www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

2017

2017 жыл ішінде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қалалық Үшжақты комиссияның 5 отырысы және жұмыс тобының 5 отырысы өткізілді.
Отырыстарда Шахтинск аймағының кәсіподақтар ұйымдарының және жұмыскерлерінің өкілдерімен, Шахтинск аймағының жұмыс берушілерінің және кәсіпорындарының өкілдерімен мына сұрақтар қарастырылды:
- 2017 жылға арналған әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қалалық үшжақты комиссия отырысының жоспарын бекіту;
- Шахтинск қаласында 2015- 2017 жылдарға индустриялық-инновациялық дамудағы мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы. Шахтинск қаласында әлеуметтік-мәдени нысандардың, тұрғын үй кешенді құрылысының даму жоспары туралы.
- Әлеуметтік мәні бар ауруларды алдын алуды қосқанда жұмыс орындарында денсаулықты сақтауға бағытталған, сондай-ақ жұмыскерлерді сауықтару бойынша және дене мәдениетімен, спортпен айналысу үшін жағдай жасау, корпоративтік әлеуметтік бағдарламаларды еңгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы.
- «Карағанды – Шахтинск» маршруты бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын екі шаруашылық жүргізуші субъектінің мүдделер қақтығысын шешу туралы;
- Бар нарықтық тауашалар туралы әлеуетті кәсіпкерлерді кең ақпараттандыруды қамтамасыз ету туралы. Азаматтардың түрлі топтарын кәсіпкерлік қызметіне тарту мақсатында, әлеуметтік жарнама, БАҚ арқылы кәсіпкерлік әлеуетін ашу;
- КОБ рейтингін жоғарлату, экономикадағы дамуда КОБ рөлін БАҚ арқылы насихаттау, аймақтағы әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу;
- отбасылық және әйелдер кәсіпкерлігінің формаларын дәріптеу.
- Еңбек дауы мен шиеленістерін шешу туралы: олардың алдын алу және реттеу жолдары. Мекеме мен кәсіпорын жұмыскерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру.
- Кәсіби сырқат туындауын болдырмау және өндірістік жарақаттанудан өлім-жітім деңгейін төмендетуге бағытталған еңбекті қорғау және еңбек жағдайларын жақсарту бойынша шараларды іске асыруды қамтамасыз ету туралы.
- Әлеуметтік тәуекелдің басталу жағдайында кәсіпорындардың және мекемелердің жұмыскерлерін мына жолдармен әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету: өндірістегі жазатайым жағдайлардан жұмыскерлерді сақтандыру; міндетті зейнетақы және кәсіптік жарналарын және әлеуметтік аударымдарын толық және уақытылы төлеуді қамтамасыз ету туралы.
- Жастардың қоғамдық бастамаларын ынталандырумен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға қатысу, волонтерлық қозғалыс саласында жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар туралы.
- Бюджеттік саладағы мекемелерде әлеуметтік әріптестіктің даму жағдайы туралы.
- Экономиканыың даму басымдықтарын ескере отырып, кадрларды қайда даярлау және кәсіби даярлау, еңбек ресурстары сапасын жоғарылату туралы. Индустриялаудың өңірлік карталарына тіркеулі дуальдік оқытуды енгізу туралы.
- Кәсіби аурулардың пайда болуының алдын алу мен өндірістік жарақаттанудан өлім-жітімді төмендетуге бағытталған еңбекті қорғау және еңбек жағдайларын жақсарту бойынша шараларды іске асыруды қамтамасыз ету туралы.
- Өндірістік және экологиялық  қауіпсіздікті, қоршаған орта жағдайына жауапкершілікті арттыру бойынша өкізіліп жатқан іс-шаралар туралы.
- Шахтинск қаласында 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын іске асыру туралы.
- заңсыз көші-қонды, оның ішінде еңбек көші-қонын анықтау бойынша шаралар туралы.
- Шахтинск қаласының әкімі, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасында өндіріс процестерін тұрақтандыру, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және қызметкерлерді жұмысқа орналастыру, еңбек дауларын және қақтығыстарды болдырмау және шешу мәселелері бойынша жасалған меморандумдардың шарттарын орындау туралы.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру мен алға тарту және осы салада жақсы тәжірибе енгізуді ынталандыру мақсатында Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерімен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жыл сайын «Парыз» конкурсын өткізу белгіленді.
«Парыз» конкурсына қатысу бойынша түсіндірме жұмыстары мақсатында қаланың кәсіпкерлерімен 11 кездесу өтті. 26.05.2017 жылғы №21 «Шахтинский вестник» газетінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» конкурсы туралы ақпарат жарияланды, сондай-ақ Шахтинск қаласы әкімдігінің интернет ресурсында ақпарат орналастырылды.
Атқарылған жұмыс нәтижесінде «Парыз» конкурсына қатысуға мына номинация бойынша өтінім ұсынды:
- «Ең үздік ұжымдық шарт» - Жеке кәсіпкер Матюхин, «ТемирЛайн» ЖШС.
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы идеясынының алға басуы үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен алдыңғы жылдан бастап еңбек әулеті мен өнідіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек Жолы» Республикалық конкурсы құрылды. Оның мақсаты – ел экономикасының дамуына еңбекті елеулі үлес қосқан отандастардың жетістіктеріне қазақстандықтардың мақтанышын тәрбиелеу.
«Енбек Жолы» байқауын өткізу туралы ақпарат Шахтинск қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылды. «Шахтинский вестник» жергілікті газетінде «Енбек-Жолы» мақаласы жарияланды (2017 жылдың 26 мамырындағы №21);
- «Енбек Жолы» байқауына қатысу туралы Шахтинск қаласының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілеріне хат-жолдаулар жолданды;
- «Енбек Жолы» байқауына Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының Шахтинск қаласындағы филиалына жеке кәсіпкерлік субъектілерін қатыстыру бойынша хат жолданды;
«Еңбек Жолы» конкурсына қатысу туралы Шахтинск қаласының жұмыс берушілері мен кәсіпкерлеріне өтінім хаттар жолданды.
2017 жылдың 2 маусымында «Парыз 2017» және «Енбек Жолы» байқауларын өткізу туралы сұрақ Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Шахтинск қалалық үшжақты комиссия отырысында қарастырылған.
Атқарылған жұмыс нәтижесінде «Еңбек жолы» конкурсына қатысу үшін «Шахтинск қ. емханасы» КМК М.В. Ухваткинаға «Өндірістің жас қызметкері» номинациясы бойынша өтінім ұсынылды.
Өтінім онлайн дауысқа көшу үшін қала әкімінің интернет порталына орналастырылды және қарастыруға облыстық комиссияға жолданды.

Барлық кәсіпорындармен кәсіподақтық ұяшық құру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Шахтинск қаласының кәсіпорындарында жұмыскерлерге еңбек қатынастарын жетілдіру мәселелеріндегі әлеуметтік серіктес болып табылатын кәсіподақтарды жетілдіруді өткізу қажеттілігі туралы ақпаратпен әзірленген буклеттер таратылады.
2015-2017 жылдарға арналған жұмыс берушілер мен кәсіпкерлермен, кәсіподақ өкілдерімен, Шахтинск қаласы Әкімі арасындағы келісімді іске асырудың негізгі тетіктерінің бірі ұжымдық қарым-қатынас шарттары болып табылады. 
Қала ұйымдарында қабылданатын ұжымдық шарттар жұмыскерлердің заңды мүдделерін және әлеуметтік-еңбек және экономикалық құқықты қорғауға, жұмыс берушінің (ұйымның) тиімді жұмысын қамтамасыз етуге, ұжымдық шартқа қол қойған тараптардың өзара жауапкершілігін жоғарлатуға бағытталған.
Шахтинск аймағында 01.01.2018 жыл жағдайы бойынша 176 белсенді кәсіпорындар ішінен ұжымдық келісім шарттар 143 кәсіпорында жасалған немесе 81,3%, соның ішінде: ірі кәсіпорындарда – 3 (100 %), орташа – 14 (100 %), кіші – 126 (79,2%). 2017 жылдың басынан 7 кәсіпорын ұжымдық шарттың мерзімін ұзартты.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдық келісім шарттарында, әдеттегідей, белгіленген әлеуметтік пакет, соның ішінде: жұмысшылар үшін санитарлық-тұрмыс жағдайларын құру, әлеуметтік жеңілдіктер және кепілдіктер, өтемақылық төлемдер қарастырылады.
Әлеуметтік-еңбек дауларының туу қаупін алдын алу мақсатында Шахтинск аймағы бойынша өндірістік процестерді және жұмыскерлердің еңбек құқығын және кепілдігін қамтамасыз етуді тұрақтандыру, босатылып жатқан қызметкерді жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кәсіпорындар басшыларының және қала әкімінің арасында Меморандумдар жасау жөніндегі жұмыс жалғасуда.
Өткізілген жұмыс нәтижесінде 01.01.2018 жыл жағдайына 159 меморандум жасалды, оның ішінде ірі кәсіпорындармен – 3 (100 %), орташа және кіші кәсіпорындармен – 156 (90,2%). Соның ішінде 2017 жылда 4 меморандум жасалды.
Қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ҚҮК жұмыс органы бола отырып, жұмыс берушілерге ақпараттық-құқықтық көмек көрестеді. «Ұжымдық шарттар туралы», «Кәсіподақ бірлестіктері туралы», «Әлеуметтік серіктестік туралы» заңнаманың негізгі ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар туралы ақпаратты мәліметке жеткізеді. Әр жүгінген жұмыс берушіге іжымдық шарт жобасын құруға (ұжымдық шарт макетін ұсыну) кеңестік және практикалық көмек, сондай-ақ әдістемелік ұсыныстар көрсетіледі

 


Размещение информации: 03.09.2018 13:39

Последнее изменение информации: 04.09.2018 09:20

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 5°C , ылғал 19%, қысым 719, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.75
Euro 434.26
Рубль 6.12

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары