www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Медициналық және фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобалары

«Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша және Алматы қаласы бойынша департаменттері көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал);
  2. www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады».

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні;
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін өндіру құқығына берілген біліктілік куәлігі (бұдан әрі – біліктілік куәлігі). Біліктілік куәлігі тестілеу мен әңгімелесуден оң нәтижемен өткен жағдайда беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште біліктілік куәлігін беруге жүгінген жағдайда – біліктілік куәлігі электрондық пішімде ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде  мемлекеттік қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. 
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген, интернет-ресурста орналастырылған, Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті бекіткен сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасының белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру бойынша біліктілік емтихандарын өткізу кестесіне сәйкес алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). 
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызмет берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;   
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
құжаттарды ұсыну сәтінен бір айдан кешіктірмей психиатриялық және наркологиялық диспансерлерден  берілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының есепте тұрмайтыны туралы анықтама;
2) порталға жүгінген кезде:
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
құжаттарды ұсыну сәтінен бір айдан кешіктірмей психиатриялық және наркологиялық диспансерлерден  берілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының есепте тұрмайтыны туралы анықтаманың электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметін және оның соттылығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы берген кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (хабарлама) беріледі:
өтініштің нөмірі мен қабылданған күнін;
сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;
өтінішке қоса берілген құжаттардың санын;
тестілеуден өтудің күні мен уақытын (құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша жіберілген жағдайда);
өтінішті қабылдаған кеңсе қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (хабарлама) беріледі;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» тестілеу мен әңгімелесуден өту күні, уақыты және орны көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі (құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша тестілеуге жіберілген жағдайда).
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушы жазбаша келісім береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының  мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің  басшысының атына беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша түрде немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін қолма-қол беріледі.
Шағымның қабылданғанын растау нөмірі, күні, оны қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауапты алу орны мен мерзімі, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) көрсетілетін қызметті  берушінің кеңсесінде тіркеу болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымының портал арқылы қабылданғанын растау оны тіркеу туралы хабарлама болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады. 
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамамен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

 

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді көрсетудің ерекшеліктерін
есепке ала отырып өзге де талаптар

12. Көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін  жағдайлар (пандустар және лифтілер) көзделген.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mz.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтағы қолжетімділік режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

___________________

 

«Сот-медициналық, сот-психиатриялық және
сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір
түрін өндіру құқығына біліктілік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  стандартына
1-қосымша

нысан

 

Сот сараптамасының белгілі бір түрін өндіру
құқығына берілетін біліктілік куәлігі

 

____________________________________________________________________
                                                              (тегi, аты, әкесiнiң аты)
____________________________________________________________________
мамандығы бойынша сот сараптамасын өндіру құқығына осы біліктілік куәлігін алды   
Біліктілік куәлігін беру туралы шешім шығарған мемлекеттік орган басшысының 20____жылғы «____»_______________№________бұйрығы
Тіркеу № __________
Берілген күні 20____жылғы «____»______________

Біліктілік куәлігін беру туралы шешім шығарған мемлекеттiк орган басшысының қолы_______________________________________________

___________________________

 

«Сот-медициналық, сот-психиатриялық және
сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір
түрін өндіру құқығына біліктілік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  стандартына
2-қосымша 

нысан

Мемлекеттік органның басшысына
_______________________________
_______________________________
(мемлекеттік орган)

_________________________дан/ден
(тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН)

 

ӨТІНІШ

Сізден ____________________________________________________  (мамандық  атауы)
мамандығы бойынша сот сараптамасын өндіру құқығына арналған біліктілік емтиханына жіберуіңізді сұраймын.

мамандық бойынша жұмыс өтілім _________________________________                   

Осы өтінішпен ақпараттық ресурстардағы мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

___________________
  (толтырған күні)

___________________
(көрсетілетін қызметті алушының қолы)         

_______________________

 

«Сот-медициналық, сот-психиатриялық және
сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір
түрін өндіру құқығына біліктілік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  стандартына
3-қосымша

 

МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ

1.Сотталғаны туралы жағдайы

Жалпы мәліметтер

  1. Өтініш білдірген мамандықтың атауы

3.Білімі
4. Дипломның нөмірі
5.Дипломның сериясы
6.Білім беру ұйымының толық атауы
7.Түскен жылы
8.Бітірген жылы
9.Диплом бойынша мамандығы
10.Диплом бойынша біліктілігі
11.Дипломның нострификациясы (қажет болған жағдайда)

Интернатура, клиникалық ординатура, резидентура мамандығы туралы мәліметтер

12.Интернатура мамандығы
13. Клиникалық ординатура мамандығы
14.Резидентура мамандығы

Өтініш білдірген мамандық бойынша қайта даярлау куәлігі туралы мәліметтер

15. Қайта даярлау туралы куәліктің нөмірі
16. Қайта даярлау мамандығы
17. Оқытушы ұйымның атауы
18. Оқудың сағат бойынша көлемі
19. Оқудың басталуы
20. Оқудың аяқталуы

Өтініш білдірген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқаны туралы куәлік жайында мәліметтер

21. Өтініш білдірген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқаны туралы куәліктің нөмірі
22.  Циклдың атауы
23.  Оқытқан ұйымның атауы
24.  Оқудың басталуы
25. Оқудың аяқталуы
26. Оқудың сағат бойынша көлемі

Қолданыстағы біліктілік санатын бермей маман сертификаты туралы мәліметтер (медициналық білімі бар адамдар үшін)

27. Берілген күні
28. НИКАД нөмірі/тіркеу нөмірі
29. Бұйрықтың № және шығарылған күні
30. Берген орган
31. Мамандығы
32. Сертификаттың қолданыс мерзімі

Қазіргі уақыттағы жұмыс орны туралы мәліметтер

33. Өтініш білдірген мамандық бойынша еңбек өтілі
34.Жалпы медициналық өтілі
35.Қазіргі уақыттағы жұмыс орны
36.Атқаратын лауазымы 

Өтінім берілген мамандық бойынша еңбек қызметі

Қабылданған күні

Босатылған күні

Жұмыс орны

Атқаратын қызметі

Бұйрық №

Бұйрықты шығару күні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0):

Пікірлер жоқ.

Пікір қалдыру

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 22°C , ылғал 23%, қысым 715, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 387.34
Euro 428.44
Рубль 6.04

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары