www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

2019 жылдың қорытындысы бойынша Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңесінің атқарған жұмысы туралы есебі

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес, Шахтинск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 наурыздағы 30 сессиясының шешімімен Шахтинск қаласының қоғамдық кеңесінің 9 адамнан тұратын жаңа құрамы бекітілді.

Кеңес құрамына депутаттық корпустың, Шахтинск қаласы әкімі аппаратының, қоғамдық бірлестіктердің және бюджеттік ұйымдардың өкілдері енгізілді.

Қоғамдық кеңес қызметінің негізгі мақсаты қоғамдық-маңызды мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылады.

Қоғамдық кеңестің әрбір мүшесіне қызметтің белгілі бір бағытыбекітілген.

Қоғамдық кеңестің жұмысы бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілді.

Есепті кезеңде 17 отырыс өткізіліп,онда қала тұрғындарын толғандыратын мәселелер қаралды,атап айтсақ: Шахтинск қаласында рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлердің мәселелері, Әлеуметтік сала мекемелерін және тұрғын үйлерді жаңа жылыту маусымына дайындалуы, Шахтинск қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифтерін бекітілуі және т. б..

Кеңестің барлық отырыстарына Қоғамдық кеңес мүшелерінен басқа, мемлекеттік мекемелердің өкілдері және т. б. қатысты.

Отырыстардың барлық хаттамалары ресми сайтта орналастырылған.

Қоғамдық кеңестің қызметі шеңберінде 4 көшпелі отырыс өткізілді, өткізу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері мердігерлік ұйымдардың басшыларына жүргізілген жөндеу жұмыстарындағы ұсақ кемшіліктер бойынша бірқатар ұсыныстар берді.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 18-бабын орындауда Қоғамдық кеңестер бақылауды тек қана жария рәсімдер арқылы, яғни қоғамдық тыңдаулар арқылы; бюджеттік бағдарламалардың, қала мен өңірді дамыту бағдарламаларының орындалуы туралы басшылардың есептерін тыңдау арқылы талқылау, қоғамдық сараптама арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ қалалық мәслихат, әкімдік және дербес бөлімдер ұсынатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қолданыстағы заңнаманың сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

Сонымен, есепті жылы НҚА 16 сараптама жүргізілді, бюджеттік бағдарламалар мен т. б. орындалуы бойынша басшылардың 17 есептері тыңдалды.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің төрағасы өз өкілеттілігі шегінде он үш сұраныс жолданып, оларға оң баға берілді.

Жалпы алғанда, Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырыстарында мүдделі тұлғалардың араласуын талап ететін барлық мәселелері олардың тарапынан түсіністікпен қаралып, жекелеген мәселелер бойынша өте қысқа мерзімде шешім табады.

Сөз соңында, Қоғамдық кеңестің барлық мүшелері талқыланатын мәселелерді қарастыруда жоғары белсенділікті танытатынын атап өткім келеді.

 

 

Шахтинск қаласының

Қоғамдық кеңесінің

төрағасы                                                                        Е. Керимкулов

 

 


Размещение информации: 05.01.2020 14:31

Последнее изменение информации: 05.01.2020 14:33

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 12°C , ылғал 56%, қысым 713, жел 8 м/с

Валюта бағамдары

USD 448.52
Euro 490.32
Рубль 5.69

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары