www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Мүгедектердің құқығын қорғау туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 433-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, ҚР «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.
2015 жылы 20 ақпанда Елбасымен ҚР «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңына қол қойылды. Осы Конвенцияны ратификациялау бойынша жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында, елімізде кезең-кезеңмен Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспары іске асырылады. Жоспардың аясында қолжетімді орта құру үшін барлық аймақтарда әлеуметтік маңызы бар нысандардың мүгедектер үшін қолжетімділігінің жағдайын бағалау және бейімделуі үшін олардың түгенделуі (құжаттандырылуы) жүргізіледі. 
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, мүгедектерге келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі: «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету», «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерге кресло-арбалар беру», «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету».
Көрсетілген заңдарды жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде қарауға болады.

 


Размещение информации: 09.09.2016 08:54

Последнее изменение информации: 09.09.2016 08:54

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 10°C , ылғал 83%, қысым 708, жел 12 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.59
Euro 429.06
Рубль 6.05

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары