www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

2018 жылдың І-жартыжылдығының қорытындысы бойынша Шахтинск қаласы қоғамдық кеңесінің жұмысы туралы есебі

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес, қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін айқындайды, оның өкілеттілігі азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын талқылаумен айқындалған.  

Мемлекеттік органның басшылары осы кеңестің отырыстарында атқарылған жұмыстары мен біздің аймақтың даму жоспарлары туралы баяндайды.

Кеңес құрамында қоғам, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары және депутаттар бар. Кеңес ережесі және оның жұмыс жоспары бекітілген, азаматтарды қабылдау кестесі жасалған.

Қоғамдық кеңестің жұмысы 2018 жылға бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіледі. Есеп кезеңінде Кеңестің 12 отырысы өткізілді, атап өтсек: Қарағанды облысының мемлекеттік органдарының 2017 жылы Бас бостандығынан айыру орнынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын іске асыруы туралы, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және 2018 жылға Шахтинск аймағында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау туралы, 2017-2019 жылдарға арналған құқық бұзушылық профилактикасының Кешенді жоспарын орындау жұмысының ахуалы және оны орындау бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі туралы, «Шахтинск қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»  ММ жұмысы туралы және т.б., сондай-ақ Қоғамдық кеңеспен әкімдіктің және мәслихаттың 18 нормативтік құқықтық актілерінің жобалары қарастырылып, мемлекеттік органдарға мақұлданған ұсынымдар берілді.

Қоғамдық кеңестің негізгі жұмысының бағыты келесі жылдары бюджеттік бағдарламаларды қарастыру және оларды атқару бойынша есептерін тыңдау болып табылады. Ағымдағы жылдың ақпан айында қала әкімінің, кент әкімдерінің және қалалық мәслихат хатшысының «2017 жылғы қорытындысы бойынша атқарылған жұмысы туралы» есебі Новодолинский, Долинка, Шахан кенттерін дамыту туралы.

Сәуірден бастап шілдеге дейін қаланың мөлтек ауданы мен көшелерін, сондай-ақ маңындағы кенттерді абаттандыру бойынша үнемі көшпелі  тексерулер жүргізіліп отырды. Одан басқа, Парковая көшесі бойынша 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы бойынша ай сайын отырыстар өткізіліп, міндетті көшпелі бақылаулар жүргізілді. Шілде айында Қоғамдық кеңестің отырысын өткізумен, Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңесінің Президиумы сайланып, басым бағыттар бойынша комиссиялар қалыптастырылды.

 

Шахтинск қаласының

Қоғамдық кеңестің

төрағасы                                                                        А. Щербаков


Размещение информации: 19.10.2018 17:34

Последнее изменение информации: 19.10.2018 17:38

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 5°C , ылғал 19%, қысым 719, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.75
Euro 434.26
Рубль 6.12

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары