www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына көмек

 «Шахтинск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жыл сайын мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына көмек көрсетеді. Көмек тағайындаудың негізгі критериясы отбасының жан басына шыққандағы табысы болып табылады. 

Табыс есебімен көмек түрі:
1. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек»
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына сай, азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру;
- амбулаторлық емделу кезінде әлеуметтік мәні бар аурулардың «туберкулездің»  болуы;
- әлеуметтік шарт негізінде әлеуметтік көмек (отбасының (тұлғаның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамту жәрдемінің шараларына қатысу жағдайында), ең төмен күнкөріс деңгейінің (2016 жылдың 4 тоқсанында ең төмен күнкөріс деңгейі 21879 теңгені құрайды) 0,6 еселік мөлшерден аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады. 

2. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек»
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алуға жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын (2016 жылдың 4 тоқсанында кедейлік шегі 8752 теңгені құрайды) Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың құқығы бар.

3. «18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы»
Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес, балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы отбасының ай сайынғы орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда тағайындалады (2016 жылдың 4 тоқсанында азық-түлік себетінің құны 13127 теңгені құрайды). 
Қосымша ақпаратты «Шахтинск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де, Шахтинск қ., Калинина көш. 17 мекенжайы бойынша алуыңызға болады,  № 3 кабинет,  тел. 3-63-82. 

«Шахтинск қ. жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ


Размещение информации: 02.11.2016 13:06

Последнее изменение информации: 02.11.2016 13:08

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 27°C , ылғал 33%, қысым 718, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.82
Euro 428.67
Рубль 5.86

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары