www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңесінің 2016 жылғы қызметінің нәтижесі жөніндегі есебі

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңын (әрі қарай - Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» қаулысын іске асыру шеңберінде, Шахтинск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 ақпандағы сессиясының № 1247/41 шешімімен Шахтинск қаласының қоғамдық кеңесі (әрі қарай - Кеңес) бекітілді.

Кеңестің құрамына жұртшылық, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен депутаттар кірді. Кеңес жұмысының ережесі мен жоспары бекітіліп, азаматтарды қабылдау кестесі құрылды. Заңды басшылыққа ала отырып, 2016 жылғы 11 наурызда Кеңестің отырысында 3 комиссия құрылды, олар;
- бюджет пен қаржылық, өнеркәсібін дамыту, шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі;
- әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі;
- құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комиссиялар.
Заңның мақсаты – Қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, барлық деңгейлердегі мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына қоғамдық институттардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін бекітеді. Яғни азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру Қоғамдық кеңестер қызметі өз мақсатына қояды.
Кеңестің функцияларының бірі атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын талқылау болып табылады.
Осыған байланысты, 2016 жылғы 11 наурызда Кеңес отырысында Шахтинск қаласы әкімінің «2015 жылдың қорытындысы жөніндегі атқарылған жұмысы туралы» есебі талқыланды және Кеңестің мүшелері осы атқарылған жұмысқа оң қорытынды берді.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының    18-бабына сәйкес қоғамдық бақылау нысандарының бірі мемлекеттік орган жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау болып табылады. Сондай-ақ, 2016 жылғы 12 сәуірде қала әкімінің қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізіліп,  Қоғамдық кеңестің мүшелерімен «Шахтинск аймағын абаттандыру бойынша көктемгі екі айлық өткізу туралы»  және «Шахтинск аймағының тұрғындарын  бұқаралық спортқа тарту жөніндегі жүргізіліп отырған жұмыс туралы» өзекті мәселелері қарастырылды. Осы аппараттық кеңес өткізілгеннен кейін қала әкімімен елді мекендерді аббаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру жөніндегі екі айлықты өткізу бойынша іс-шаралар Жоспары бекітілді және Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылды, сондай-ақ жоспарланған қалалық және облыстық сенбіліктерге қатысу туралы тұрғындарды шақыра отырып көктемгі екі айлық өткізу, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстарда олардың өткізу барысы мен қорытындысын жандандыру қамтамасыз етілді.
Қоғамдық бақылаудың тағы бір нысаны нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық сараптау болып табылады. Сондай-ақ Кеңестің талқылауына 29 нормативтік құқықтық актілер жобалары ұсынылып, талқылау нәтижесі бойынша «азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне нұқсан келтірмейді» деген ұсынымдар берілді.
Одан басқа, жұмыс жоспарына сәйкес жылдың басынан Кеңестің негізгі өкілеттіктерін іске асыру шеңберінде 15 отырыс өткізіліп, мемлекеттік орган басшыларының 25 есебі тыңдалды, оның ішіндегі негізгі қаралған мәселелер:
-  «Заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жөніндегі қабылданатын шаралар туралы»;
- 2011- 2015 жылдарға арналған Шахтинск қаласын дамытудың Бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Шахтинск қаласының тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ жұмысы туралы;
- қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 9 сәуірдегі XXXIII сессиясының      № 1105/33 «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сай мәдениет мекемелерінің қызметін жақсарту жөніндегі шаралары мен жағдайы туралы» шешімін іске асыру туралы;
- Шахан кентін дамытуға қатысты және жер заңнамасының өзгеруін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу;
- 2015 жылға қалалық бюджеттің орындалуы туралы есебі және Шахтинск қаласының ІІБ жергілікті полиция қызметі басшысының есебі;
- Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі басшысының «Экстремизмге және терроризмге қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органдардың қабылданатын шаралары туралы»;
- Шахтинск аймағында қоғамдық-саяси жағдайы мен Долинка кентін дамыту мәселелері туралы;
- ҚР тұрғын үй заңнамасын орындау бойынша;
- 2011-2015 жылдарға арналған Шахтинск қаласын дамытудың  Бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі» ММ жұмысы туралы;
- Новодолинский кентін дамыту және тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдем көрсету мәселесі туралы;
-  Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекітуге «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС өтінішін талқылау;
- Шахтинск аймағында кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдем көрсету және 2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты алдын алу жөніндегі Шахтинск қаласының ішкі істер бөлімінің жұмысы туралы;
- Шахтинск аймағында кәмелетке толмағандардың суицидті мінез-құлықтарының профилактикасы мен жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстардың алдын-алу жөніндегі уәкілетті органдардың жүргізілген жұмысы туралы;
- 2016 жылғы 8 айындағы Шахан кентінің полиция бөлімшесінің жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің 2016 жылғы қараша айында мемлекеттік мекемелерде: «Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Шахтинск қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ, «Шахтинск қаласының ветеринария бөлімі» ММ,  «Шахтинск қаласы әкімдігінің Шахтинск қалалық ветеринариялық станциясы» КМК жүргізілген тексерудің актілерін қарастыру.
Жаңа бірлестіктердің күнделікті тіршілік барысынан тыс шығатын, қоғамда немесе аймақта әртүрлі болатын жағдайларға уақтылы, сауатты және тиімді әсерін тигізу сияқты маңызды функциялары мен ролі туралы жеке айтқан жөн. Қоғамдық кеңес азаматтық қоғам институтында қоғамның нақ осындай қажеттілігіне жауап береді. Мысалы, Шахан кентінде тұрғын үй кіреберісінің бір жағының құлаған апатты оқиғасына байланысты, зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсету мақсатында жеке қайырымдылық қоры ашылды. Қордың есебіне түскен ақшалай қаражаттың бөлінуі мен жұмсалуын бақылау мақсатында Қамқоршылық кеңес құрамы құрылып, оған Қоғамдық кеңестің төрағасы енгізілді.
Қоғамдық кеңес жұмысының жариялылығы заңды бекітілген, яғни қызметінің нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстар арқылы тұрғындарды ақпараттандырады.
Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының басты бетінде «Шахтинск қаласының қоғамдық кеңесі» баннері, оларға қоса Қоғамдық кеңесінің құрамы және жанындағы комиссиялар, Кеңес жұмысының жоспары, қоғамдық кеңес туралы ереже, «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң және Қоғамдық кеңесінің қызметі туралы ақпарат орналастырылған. Сондай-ақ осы ақпарат қалалық мәслихаттың ақпараттық порталында орналастырылған. Жалпы 2016 жылы «Шахтинский вестник» қалалық газетінде 7 мақала жарияланды, осындай материалдар қала әкімдігінін ресми сайтында орналастырылды.
Осындай жұмыстар Кеңестің әзірленген жұмыс жоспарына сәйкес      2017 жылы да жалғасын табады.
Сонымен, делдал ретінде әрекет ете отырып, Қоғамдық кеңес өзекті мәселелерді бірлесіп талқылау және шешу үшін мемлекеттік серіктестік пен қоғамды күшейтуге шақырады. Осыған байланысты, оның барлық қызметі азаматтық белсенділікті дамытуға және мемлекеттік құрылымдардың шешімдерінің жауаптылығын арттыруға ықпалын тигізеді, жалпы айтқанда Шахтинск аймағының әлеуметтік-экономикалық жағдайына қолайлы әсерін тигізеді.

Шахтинск қаласының
Қоғамдық кеңестің  Төрағасы                                        М. Дюсекеев

 


 


Размещение информации: 27.01.2017 10:41

Последнее изменение информации: 27.01.2017 10:42

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 9°C , ылғал 40%, қысым 716, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.98
Euro 434.01
Рубль 6.10

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары