www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның 2016 жылдың 8 маусымдағы отырысы

2016 жылдың 8 маусымы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қалалық үшжақты комиссияның отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі сұрақтардың бірі «Шахтинск қаласы әкімінің, қалалық кәсіподақтар (жұмысшылар) бірлестіктерінің, кәсіпкерлері мен жұмыс берушілердің арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған Келісімге өзгертулер енгізу туралы».

Шешім қабылданды: Шахтинск қаласы әкімінің, қалалық кәсіподақтар (жұмысшылар) бірлестіктерінің, кәсіпкерлері мен жұмыс берушілердің арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған Келісімді толықтыру.

 

2 тарау «Халықты жұмыспен нәтижелі қамту және адам капиталын дамытуға көмек беру» тармақтарын келесі мазмұндармен толықтырылсын:

2.7. Кәсіпорынның экономикалық жағдайын әлсіретуге алып келетін өндіріс көлемінің, орындалған жұмыстардың және қызмет түрлерінің көлемі төмендеген жағдайда жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жұмыскерлердің қысқаруын минималдандыру, сондай-ақ, төменде көрсетілген шаралар жолымен шешуді міндетіне алады:

- жұмыс тоқтап тұрған жағдайда жұмыскердің келісімін алмастан денсаулығына зиян келмейтін, орындаған жұмысына төленетін басқа жұмысқа көшіруді;

- әкімшілік-басқару шығындарын қысқарту.

2.8. Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 52 бабы, 1 тармағы, 3 тармақшасында қарастырылған негізде еңбек келісім шартын бұзу кезінде (жұмыс берушінің экономикалық жағдайын әлсіретуге алып келетін өндіріс көлемінің,орындалған жұмыстардың және қызмет түрлерінің көлемі төмендеген жағдайда), жұмыс беруші кәсіпорын кәсіподағы немесе жұмыскерлердің өкіліне жұмыс берушінің актісі жобасын (бұйрық) және хабарламасын береді. Бұл бұйрық және хабарламада еңбек келісім шартын бұзуға негіз болған себептер көрсетіледі  (жұмыс берушінің экономикалық өзгерістері  мен еңбек келісім шартын бұзудың қажеттілігі арасында тікелей байланыстың болуы), заңнамада қарастырылған мерзімде есепке алумен қатар жұмыс берушінің акті шықпастан 30 күн мерзімде кәсіподақ және жұмыскерлер өкілдерінің мотивацияланған пікірлерін сәйкесінше алуға.

6 тарау «Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік жауапкершілікті дамыту»

6.2.тармағын келесі мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:

4) ұжымдық келісім шарттың маңыздылығын, жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы әлеуметтік диалогты ұйымдастыру механизмдерін, еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленісті шешу және алдын алу тәртібін түсіндіру бойынша біріккен шаралар өткізу.


Қалалық үшжақты комисси


Размещение информации: 27.07.2016 13:02

Последнее изменение информации: 27.07.2016 13:09

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 4°C , ылғал 16%, қысым 724, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары