www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Шахтинск қаласының қоғамдық кеңес туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Осы Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңес туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің бекітілген қаулысына сәйкес әзірленді.
2. Қоғамдық кеңес – коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен  бірлесіп, жергілікті мемлекеттік басқару органдары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.
3. Мемлекеттік органдардың жанынан Заңда көзделгеннен өзгеше тәртіппен құрылатын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар және коммерциялық емес ұйымдар «қоғамдық кеңес» атауына ие бола алмайды және Заңда белгіленген өкілеттіктерді толық көлемде иелене алмайды.
4. Шахтинск қаласының қоғамдық кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Жергілікті деңгейде Қоғамдық кеңестерді қалыптастыру

5. Шахтинск қаласының қоғамдық кеңесі Заңмен көзделген тәртіппен қалыптастырылады.
6. Қоғамдық кеңестер екі деңгейде – республикалық және жергілікті деңгейлерде құрылады, автономды және дербес болып табылады. Қоғамдық кеңестер арасындағы өзара іс-қимыл Заңда көзделген тәртіппен іске асырылады.
7. Жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қоғамдық кеңестері жатады. Бұл ретте ауыл, кент, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала деңгейіндегі Қоғамдық кеңес функциялары жергілікті қоғамдастық жиналысына жүктеледі.
8. Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін қарауға тиіс.

 

 

3. Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімі

 

9. Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңесін мемлекеттік органдардың өкілдерінен және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан тұратын жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) қалыптастырады.
Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
10. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауы тиіс. Аталған өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы өзі дербес айқындайды. Бұл кезде мемлекеттік органның басшысы Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңесінде қаралатын мәселелердің басымдығына сүйенуге тиіс.
11. Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігін құрайды және коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
12. Жұмыс тобының сандық құрамын жергілікті деңгейде жергілікті өкілді органның басшысы айқындайды.
13. Жергілікті өкілді орган жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурсты өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырады.
14. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыруды жарияланғаннан кейін 10 күн мерзімде жергілікті өкілді органға жазбаша түрде жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсыныстарын жібереді.
Өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.
15. Азаматтық қоғамнан жұмыс тобына кандидаттарға Заңңын                 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.
16. Жергілікті өкілді орган конкурс мерзімі аяқталған соң келіп түскен ұсыныстардың негізінде жұмыс тобына кандидаттар тізімін әзірлейді және екі апта мерзімде жұмыс тобына кандидаттарды, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтарды шақыра отырып отырыс ұйымдастырады.
17. Жергілікті өкілді органның басшысы (бұдан әрі – жұмыс тобының басшысы) отырысты ашады және жүргізеді.
18. Отырыста осы Ереженің 14 және 15-тармақтарының талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ұсынған кандидатураларды талқылау жүргізіледі. Кандидатураларды талқылау қорытындысы бойынша ашық дауыс беру жүргізіледі. Отырысқа келмеген кандидатуралар бойынша дауыс беру жүргізілмейді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар жеңімпаз болып табылады. Тең дауыс санын жинаған кандидатуралар бойынша жұмыс тобы басшысының дауысы шешуші болып есептеледі.
19. Жұмыс тобының құрамы мемлекеттік орган басшысының шешімімен бекітіледі. Жұмыс тобының басшысы оның мүшелері қатарынан хатшыны тағайындайды.
20. Жұмыс тобының құрамы мемлекеттік органның, жергілікті өкілді органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

 

4. Жұмыс тобының өкілеттіктері

21. Жұмыс тобы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) тұрғындарды Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;
2) Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;
3) Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін өткізеді;
4) Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңес туралы ереже жобасын осы Үлгілік ереже негізінде әзірлейді.

 

5. Жұмыс тобының отырыстарын дайындау және өткізу

22. Жұмыс тобының отырыстары өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда хатшы жұмыс тобының мүшелерін оның өткізілу уақыты, орны, талқыланатын мәселелер туралы құлақтандырады.
23. Жұмыс тобының отырысы оның тізімдік құрамының үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылады.
24. Жұмыс тобының отырыстарын жұмыс тобының басшысы жүргізеді.
25. Жұмыс тобының отырыстарында шешімдер ашық дауыс беру жолымен қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауыс беруі арқылы қабылданады.
26. Жұмыс тобының отырыстарында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды.
27. Жұмыс тобы Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарламаны республикалық және (немесе) жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) мемлекеттік органның интернет-ресурсында оның атауын, пошталық мекенжайын, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, құжаттар және өзге де мәліметтер жіберілетін электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып және Заңның      10-бабының 2-тармағына сәйкес өзге де мәліметтерді жариялайды.
28. Жұмыс тобы отырыстарда Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар конкурсына қатысу үшін келіп түскен құжаттарды талқылауды және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді.
29. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңесіне бір ғана өкіл сайлануы мүмкін.
30.  Республикалық деңгейдегі қоғамдық кеңестерді құру кезінде бір адам тек бір Қоғамдық кеңестің мүшесі болып сайлана алады.
31. Құрылған Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңес құрамы мемлекеттік орган шешімімен, немесе жергілікті өкілді орган шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жіәне (немесе) тиісті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
32. Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының басшысы ашады, ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқаның бүкіл құрамы сайланады.
33. Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңес төрағасы, хатшысы, төралқасы сайланған соң жұмыс тобының және оның төрағасының өкілеттіктері тоқтатылады.

6. Өтпелі және қорытынды ережелер

34. Осы Ереже жергілікті қоғамдастық жиналысын қалыптастыру тәртібіне қолданылмайды, ол Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасымен регламенттеледі.

35. Жергілікті қоғамдастық жиналысы Қоғамдық кеңестің функцияларын «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен және Заңмен белгіленген өкілеттіктерге сәйкес жүзеге асырады.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 22.04.2016 17:07

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 10°C , ылғал 83%, қысым 708, жел 12 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.59
Euro 429.06
Рубль 6.05

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары