www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

2018

2018 жылдын 1 жартыжылдығына арналған әлеуметтік серіктестік бойынша ақпарат

         Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үшжақты комиссияның отырысы жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі. Жұмыс тобының отырысы үнемі әлеуметтік серіктестіктің үш тарапының өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.
Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үшжақты комиссияның отырыстарында әлеуметтік серіктестікті одан әрі дамытуға, еңбек қатынастарын реттеу, әлеуметтік және экономикалық даму мәселелері бойынша шешімдер қабылдау кезінде оның мүмкіндіктерін тиімді қолдануға қатысты мәселелер қарастырылады.
2015-2017 жылдарға арналған Шахтинск қаласының әкімі, кәсіподақ бірлестіктерімен (жұмыскерлерімен), кәсіпкерлер қауымдастығы және қала жұмыс берушілері арасындағы келісімнің мерзімі аяқталды.
Жаңа кезең 2018-2020 жылдарға Қалалық үшжақты Келісімге қол қою үшін келесі іс-шаралар өткізілді:
- Шахтинск қаласы әкімдігінің 4.01.2018 жылғы №1/04 қаулысымен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен әлеуметтік серіктестік бойынша комиссия қатысушыларының дербес құрамына өзгертулер енгізілді;
- 2018 жылдың 10 және 17 қаңтарында жұмыс берушіледен қаланың кәсіподақ бірлестіктерінің өкілдерінен  Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үшжақты комиссия қатысушыларының дербес құрамын қалыптастыру үшін Шахтинск өңірінің жұмыс берушілерімен жиналыс өткізілді. Үміткерлерді талқылау нәтижесінде қалалық үшжақты комиссияның құрамына жұмыс берушілер санынан 5 өкіл және жұмыскерлер (кәсіподақтар) санынан 5 өкіл қосылды;
- Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Шахтинск қалалық үшжақты комиссияның 2018 жылға арналған жоспары әзірленді.
2018 жылдың 5 шілдесінде барлық талаптармен 2018-2020 жылдарға арналған Шахтинск қаласының әкімі, кәсіподақ бірлестіктерімен (жұмыскерлерімен), кәсіпкерлер қауымдастығы және қала жұмыс берушілері арасындағы келісімге салтанатты түрде қол қойылды.
Есептік кезең ішінде Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Шахтинск қалалық үшжақты комиссия отырыс және жұмыс тобының 2 отырысы өтті.
Отырыстарда Шахтинск аймағының кәсіподақтар ұйымдарының және жұмыскерлерінің өкілдерімен, Шахтинск аймағының жұмыс берушілерінің және кәсіпорындарының өкілдерімен мына сұрақтар қарастырылды:
- 2018-2020 жылдарға арналған Шахтинск қаласының әкімі, кәсіподақ бірлестіктерімен (жұмыскерлерімен), кәсіпкерлер қауымдастығы және қала жұмыс берушілері арасындағы келісімді талқылау;
- 2018-2020 жылдарға арналған Шахтинск қаласының әкімі, кәсіподақ бірлестіктерімен (жұмыскерлерімен), кәсіпкерлер қауымдастығы және қала жұмыс берушілері арасындағы келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын талқылау;
- Еңбек дауы мен шиеленістерін шешу туралы: олардың алдын алу және реттеу жолдары. Мекеме мен кәсіпорын жұмыскерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру.
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес еңбек міндеттерін атқару кезінде жұмыс беруші жұмыскерге келтірілген зиянды толық және уақытылы жүзеге асыру, кәсіпорындарда қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын құрумен еңбек заңнамасын сақтаудың қоғамдық бақылауын жүзеге асыру.
- Көп жұмыс орындарының қысқартылуына жол берген жұмыс берушілер туралы.
- 90% және одан да көп міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдарды аудару көлемдерінің төмендеуіне жол берген жұмыс берушілер туралы. 
Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қалалық Үшжақты комиссияның рөлін арттыруға бағытталған шараларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Ұжымдық еңбек дауларын шешу тиімділігін арттыру бойынша бірлескен жұмыс жалғасуда.
Еңбек қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл, ұжымдық еңбек дауларын шешуді реттеу бойынша орын алған практика кезінде жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуде шаралар қолданылады. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үшжақты комиссияның жұмыс тобы мүшелерінің санынан құрылған ұжымдық еңбек дауларын алдын алу және шешу сұрақтары бойынша Кеңес әрекет етеді. Есептік кезең ішінде ұжымдық еңбек дауларын алдын алу және шешу сұрақтары бойынша Кеңеске жеке және ұжымдық еңбек даулары бойынша өтініштер түскен жоқ.
Барлық кәсіпорындармен кәсіподақтық ұяшық құру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Шахтинск қаласының кәсіпорындарындағы жұмысшыларға еңбек қатынастарын жетілдіру мәселелерінде әлеуметтік әріптес болып табылатын кәсіподақтарды жаңғырту қажеттілігі туралы ақпараттары бар буклеттер таратылады.
2018-2020 жылдарға арналған жұмыс берушілер мен кәсіпкерлермен, кәсіподақ өкілдерімен, Шахтинск қаласы Әкімі арасындағы келісімді іске асырудың негізгі тетіктерінің бірі ұжымдық қарым-қатынас шарттары болып табылады. 
Қала ұйымдарында қабылданатын ұжымдық шарттар жұмыскерлердің заңды мүдделерін және әлеуметтік-еңбек және экономикалық құқықты қорғауға, жұмыс берушінің (ұйымның) тиімді жұмысын қамтамасыз етуге, ұжымдық шартқа қол қойған тараптардың өзара жауапкершілігін жоғарлатуға бағытталған.
Қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ҚҮК жұмыс органы бола отырып, жұмыс берушілерге ақпараттық-құқықтық көмек көрестеді. Заңнаманың негізгі ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар туралы ақпаратты мәліметке жеткізеді. Әр жүгінген жұмыс берушіге іжымдық шарт жобасын құруға (ұжымдық шарт макетін ұсыну) кеңестік және практикалық көмек, сондай-ақ әдістемелік ұсыныстар көрсетіледі.
Әрбір мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның өкілдерімен келісімдер мәтініне толықтырулар енгізу, ережелерді нақтылау және одан әрі Қарағанды облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына ұжымдық шарттарды одан әрі тіркеуге дайындық бойынша жұмыстары жүргізілді.
Қайта тіркелген кәсіпорын басшыларының атына ұжымдық шарт жасау және ұжымдық келіссөз өткізу бойынша ұсыныстармен хат (Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің көшірмесімен қосымша) жолданады, жеке әңгімелесулер жүргізіледі. Қайта тіркелген кәсіпорын басшыларымен ұжымдық шарт жасаудың және шарт жасау туралы жұмыскерлердің ұсыныстардан бас тартқаны үшін жауапкершілік туралы жеке әңгімелесулар өткізіледі.
01.07.2018 жыл жағдайы бойынша есептік деректер бойынша 144 кәсіпорында ұжымдық шарт жасалды, оның ішінде ірі - 3 (100%), орта - 12 (100%),  шағын кәсіпорындарда - 129 (78,2%). Шахтинск аймағының кәсіпорындары мен ұйымдарында жасалған барлық ұжымдық шарттарына аналық пен балалық шақты қолдау үшін жағдай жасайтын ережелер қосылған, емізетін аналарға жәрдемақылар көрсетілген.
Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерлету және оларды осы саладағы ең үздік тәрбиені енгізуге ынталандыру мақсатында, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын жыл сайын өткізу белгіленді.

«Парыз» конкурсына қатысу бойынша түсіндірме жұмыстары мақсатында қаланың кәсіпкерлерімен 17 кездесу өтті. 08.06.2018 жылғы №23 «Шахтинский вестник» газетінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Парыз»  конкурсы жөніндегі мақала жарияланды, сонымен қатар Шахтинск қаласы әкімдігінің интернет ресурсында ақпарат жарияланды. Екі тілде ақпараттық буклет әзірленді және Шахтинск өңірінің шағын және орта бизнес кәсіпорындары бойынша жарияланды.
Атқарылған жұмыс нәтижесінде «Парыз» конкурсына қатысуға «Ең үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша өтінім ұсынды: Жеке кәсіпкер И.В. Бекчанова, «ТемирЛайн» ЖШС.
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы идеясынының алға басуы үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен алдыңғы жылдан бастап еңбек әулеті мен өнідіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек Жолы» Республикалық конкурсы құрылды. Оның мақсаты – ел экономикасының дамуына еңбекті елеулі үлес қосқан отандастардың жетістіктеріне қазақстандықтардың мақтанышын тәрбиелеу.
«Еңбек Жолы» байқауын өткізу туралы ақпарат Шахтинск қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылды. «Шахтинский вестник» жергілікті газетінде «Еңбек-Жолы» Республикалық конкурсы»  мақаласы жарияланды (2018 жылдың 22 маусымындағы №25);
«Еңбек Жолы» байқауына қатысу туралы Шахтинск қаласының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілеріне хат-жолдаулар жолданды. «Еңбек Жолы» байқауына Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының Шахтинск қаласындағы филиалына жеке кәсіпкерлік субъектілерін қатыстыру бойынша хат жолданды. «Еңбек Жолы» конкурсына қатысу туралы Шахтинск қаласының жұмыс берушілері мен кәсіпкерлеріне өтінім хаттар жолданды.
Атқарылған жұмыс нәтижесінде «Еңбек жолы» конкурсына қатысу үшін «Шахтинск қ. емханасы» КМК «Өндірістің жас қызметкері» номинациясы бойынша өтінім ұсынылды.
Өтінім онлайн дауысқа көшу үшін қала әкімінің интернет порталына орналастырылды және қарастыруға облыстық комиссияға жолданды.

 


Размещение информации: 13.02.2019 15:19

Последнее изменение информации: 15.02.2019 08:40

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 41%, қысым 715, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 378.38
Euro 431.05
Рубль 6.02

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары