік саясат және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                             Е. Досаев
  Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 19 қарашадағы 
№ 703 бұйрығымен бекітілген

   Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы
үлгілік ереже

   1. Негізгі ережелер

      1. Осы Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-7-бабына сәйкес әзірленді және республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала әкімдігі (бұдан әрі – Әкімдік) жанындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерінің негізгі міндеттерін, құру және қызметін тоқтату тәртібін, өкілеттіктерін, қызмет нысанын, қабылданатын шешімдерінің мәртебесін, басшыларын сайлау тәртібін айқындайды.
      2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бір немесе бірнеше сайлау округінің шекараларындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың жұмыс істеуі, аумақтың санитариялық жай-күйі (бұдан әрі – аумақтық маңызы бар мәселелер) және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала әкімінің (бұдан әрі – Әкім) халықпен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала мәслихатының (бұдан әрі – Мәслихат) шешімдері негізінде құрылатын Әкімдік жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

   2. Кеңестің негізі міндеттері, қызмет нысаны және өкілеттіктері

      3. Кеңестің негізгі міндеттері:
      аумақтық маңызы бар мәселелерді шешу және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша азаматтардың құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу;
      азаматтармен жұмыс істеуде өкілді және атқарушы органдарға көмек көрсету болып табылады.
      4. Кеңестің өкілеттіктері:
      мемлекеттік органдарға аумақтық маңызы бар мәселелер және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар енгізу;
      мемлекеттік органдардан Кеңестің міндеттерін іске асыру үшін қажетті ақпаратты, материалдарды сұрату және алу;
      аумағына кіру шектелген мекемелер мен ұйымдарды қоспағанда, Кеңес шекарасы шегіндегі аумақтық маңызы бар мәселелерді шешумен байланысты мекемелер мен ұйымдарға бару;
      Кеңес шекарасы шегінде абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, санитариялық жағдай және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша азаматтардың пікірлерін зерделеу, талдау және ескеру;
      азаматтарды тұрғын үй және үй маңы аумақтарының сақталуын, пайдаланылуын, жөнделуін, абаттандырылуын жақсарту мәселелерін шешуге тарту;
      Кеңес шекарасы шегінде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қызметті жүзеге асыруға жәрдемдесу;
      Кеңес шекарасы шегінде полицияның учаскелік инспекторларының жұмысын жақсарту бойынша уәкілетті органдарға ұсыныстар енгізу болып табылады.
      5. Кеңес қызметінің нысандары:
      аумақтық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау;
      Әкіммен, депутаттармен және басқа лауазымды тұлғалармен азаматтардың өтініштері бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді талқылау;
      аумақтық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтардың Әкіммен, мәслихат депутаттарымен және басқа лауазымды тұлғалармен кездесулерін ұйымдастыру;
      құқық бұзушылықтарды жасауға төзбеушілікті насихаттауды жүзеге асыру;
      азаматтармен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған түсініктемелік-құқықтық жұмыстарды жүргізу;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтің басқа да нысандары болып табылады.

   3. Кеңесті құру тәртібі

      6. Кеңес Мәслихаттың шешімі негізінде қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бір немесе бірнеше сайлау округтерінің шекарасында Әкім ұсынған құрамда құрылады.
      Қалада құрылатын Кеңестің саны туралы, олардың шекаралары және сандық құрамы туралы ұсыныстарды тиісті Әкімдік Мәслихатқа ұсынады.
      7. Кеңестің дербес құрамын еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, пәтер иелері кооперативтерінің ұсынымы бойынша қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бір немесе бірнеше сайлау округтерінің тұрғындары арасынан Әкім айқындайды және Мәслихат бекітеді.
      Кеңестің құрамына Кеңестің шекарасына кіретін сайлау округтері бойынша сайланған қалалық мәслихаттың депутаттары кіре алады.
      Кеңестің құрамына кәмелетке толмаған адамдар, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар кірмейді.
      Кеңес құрамының саны тақ сан.
      Кеңестің дербес құрамы әрбір бес жыл сайын Әкімнің ұсынысы бойынша жаңартылады.
      8. Кеңес туралы ережені осы Үлгілік ереженің негізінде Әкімдік әзірлейді және Мәслихат бекітеді.

   4. Кеңестің төрағасы

      9. Кеңестің төрағасын Кеңес құрамы арасынан Әкім ұсынған кандидатуралар арасынан қоғамдық бастамада Кеңес мүшелері сайлайды.
      Кеңестің төрағасы:
      Кеңеске жүктелген жұмысты ұйымдастырады және міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
      Кеңестің отырыстарын дайындайды және жүргізеді, шешімдерге, отырыс хаттамаларына және басқа да құжаттарға қол қояды;
      Кеңестің аумағында тұратын халыққа Кеңестің шешімдерін жеткізеді және олардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады;
      Кеңес аумағындағы аумақтық маңызы бар мәселелерді қарайтын мемлекеттік билік органдарында, ұйымдар мен мекемелерде Кеңестің мүдделерін білдіреді;
      Кеңестің тапсырмасы бойынша өзге де мәселелерді шешеді.

   5. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

      10. Кеңестің бірінші отырысын Әкім немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.
      Кеңестің бірінші отырысында ашық дауыс берумен Кеңестің төрағасы және хатшысы сайланады.
      Хатшы жұмыс жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді, отырысқа материалдарды дайындауды ұйымдастырады, отырыстың өтетін орны, уақыты және күн тәртібі туралы Кеңес мүшелеріне хабарлайды, отырыстың хаттамасын ресімдейді және іс жүргізеді.
      11. Кеңес жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Кеңес отырыстары оның жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды деп саналады.
      Кеңес отырыстары ашық болып табылады.
      12. Кеңес шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған Кеңестің қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп саналады. Дауыс тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
      13. Кеңестің шешімі ұсынымдық сипатқа ие.
      14. Кеңес отырыстарына Әкім немесе ол уәкілеттік берген адам қатыса алады.
      15. Кеңестің шешімі хаттама түрінде ресімделеді және Әкім аппараты мен тиісті мекемелер мен ұйымдарға жолданады.

   6. Кеңес қызметінің тоқтатылуы.

      16. Кеңес қызметі тиісті Мәслихаттың шешімі бойынша тоқтатылады.


Размещение информации: 23.12.2016 11:25

Последнее изменение информации: 23.12.2016 11:26

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 17°C , ылғал 57%, қысым 712, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.05
Euro 428.25
Рубль 5.84

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары