www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Мүгедектердің мәліметіне

«Шахтинск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жыл сайын санаторий-курорттық емделуді ұсынуға құжаттар қабылдауын жүргізеді. ҚР ДС және ӘДМ  22.01.2015 жылғы № 26 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес, санаторий-курорттық емделуді алуға мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сай мүгедек балалар және жалпы ауыратын барлық топтардағы мүгедектер құқылы. 
Жолдамалар жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатылып алынады және қажеттілікке сай олардың нысаналы мақсаты бойынша қолдану үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің арасында таратылады.
Сонымен бірге медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
Қарттар мен мүгедектер үшін тәуліктік тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруына арналған жалпы типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар):
1) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, наркологиялық диспансерде есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектердің;
2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, өзіне қызмет көрсете алмайтын және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, наркологиялық диспансерде есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар қарт адамдардың тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруына арналған. 

Мүгедектер мен қарттардың стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұруына:
- белсенді процесс сатысындағы туберкулездің;
- психикалық аурулардың (соматикалық ауру кезіндегі невроздарды, неврозға ұқсас жай-күйлерді, ақыл-ес кемістігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (2-3 айда бір реттен артық емес) этиологиясы әртүрлі тырыспалы синдромдарды қоспағанда);
- карантиндік инфекциялардың, тері мен шаш жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажет ететін аурулардың болуы медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады. 
МӘМ-ге жолдамалар жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен жалпы кезектілік тәртібінде ұсынылады. 

Қосымша ақпаратты «Шахтинск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де, Шахтинск қ., Калинина көш. 17 мекенжайы бойынша алуыңызға болады,  № 3 кабинет,  тел. 3-63-82.  «Шахтинск қ. жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ


Размещение информации: 02.11.2016 09:05

Последнее изменение информации: 02.11.2016 12:25

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 22°C , ылғал 23%, қысым 715, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 387.34
Euro 428.44
Рубль 6.04

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары