www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Әріптестік туралы меморандум

Өндірістік процесстерді тұрақтандыру, жұмыскерлердің еңбек құқығын
және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мәселелері бойынша әріптестік туралы жұмыс беруші мен кәсіподақ, Шахтинск қаласы
әкімдігінің арасындағы өзара түсінушілік туралы
МЕМОРАНДУМ

 

Шахтинск қ.
2015 жылдың «04» ақпаны

Өндірістік процесстерді тұрақтандыру, жұмыскерлердің еңбек құқығын және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мәселелері бойынша әріптестік туралы жұмыс беруші мен кәсіподақ, Шахтинск қаласы әкімдігінің арасындағы өзара түсінушілік туралы осы Меморандум (бұдан әрі – Меморандум), әрі қарай бірлесіп «Тараптар» аталынатын:
- Шахтинск қаласының әкімі Александр Минвалиевич Аглиулин тұлғасында, Шахтинск қаласы әкімдігінің (бұдан әрі – Әкімдік),
- Дулат Кужатович Сыздыков тұлғасында, «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС (бұдан әрі – жұмыс беруші),
- Владимир Николаевич Гаврилов тұлғасында, «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС еңбек ұжымының Кеңесінің (бұдан әрі – Кәсіподақ) арасында жасалды. 
Тараптар осы Меморандуммен төменде айтылғаны туралы келіседі:

1 бап. Меморандумның мақсаты

Осы Меморандумның мақсаты өндірістік кешеннің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, жұмыс орындарының сақталуы және персоналды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау болып табылады.

2 бап. Өндірістік процесстерді тұрақтандыру, жұмыскерлердің еңбек құқығын және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар

Жұмыс берушінің міндеттері

1. (Өндірістік іс-шаралар – кәсіпорында технологиялық процесстердің қалыпты қызмет етуі үшін өндірістік параметрлерді анықтау, жылдық өнімді өткізуді қамтамасыз ету).
2. (Өндірістік шығындарды төмендету – шығындарды азайту, өнімнің өзіндік құнын арзандату, ақша қаражатын үнемдеу, өндірісті жетілдіру бойынша шаралар).
3. Өнім шығарудың (жұмыс) көлемін қысқарту кезінде кәсіподақпен (жұмысшылар өкілдерімен) келісу бойынша толық емес жұмыс уақыты тәртібін енгізуді қоса, жұмыс орындарын сақтау бойынша барлық мүмкіндіктерді қарастыру.
4. Экономикалық, өндірістік сипаттағы себептер бойынша жұмысты уақытша тоқтату жағдайында Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған әлеуметтік қорғау шараларын қабылдау.
5. Әкімдікке және кәсіподаққа ақпарат ұсыну:
1) штатты немесе санды қысқартуға байланысты болатын жұмыскерлерді босату туралы, босатудың алдында екі айдан кем емес уақытта, босатылатын жұмыскерлердің еңбек төлемінің мөлшерін және кәсібін, мамандығын, біліктілігі мен лауазымын көрсетіп, жұмыскерлердің санаттары мен саны туралы және оларды босатудың мерзімдері туралы;
2) ұйымдағы өндірістің өзгеруіне байланысты жұмыскерлердің толық емес жұмыс уақыты тәртібіне ауысу бөлігінде еңбек жағдайының алдағы өзгеруі туралы, соның ішінде қайта құрылу кезінде, және (немесе) бір айдан кем емес уақытта жұмыс берушінің жұмыс көлемінің қысқартылуы туралы;
3) бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы, олардың пайда болу күнінен үш жұмыс күн ішінде.
6. Жұмыскерлердің қысқартылуын болдырмау мақсатында уақытша жұмыс орындарды құру, сондай-ақ жұмыскерлерді қайта оқыту бойынша шаралар қабылдау.
7. Жаңа өндірістер және жұмыс орындары пайда болған кезде басым тәртіпте бұрын босатылғандар санынан бос лауазымға орналасуға үміткерлерді қарастыру, ұсынылған біліктілік талаптарға сәйкес жағдайларында.
8. Жұмыскерлерге жалақыны уақытылы төлеуді қамтамасыз ету.
9. Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссия шешімдерін орындау, әлеуметтік әріптестік бойынша салалық, аймақтық, бас келісімнің, ұжымдық келісім шарттың міндеттерін орындау.
10. Жалпы алаңдаушылық туғызатын басқа да міндеттер.

Әкімдіктің міндеттері

  1. Осы меморандумды іске асыру бойынша тараптардың бірлескен жұмысын үйлестіру.
  2. Кәсіпорынның өндірістік қызметінің күрделі мәселелерін шешуге, жаңартпа енгізу және инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған шараларды қабылдау.
  3. Ай сайын жұмыс берушінің, кәсіподақтың қатысуымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссияда болжамдалған жағдайды және ұсынылатын шараларды қарастыру.
  4. Аймақтық еңбек нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша жұмыскерлерді кәсіби оқытуға және қайта оқытуға жәрдемдесу.
  5. Жұмыс берушімен және кәсіподақпен бірлесіп еңбек ұжымында өндірістік қызметті тұрақтандыру және әлеуметтік-еңбек дауларының туу қаупін алдын алу бойынша қабылданатын шаралар туралы түсіндіру жұмысын жүргізу.
  6. Босатылған әр бір жұмысшыны жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында қолданыстағы заңнама шеңберінде мүмкін болатын және қол жетімді барлық шараларды қолдану.

7. Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссия шешімдерін орындау, әлеуметтік әріптестік бойынша салалық, аймақтық, бас келісімнің міндеттерін орындау.
8. Сарапшылық көмекті қамтамасыз ету, осы меморандумға сәйкес жұмыс берушілермен, кәсіподақпен міндеттерді қамтамасыз ету үшін кеңестер өткізу.
9. Жалпы алаңдаушылық туғызатын басқа да міндеттер.

Кәсіподақтың міндеттері

  1. Тұрақтылықты сақтау және әлеуметтік-еңбек дауларын болдырмау мақсатында еңбек ұжымында өндірістік процесстерді тұрақтандыру бойынша кәсіпорын әкімшілігімен және мемлекеттік органдармен өткізілетін шаралар туралы түсіндіру жұмысын жүргізу.
  2. Жұмыс берушілермен ішкі тәртіп ережелерін және еңбек тәртібін сақтауға жәрдемдесу.
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссия шешімдерін орындау, әлеуметтік әріптестік бойынша салалық, аймақтық, бас келісімнің, ұжымдық келісім шарттың міндеттерін орындау.  
  4. Әлеуметтік-еңбек дауларының алдын алу және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ереуілдер, бейбітшілік жиналыстарын, митингтер, шерулер, пикеттер мен қимылдар өткізудің және ұйымдастыру тәртібін сақтауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау. 
  5. Жалпы алаңдаушылық туғызатын басқа да міндеттер.

 

3 бап. Қорытынды ережелер

1.  Осы меморандумға қол қойған әр тарап өз уәкілдігінің шеңберінде өзінің жауапкершілігін мойындайды және өзара келісу мен құрылған уағдаластық қағидасының негізінде туындаған мәселені шешуге қызмет етуге міндеттенеді.
2. Осы Меморандумның ережесін пайдалану немесе түсіндіру кезінде шиеленістер және келіспеушілік туындаған жағдайда Тараптар оны кеңестер және келіссөздер жолымен шешеді.
3. Осы Меморандум бірдей заңды күші бар, әр тарап үшін бір-бірден 3 данада жасалды.
4. Меморандумға барлық өзгертулер мен толықтырулар кеңестер және келіссөздер өткізу жолымен барлық тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.
5. Осы меморандум оған тараптармен қол қойылған кезден бастап күшіне енеді.

Осы меморандумға қол қойылды:

 

Шахтинск қаласының әкімі  ______________________ А.М. Аглиулин

«Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС ____________________Д.К. Сыздыков

«Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС

Еңбек ұжымының кеңесі        ______________________ В.Н. Гаврилов


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 20.05.2016 15:16

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 41%, қысым 715, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 378.38
Euro 431.05
Рубль 6.02

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары