www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

2017 жылдың І-жартыжылдығының қорытындысы бойынша Шахтинск қаласы қоғамдық кеңесінің жұмысы туралы есебі

«100 институционалдық қадам» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес 2016 жылғы 26 ақпанда Шахтинск қаласында Қоғамдық кеңес құрылды және өз жұмысын бастады, оған консультативтік – кеңесші функциясын орындау жүктелген.

            Қоғамдық кеңес – бұл барлық неғұрлым маңызды, қоғамдық  маңызы бар  мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіретін орган. Бұл үкімет пен қоғам бірлесіп осы мәселелерді талқылайтын және олар бойынша негізделген шешімдер шеңберін анықтайтын  ауқымды институционалдық-талдау жасалған алаң.

            Біздің елімізде құрылған осындай кеңестердің қызметі сияқты біздің қоғамдық кеңесіміздің қызметі де үкімет пен қоғамның өзара іс-қимылын дамытуға, мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығынқамтамасыз етуге  және біртіндеп еліміздің дамуын қамтамасыз етуге ықпал ету керек.

            Біз бюджеттік бағдарламалардың жобасын, стратегиялық жоспарлардың және аумақты дамыту бағдарламасының жобаларын талқылаймыз. Сонымен қатар, бізге жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік басқаруды жетілдіру және қызметтік этика нормаларын сақтауды қоса ала отырып, мемлекеттік аппараттың жұмысының ашықтығын ұйымдастыру мәселелері туралы өтініштерін қарау құзырлығы берілген.

            Кеңес құрамында қоғам, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары және депутаттар бар. Кеңес ережесі және оның жұмыс жоспары бекітілген, азаматтарды қабылдау кестесі жасалған. Қоғамдық кеңестің төрағасы, президиумы бар, ол жария және ашық болып табылады.

            3 тұрақты комиссия құрылған және жұмыс істейді: бюджет және қаржы, өнеркәсіпті, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі комиссия – төрағасы Мамерханова Жамала Сагантаевна; әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі комиссия  – төрағасы Онсович Николай Брониславович; Құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комиссия (менің төрағалығыммен).

            Қоғамдық кеңес қолданымдағы заңнамада қарастырылған тәртіппен қалыптастырылды. Кеңес қызметі бес қағидат бойынша құрылған: қоғамдық бастамадағы жұмыстар, автономдық, осындай әр кеңес басқа кеңеске бағынбайды, дербестік – бұл кеңестің қызметін сырттан ешкім басқара алмайды. Азаматтардың пікіріне құлақ асу үшін және проблеманың шешіміне жауап беру мүмкіндігін беру үшін кеңес жұмысына тұрғындар жұмылдырылады. Біз қаланың  әр тұрғынына қаланы дамыту мақсаты мен басымдылығын, сондай-ақ, не істеуіміз керек және қалай істеуіміз керектігін түсіндіруге тырысып келеміз.

            Жыл басынан бастап  Қоғамдық кеңестің 6 отырысы өткізілді. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру және Шахтинск аймағында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2016 жылы орындалуы,  Новодолинский және Долинка кенттерін дамыту сияқты мәселелер қаралды.

            Шахтинск қаласының қоғамдық кеңесінің жұмысы туралы ақпаратты қалалық мәслихат пен әкімдіктің сайтынан қарауға болады.      

            Шахтинск қаласының қоғамдық кеңесінің отырыстары белгілі бір ұсыныстар дайындайды. Мысалға айтсақ, 27 сәуірде қоғамдық кеңестің отырысы «Экстремизмге және терроризмге қарсы күрес жүргізу бойынша уәкілетті органмен қабылданған шаралар туралы» тақырыбында өтті. Қалалық Қоғамдық кеңес:  

1. Ішкі саясат бөлімінің немесе жастар орталығының ресми интернет – парақшаларында діни экстремизм мен терроризмді алдын – алу жөніндегі айдар ашу мүмкіндігін қарастыруды;

2. Жастарды дәстүрлі емес діни ағымдарға (бұдан әрі - ДДА) тартуды ертерек анықтауды ұйымдастыруды бақылауда ұстауды;

3.ДДА әлеуетті ұстанушыларда тұрақты сенімнің, бағыттың қалыптасуын алдын – алу мақсатында алдын – алу жұмыстарын күшейтуді;

4. Ақпараттық топтардың тұрғындармен, нысаналы топтармен өткізілген кездесулерінің тиімділігін, нәтижелілігін анықтау мақсатында кездесулер соңында қысқаша сауалнама жүргізуді;

5. Мемлекет тарапынан іске асырырылып жатқан әлеуметтік бағдарламалар мен жобалар туралы ақпаратты тұрғындарға тек ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізу  барысында ғана емес (әдеттегідей жұмылдырылған адамдар саны шектелген және белсенді жұмыс істейтін жастарды қоспағанда, жұмыссыз жастар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарынан тыс қалады), сонымен қатар инфографика арқылы да жеткізуді ұсынды.

            19 мамырда Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Шахтинск қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Е.Абишевтің қылмысты алдын – алу және оған жол бермеу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпараты қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша, пікір алмасқаннан кейін, Шахтинск қаласының ІІБ ЖПҚ бастығына:

1. Дүкендерді, кәсіпорындарды тондауды алдын-алу мақсатында шағын және орта бизнес өкілдерімен дабыл, бейне бақылау камерасын орнату, техникалық нығайту қажет екендігі туралы үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Автокөлік иелерімен күзетілетін тұрақтардың қызметін пайдалану мәселесі бойынша жүргізілетін жұмыстарды жалғастыру;

2.  Азаматтарды аймақтағы қылмыстық жағдай туралы ақпараттандыру, сондай-ақ, мүліктік қылмыс түрін алдын-алу мақсатында жергілікті БАҚ, сондай-ақ, жиындар өткізу кезінде кеңінен пайдалану;

3. Ауыр және аса ауыр қылмыс түрлерін алдын-алу мақсатында  бұдан әрі профилактикалық жұмыс жүргізу үшін ЖПҚ УПИ жұмысында тұрмыста құқық бұзушылыққа жол беретін, алкоголь өнімдерін асыра тұтынатын, сондай-ақ, еш жерде жұмыс істемейтін тұлғаларды  уақытында анықтауға және Шахтинск қаласы ІІБ есепке қоюға басымдылық беру;

4. Пәтер тонауды алдын-алу мақсатында «Қауіпсіз аула» құру, сондай-ақ «Көршінің қырағылығы» жоспарын іске асыру жұмысын қарқындату ұсынылды.

            5 шілдеде Кеңес отырысында қалалық денсаулық сақтау мекемелері басшыларының Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін іске асыру шеңберінде Шахтинск аймағының тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасы туралы есептері тыңдалды. Мәселені қарау қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері төмендегідей ұсыныстар берді:

1. Денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысы қанағаттанарлық деп есептелсін.

2. Медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастырсын, еңбек, атқарушылық тәртіптің сақталуына және емдеу-профилактикалық желідегі ұйымдастыру жұмысына, медициналық қызметкерлер тарапынан этиканы бұзу туралы халықтан шағымдардың түсуін алдын – алу жөніндегі жұмыстарға   бақылау жасауды күшейтсін.

3. Денсаулық сақтау мекемелерін түбегейлі жөндеу және оларды заманауи медициналық жабдықтармен жасақтау жобаларын іске асыру жұмыстарын қарқындатсын.

 4. Шахтинск аймағының тұрғындарына кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін көрсету жөніндегі жұмыстарды жалғастырсын.

            Құрылғаннан бері қоғамдық бақылаудың тағы бір нысаны ол нормативтік құқықтық актілердің  жобасына қоғамдық сараптама жасау болып табылады. Осылайша, Кеңестің талқылауына 11 НҚА жобасы ұсынылды, талқылау қорытындысы бойынша олар мақұлданды және оларға «азаматтардың  құқықтарын, еркіндігін және міндеттерін қозғайтын нормалар жоқ» деген ұсыныстар берілген.

            Шахтинск қаласының қоғамдық кеңесі қызметінің қорытындысы бойынша  жұмыстың бұл нысаны үкімет пен халық арасындағы маңызды мәселелер бойынша көз-қарастарды келісу үшін жаңартылған, нәтижелі  алаң болып табылады, бұл ретте халықтың құқығы мен мүддесі қарқынды және толық ескеріледі және іске асырылады, тұрғындарға жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге белсене қатысуға мүмкіндік беріледі.

            Кеңес қызметі біздің қаламызды дамытуға бағытталған, біз үкімет пен қоғамдық кеңес бірлесе отырып жасампаздық жұмыс жүргізеді деген сенімдеміз, Шахтинск аймағының бүгінгі таңдағы проблемаларына және оның болашағына бей-жай қарамайтын қаланың  белсенді тұрғындарына үміт артамыз.

М.Дюсекеев,

 Шахтинск қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы 


Размещение информации: 27.07.2017 16:58

Последнее изменение информации: 27.07.2017 17:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 25%, қысым 712, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.34
Euro 427.25
Рубль 5.88

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары