www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Медициналық және фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобалары

«Біліктілік санатын бере отырып, маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Жалпы ережелер

 

1. «Біліктілік санатын бере отырып, маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі –  Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.elicense.kz                         «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал);
2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.  

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маман сертификаты (бұдан әрі – сертификат). Сертификат тестілеу мен әңгімелесуден оң нәтижемен өткен жағдайда беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште маман сертификатын алуға жүгінген жағдайда – маман сертификаты электрондық пішімде ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мөрімен және қолымен расталады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет МФҚБК, МФҚБК аумақтық департаменттері тиісінше бекітетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген интернет-ресурста орналастырылған біліктілік емтиханын өткізу кестесіне сәйкес, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). 
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
тиісті біліктілік санатын бере отырып 5 (бес) жыл мерзімге  сертификат алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
бірінші немесе жоғары біліктілік санатын бере отырып мерзімсіз сертификатты алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
2) порталға:
тиісті біліктілік санатын бере отырып 5 (бес) жыл мерзімге сертификат алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
бірінші немесе жоғары біліктілік санатын бере отырып мерзімсіз сертификатты алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың деректерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады. 
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы берген кезде:
өтініштің нөмірі мен қабылданған күнін;
сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;
өтінішке қоса берілген құжаттардың санын;
тестілеу мен әңгімелесуден өтудің күні мен уақытын (құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша тестілеуге және тестілеу нәтижелері бойынша әңгімелесуге жіберілген жағдайда);
өтінішті қабылдаған кеңсе қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (хабарлама) беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» тестілеу мен әңгімелесуден өту күні, уақыты және орны көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі (құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша тестілеуге және тестілеу нәтижелері бойынша әңгімелесуге жіберілген жағдайда).
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушы жазбаша келісім береді.

 

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің  басшысының атына беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша түрде немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау нөмірі, күні, оны қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауапты алу орны мен мерзімі, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен, көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымының портал арқылы қабылданғанын растау оны тіркеу туралы хабарлама болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады. 
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамамен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді көрсетудің ерекшеліктерін есепке ала отырып, өзге де талаптар

12. Көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін  жағдайлар (пандустар және лифтілер) көзделген.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mz.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтағы қолжетімділік режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
_______________________

   «Біліктілік санатын бере отырып, маман сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

нысан
Маман сертификаты

 _________________________________________________________________
                                                              (тегi, аты, әкесiнiң аты)
__________________________________________________________________
________________________________________________ мамандығы бойынша (номенклатура бойынша мамандық)
_________________________________ бiлiктiлiк санаты тағайындалып, осы маман сертификатын алды.
Сертификатты беру туралы шешiм шығарған мемлекеттiк орган басшысының 20__ жылғы  «___» _____________ № _____ бұйрығы
Сертификат _________________________________ мерзімге жарамды
(5 жыл немесе тұрақты деп көрсету)                                          

Тiркеу №  ________________                 
Берiлген күнi 20__ жылғы «__»_____________
___________________________


«Біліктілік санатын бере отырып, маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

 

 

нысан
  _______________________________
_______________________________
______________________________________________________________
(мемлекеттік органның аумақтық департаментінің атауы, басшының тегі, аты, әкесінің аты)
_______________________________
_______________________басшысы

кімнен________________________
__________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН)
__________________________________
__________________________________
Тұратын мекенжайы, байланыс телефоны

ӨТІНІШ

Сізден________________________ _________________________________                                                                                                             (мамандық  атауы)
мамандығы бойынша ____________________ біліктілік санаты берілетін біліктілік емтиханына жіберуіңізді сұраймын

Осы өтінішпен ақпараттық ресурстардағы мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

________________________
(көрсетілетін қызметті алушының қолы)

___________________
           (толтырылған күні)

«Біліктілік санатын бере отырып, маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

 

МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ

Үміткер күнделікті практикада қолданатын диагностика және емдеу әдістері көлемінің санитариялық-эпидемиологиялық бейін және «қоғамдық денсаулық сақтау/әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша мамандарды қоспағанда медициналық білімі бар мамандар үшін өтінім берілген санатқа сәйкестігі туралы қорытынды
1. Өтінім берілген мамандыққа сәйкес келеді ме: иә ___, жоқ _____
2. Қорытындыны берген орган
3. Қорытындыны берген адамның Т.А.Ә.
4. Қорытындыны берген адамның лауазымы
5. Қорытындыны алу күні

Білімі
6. Білімі
7. Дипломының нөмірі
8. Дипломының сериясы
9. Білім беру ұйымының толық атауы
10. Түскен жылы
11. Аяқтаған жылы
12. Дипломы бойынша мамандығы
13. Дипломы бойынша біліктілігі
14. Дипломының нострификациясы (қажет болған кезде)

          Өтінім берілген мамандық бойынша интернатура,  клиникалық ординатура,  резидентура мамандығы туралы деректер (жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін)
15. Интернатура мамандығы
16. Түскен жылы
17. Аяқтаған жылы
18. Клиникалық ординатура мамандығы
19. Түскен жылы
20. Аяқтаған жылы
21. Резидентура мамандығы
22. Түскен жылы
23. Аяқтаған жылы

Өтінім берілген мамандық бойынша қайта даярлау жөніндегі куәлік туралы деректер
24. Қайта даярлау жөніндегі куәліктің нөмірі
25. Қайта даярлау мамандығы
26. Оқытушы ұйымның атауы
27. Оқыту көлемі сағатпен
28. Оқытудың басталуы
29. Оқытудың аяқталуы

Өтінім берілген мамандық бойынша санат берілетін қолданыстағы маман сертификатының деректері
30. Берілген күні
31. НИКАД нөмірі/тіркеу нөмірі
32. Берген орган
33. Сертификаттың қолданыс мерзімі
34. Мамандығы
35. Біліктілік санаты

Өтінім берілген мамандық бойынша санат берілмейтін қолданыстағы сертификат деректері
36. Берілген күні
37. НИКАД нөмірі/тіркеу нөмірі
38. Берген орган
39. Сертификаттың қолданыс мерзімі
40. Мамандығы

Қазіргі жұмыс орны туралы деректер
41. Өтінім берілген мамандық бойынша жұмыс өтілі
42. Жалпы медициналық өтілі
43. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны
44. Лауазымы

Өтінім берілген мамандық бойынша еңбек қызметі

Қабылдау күні

Шығару күні

Жұмыс орны

Атқаратын қызметі

Бұйрық №

Бұйрықты шығару күні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтінім берілген мамандық бойынша үздіксіз кәсіптік дамуға септігін тигізетін іс-шараларға үміткердің қатысуы туралы ақпарат
45. Соңғы 5 жыл ішінде жиналған сынақ бірліктерінің жалпы саны (негізгі және қосымша сынақ бірліктері)
46. Өтінім берілген мамандық бойынша соңғы 5 жыл ішінде жиналған негізгі сынақ бірліктерінің саны:
1) өтінім берілген мамандық бойынша біліктілікті арттыру куәлігі туралы деректер
2) біліктілікті арттыру туралы куәліктің нөмірі
3) циклдің атауы
4) оқытушы ұйымның атауы
5) оқудың басталуы
6) оқудың аяқталуы
7) оқу көлемі сағатпен
47. Мамандық бойынша соңғы 5 жыл ішінде жиналған қосымша сынақ бірліктерінің саны:
министрлік бекітетін жоғары және орта медициналық білімі бар мамандар үшін санат беру кезінде сынақ бірліктерін қайта есептеу жүйесіне сәйкес өтінім берілген мамандық бойынша іс-шаралардан өткенін куәландыратын құжат туралы деректер (барлық іс-шараларды, оқу тақырыбының атауын, оқытушы ұйымның атауын, оқудың басталуын, оқудың аяқталуын, сағаттағы немесе сынақ бірліктеріндегі оқу көлемін атап көрсету)

Статистикалық көрсеткіштерді көрсете отырып, алғашқы есептік құжаттама деректеріне сәйкес өтінім берілген мамандық бойынша соңғы 2 жыл ішіндегі үміткердің есебі (үміткердің қарауы бойынша осы мамандық үшін анағұрлым маңызды, көрсеткіштерге қысқаша талдамалық шолуы бар көрсеткіштер. Көлемі 1 файлдан аспайтын мәтіндік есеп)

Статистикалық көрсеткіштер


Көрсеткіштер (көлем, сапа және тиімділік индикаторлары)

20___ жыл

20___ жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәртіптік, әкімшілік жазалар, көтермелеулер туралы деректер (соңғы 5 жыл ішіндегі)
48. Тәртіптік жазалар
1) Ескерту
2) Сөгіс
3) Қатаң сөгіс
4) Еңбек шартын бұзу
49. Әкімшілік жазалар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген:
85-бап
85-1-бап
85-2-бап
85-3-бап
322-бап
357-2-бап
50. Көтермелеулер

__________________

«Біліктілік санатын бере
отырып, маман сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша

нысан
____________________________________
_______________________________________________________________________
басшысына (мемлекеттік органның аумақтық департаментінің атауы, басшысының тегі, аты, әкесінің аты)

____________________________________(кімнен)
____________________________________(қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН)
Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны)_______________________________________________________________

ӨТІНІШ

Сізден ______________________________________________мамандығы
(мамандық атауы)
бойынша____________________біліктілік санаты берілетін мерзімсіз маман сертификатын   беруіңізді  сұраймын.

Осы өтінішпен ақпараттық ресурстардағы мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

  1. _______________________ мамандығы бойынша______жылғы «___» № ________ сертификат.
  2. _______________________ мамандығы бойынша______жылғы «___» № ________ сертификат.
  3. _______________________ мамандығы бойынша______жылғы «___» № ________ сертификат. 

___________________________
(көрсетілетін қызметті алушының  қолы)
__________________
                                (толтырған күні

Пікірлер (0):

Пікірлер жоқ.

Пікір қалдыру

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 19°C , ылғал 40%, қысым 716, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.71
Euro 429.17
Рубль 6.02

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары