www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

2019 жылдың I жартыжылдығындағы Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңестің атқарған жұмысы туралы есебі

 

2019 жылдың  I жартыжылдығындағы

Шахтинск қаласының

Қоғамдық кеңестің

атқарған жұмысы туралы есебі

 

 

Шахтинск қаласының қоғамдық кеңесі 2016 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының талаптарына сәйкес азаматтық қоғам және мемлекеттік органдар өкілдерінен құрылған.

Қаланың Қоғамдық кеңесінің құрамы 9 адамнан, депутаттық корпус, әкімдік, Қоғамдық бірлестіктер мен бюджеттік сала өкілдерінен тұрады.

Қоғамдық кеңес қызметінің негізгі мақсаты қоғамдық-маңызды мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылады.

Қоғамдық кеңес консультативтік-кеңесші орган бола отырып, өз құзыреті шегінде бюджеттік бағдарламалардың, қала мен өңірді дамыту бағдарламаларының орындалуы туралы басшылардың есептерін тыңдайды, қалалық мәслихат, әкімдік және дербес бөлімдер ұсынатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан қарайды. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Қоғамдық кеңеске әр түрлі уәкілетті органдардан 11 НҚА жобасы келіп түсті, олар бойынша оң қорытындылар берілді.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Е.К. Керимкулов сайланды.

Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы кезеңде жеті отырыс өткізілді, онда келесі мәселелер қаралды: «Шахтинск қаласы әкімінің 2018 жылға әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы есебі», «Әйелдерге, қарт адамдарға және балаларға қатысты отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу», «Иесіз нысандарды мемлекеттік меншікке беру жөніндегі жұмыстар туралы», «Шахтинск қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы», «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қабылданатын шаралар туралы», «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілерінде қолжетімді орта құру жөніндегі жұмыс туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы жөніндегі жұмыс туралы».

Қоғамдық кеңестің барлық отырыстарына Қоғамдық кеңес мүшелерінен басқа, мемлекеттік мекемелердің өкілдері мен шақырылғандар қатысып отырады.

Қоғамдық кеңес отырыстарының барлық хаттамалары ресми сайтта орналастырылған.

Қоғамдық кеңестің қызметі шеңберінде көшпелі отырыстар өткізілді, оның жұмыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері мердігерлік ұйымдардың басшыларына жүргізілген жөндеу жұмыстарында анықталған ұсақ кемшіліктер бойынша бірқатар ұсыныстар берді.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің төрағасымен өз өкілеттілігі шегінде сегіз сұраныс жолданды және оларға оң жауаптар берілді.

Жалпы алғанда, Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырыстарында мүдделі тұлғалардың араласуын талап ететін барлық мәселелері олардың тарапынан түсіністікпен қарастырылады және жекелеген мәселелер бойынша өте қысқа мерзімде шешім табады.

 

 

Шахтинск қаласының

Қоғамдық кеңестің

төрағасы                                                                        Е. Керимкулов


Размещение информации: 05.07.2019 11:52

Последнее изменение информации: 05.07.2019 11:53

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 25°C , ылғал 31%, қысым 717, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.34
Euro 427.25
Рубль 5.88

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары