www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Халықтың мәліметіне

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мүгедектерді әлеуметтік қолдауды жетілдіру мақсатында ескірген сурдо-тифлотехникалық құралдарды заманауи көп функциялы электрондық гаджеттерге ауыстыруды қоса алғанда Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін (бұдан әрі – Тізбе)  өзектендіру бойынша нақты жұмыс жүргізілді.
Қаулыға сәйкес оңалтудың техникалық құралдарының (бұдан әрі – ОТҚ) бірқатарын, атап айтқанда
бейнекомпьютерлерді веб-камерасы бар ноутбукке;
компьютерлік тифлокешендерді сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбукке;
диктофондарды дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұтқыр телефондарға ауыстыру көзделген.
Аталған өзгерістер 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұл ретте, мүгедектерді жаңа ОТҚ-мен мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі –ОЖБ) тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін ғана қамтамасыз етуге болады, өйткені қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар ОЖБ негізінде ғана мүгедектерді оңалту құралдарымен қамтамасыз етуді және қызметтерін көрсетуді ұйымдастырады.
Егер мүгедектер бұрын бейнекомпьютерлермен, компьютерлік тифлокешендермен және диктофондармен қамтамасыз етілсе, ол жағдайда веб-камерасы бар ноутбукпен, сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбугімен, дыбыспен хабар беретін және диктофонымен тек қана бұрын берілген тифло-техникалық құралдардың пайдалану мерзімі (5 жыл) өткеннен соң ғана қамтамасыз етілетінін түсіндіру қажет.
Анықтама үшін:
«Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» ҚР ДСӘДМ 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес
- бейнекомпьютерлер кемінде 5 жылдан кейін ауыстырылады,
- компьютерлік тифлокешендер, диктофондар кемінде 5 жылдан кейін ауыстырылады.

 


Размещение информации: 16.01.2017 17:01

Последнее изменение информации: 16.01.2017 17:02

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 17°C , ылғал 57%, қысым 712, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.05
Euro 428.25
Рубль 5.84

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары