www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

2018 жылдың қорытындысы бойынша Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңес төрағасының атқарған жұмысы туралы есебі

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес, қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін айқындайды, оның өкілеттілігі азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын талқылаумен айқындалған. 

Мемлекеттік органның басшылары осы кеңестің отырыстарында атқарылған жұмыстары мен біздің аймақтың даму жоспарлары туралы баяндайды.

Кеңес құрамында қоғам, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары және депутаттар бар. Кеңес ережесі және оның жұмыс жоспары бекітілген, азаматтарды қабылдау кестесі жасалған.

Қоғамдық кеңестің жұмысы 2018 жылға бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіледі. Есеп кезеңінде Кеңестің 17 отырысы өткізілді, атап айтсақ: Қарағанды облысының мемлекеттік органдарының 2017 жылы бас бостандығынан айыру орнынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын іске асыруы туралы, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және 2017 жылға Шахтинск аймағында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау туралы, 2017-2019 жылдарға арналған құқық бұзушылық профилактикасының Кешенді жоспарын орындау жұмысының ахуалы және оны орындау бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі, «Шахтинск қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»  ММ жұмысы туралы, мемлекеттік қызмет көрсету және т.б., сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ әкімдік пен мәслихаттың 31 нормативтік құқықтық актілерінің жобалары қарастырылып, мақұлданды. Кеңес мүшелерінің қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірнеше сипаттағы  ұсынымдар берілді:

1.    Қоғамдық орындарда және көшелерде құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.

2.    Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында, маскүнемдіктің және алкогольдік ішімдікті, қылмысты қайталаудың алдын алу.

3. Әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша жұмысты күшейту.

4.    Жол қозғалысы ережелері мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты нормативтердің сақталуын тұрақты бақылау, жол қозғалысын реттеу.

5.    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту фактілеріне жол бермеу.

6.    Тұрғын үй қорын күтіп ұстау және пайдалану (ғимараттарды күрделі жөндеу және жаңғырту; сыртқы желілерді, ішкі жалпыүйлік инженерлік коммуникацияларды және жүйелерді (ғимараттарды) күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу.

7.    Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды оңалту жөніндегі жұмысты жалғастыру.

8.    Тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алу тізімдерін мерзімді  басылымда тоқсан сайынғы жарияланымдарды қамтамасыз ету.

Қоғамдық кеңестің негізгі жұмысының бағыты келесі жылдары бюджеттік бағдарламаларды қарастыру және оларды атқару бойынша есептерін тыңдау болып табылады. Ағымдағы жылдың ақпан айында қала әкімінің, қалалық мәслихат хатшысының және Қоғамдық кеңес төрағасының «2017 жылғы қорытындысы бойынша атқарылған жұмысы туралы», кент әкімдерінің «Шахтинск өңірінің кенттерін дамыту туралы», Шахтинск қаласының жергілікті полиция қызметі басшысының есептері тыңдалды.

2018 жылдың сәуір айынан бастап шілде айына дейін қаланың, сондай-ақ маңындағы кенттердің орталық және орамішілік көшелерін абаттандыру бойынша жүргізілген жұмыстарға, сонымен қатар, Парковая көшесі бойынша 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы барысын бақылау бойынша ай сайын көшпелі отырыстар жүргізіліп отырды.

2018 жылдың шілде айында Қоғамдық кеңестің құрамына өзгерістер енгізілуіне байланысты Қоғамдық кеңестің отырысы өткізіліп, Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңесінің Президиумы сайланды және басым бағыттар бойынша комиссиялар қалыптастырылды.

2018 жылы Шахтинск қаласының  Қоғамдық кеңесі «Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, «Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі» ММ, «Шахтинск қаласының тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі» ММ, «Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарларының орындалуын бақылау бойынша, сондай-ақ жер бөлу және пайдалану мәселесі бойынша, кәсіпкерлікті дамыту (бес бастама бойынша), қала мен кенттерді дамыту жоспарын, 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджетті орындау бойынша жұмыстарды жалғастырды.

Кеңестің 5 отырысы өткізілді, онда «Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, «Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі» ММ қызметіне қоғамдық бақылау функцияларын жүзеге асыру мәселелері мен басқа да мәселелер талқыланды. Қоғамдық кеңес өз жұмысының маңызды құрамдас бөлігі қала әкімімен, оның аппаратымен, қалалық бюджетті орындау мәселелері бойынша мәслихат депутаттарымен, мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламаларын толық қарау және олардың әлеуметтік бағыты деп санайды. Ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында кеңес 2 отырыс өткізді, онда «Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы С.А. Ташированың есебі және «Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы М.С. Алиевтің Парковая көшесіндегі 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы мәселелері бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау және дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің сараптамасын аяқтау жөніндегі есебі тыңдалды.

Қоғамдық кеңестің тұрақты назарында халықтың күнделікті өмірдің жекелеген мәселелерін шешудегі қанағаттанбаушылығын көрсететін басқа да мәселелер бар. Бұл, қала бойынша орнатылған бейнебақылау камераларының жұмыс тиімділігінің жеткіліксіздігі және үй ішіндегі аумақтарды, қала мен кенттердің ішкі кварталдық және Орталық жолдарын абаттандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру мәселелері.

Шахтинск қаласының қоғамдық кеңесі қызметінің қорытындысы бойынша оның қызмет етуінің басынан бастап мұндай жұмыс түрі билік пен тұрғындар арасындағы маңызды мәселелер бойынша ұстанымдарды келісу үшін өзекті, нәтижелі болып табылады, бұл ретте тұрғындардың құқықтары мен мүдделері белсенді және толық есепке алынып, іске асырылады, азаматтарға жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге белсенді қатысуға мүмкіндік беріледі.

       Кеңес қызметі қаламыздың дамуына бағытталған, атқарушы билік пен Қоғамдық кеңестің жасампаздық бірлескен жұмысына, Шахтинск аймағының бүгінгі проблемалары мен даму перспективаларына немқұрайлы қарамайтын қала тұрғындарының белсенділігіне сенеміз.

 

 

 

Шахтинск қаласының

Қоғамдық кеңестің

төрағасы                                                                        А. Щербаков


Размещение информации: 29.12.2018 14:44

Последнее изменение информации: 29.12.2018 14:45

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 23°C , ылғал 45%, қысым 717, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.80
Euro 429.27
Рубль 5.78

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары