www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

2016

2016 жыл ішінде Шахтинск аймағында әлеуметтік әріптестік
 пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша ақпарат

Әлеуметтік әріптестік тараптары тиісті атқару органдар тұлғасында мемлекет, белгіленген тәртіпте уәкілетті өкілдер тұлғасында жұмысшылар және жұмыс берушілер болып табылады.
Аймақтық комиссия тиісті келісімдермен және шешімдермен рәсімделетін кеңестер және келіссөздер өткізу жолымен әлеуметтік әріптестік тараптары мүдделерінің келісуін қамтамасыз ету бойынша тұрақты әрекет ететін орган болып табылады.
Бүгінгі күнде комиссия құрамына 15 адам кіреді – әр тараптан 5 адамнан: атқарушы биліктен, қаланың жұмыс берушілерінен және кәсіпкерлерінен, берілген өкілдік негізінде әрекет ететін жұмысшылардан (қала кәсіподақтарынан).
Үшжақты комиссия қызметінің бағдарламалық құжаты 2015-2017 жылдарға арналған Қалалық Келісім болып табылады.
Қалалық Үшжақты комиссия отырыстарында әлеуметтік әріптестіктің одан әрі дамуына, әлеуметтік және экономикалық даму сұрақтары бойынша шешім қабылдау кезінде оның мүмкіндіктерін тиімді қолдануға, еңбек қатынастарын реттеуге қатысты сұрақтар қарастырылады.
2016 жылдың 9 айы ішінде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қалалық Үшжақты комиссияның 3 отырысы және жұмыс тобының 4 отырысы өткізілді.
Отырыстарда Шахтинск аймағының кәсіподақтар ұйымдарының және жұмыскерлерінің өкілдерімен, Шахтинск аймағының жұмыс берушілерінің және кәсіпорындарының өкілдерімен мына сұрақтар қарастырылды:
- 2016 жылға арналған әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қалалық үшжақты комиссия отырысының жоспарын бекіту;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіндегі өзгерістерге байланысты ұжымдық келісім-шарттарға өзгертулер енгізу туралы;
- Іске асырылып жатқан «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы;
- Өндірістік процестерді және еңбек құқығын қамтамасыз ету және жұмыскерлердің кепілдігі, босатылып жатқан қызметкерлерді жұмысқа орналастыруды және әлеуметтік қорғауды тұрақтандыру мәселелері бойынша кәсіпорындар басшыларының және қала әкімінің арасындағы Меморандумдардың талаптарын орындау туралы; 
- Жұмыскерлерге жалақының уақытылы төлемін және зейнетақы, кәсіптік және әлеуметтік аударымдарды есептеуді қамтамасыз ету туралы;
- Өндірісті жаңғыртуға, дамытуға инвестицияларды тарту үшін кәсіпкерлерді ынталандырудың механизмдерін енгізу және еркін кәсіпкерлік жағдайын құру, меншіктенушілердің құқығын қорғау туралы;
- Шахтинск қаласы әкімінің, кәсіподақтар (жұмысшылар) бірлестіктері, кәсіпкерлер және жұмыс берушілердің арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған Келісімге өзгертулер енгізу туралы; 
- Еңбекті қорғауға оқытуға, өндірістік жарақаттанушылықты, кәсіптік ауру-сырқауды төмендетуге және экологиялық қауіпсіздікке бағытталып жүргізілетін іс-шаралар туралы;
- «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын орындаудың барысы туралы.
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес медициналық тексерудің құқын төлеуге қатысты жұмыс орнын сақтауды кепілдігін қамтамасыз ету және орташа айлық жалақыдан  міндетті мерзімді медициналық тексеруден өту туралы.
-  Жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін өздігінен іске асыру үшін, позитивті қоғамдық жастардың бастамасын қолдау және ынталандыру үшін жағдайлар құру туралы;
-Шахтинск қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық-түсіндірмелі жұмыстардың өткізілу барысы туралы.
Жұмыс орындарды сақтау және қызметкерлердің босатылуын болдырмау үшін меморандумдарды орындау бойынша және әлеуметтік диалог рөлін жоғарлату жөніндегі өткізілген жұмыс бойынша мәселе ерекше бақылауға алынған және 2016 жылға арналған әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қалалық үшжақты комиссия отырысының жоспарына енгізілген және қалалық үшжақты комиссия жұмыс тобының әр бір отырысында қарастырылады. 
Ағымдағы жылдың есептік кезеңінде қалалық үшжақты комиссияның жұмыс тобына меморандумдардың талаптарын орындау жөнінде мына кәсіпорындар ақпарат берді: «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС, «Шахтинскводоканал» ЖШС, «Союз» ЖШС, «Апрель Кулагер» ЖШС, «Шахтинскмеханизация» ЖШС, «Технология» ЖШС, «УКИСС» ЖШС, «Горкомхоз» ЖШС, Шахтинск ҚПБТ, ЖК Филинский,  ЖК Крамарева, ЖК Бекчанова, «Салтанат» бала-бақшасы КМҚК, «Ботагоз» бала-бақшасы КМҚК, «Березка» бала-бақшасы КМҚК, «Гулдер» бала-бақшасы КМҚК, «Аленка» бала-бақшасы КМҚК, «№ 6 орта мектебі» КММ, «№ 4 жалпы білім беру мектебі» КММ, «№ 2 орта мектебі» КММ, «№ 12 орта мектебі» КММ, «Новодолинский к. Мәдениет үйі» КМҚК, «Шахтинск қ. қарттар мен мүгедектер үшін МӘМ» КММ, Шахтинск технологиялық колледжі,  БЖО, «Долинка к. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын естелігі мұражайы» КМҚК, «Байтас» ЖШС, Шахтинск тау кен-индустриялық колледжі, БЖСМ, Шахан к. Балалар өнер мектебі, Шахтинск қ. МС, Жастар ресурстық орталығы, ОКЖ, № 9 ОМ, «Ремстройсервис» ЖШС.
Берілген кәсіпорындарында өндірістік процесстерді тұрақтандыру, жұмыскерлерді жұмысқа орналастыруды және еңбек құқығын қамтамасыз ету сұрақтары бойынша және еңбек даулары мен шиеленістердің алдын алу және шешу туралы Шахтинск қаласы әкімінің, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың арасында жасалған Меморандумдардың талаптары орындалады. Мына бөлімдер: 

  • жалақы уақытылы және толық көлемде төленеді;
  • зейнетақы және әлеуметтік аударымдар есептеледі;
  • жасырын жұмыспен қамту (толымсыз жұмыс күні, мәжбүрлі демалыс) жоқ;
  • жұмыс орындарының қысқартылуы және жұмыскерлердің босатылуы жоқ. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Жарғысымен, Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерлету және оларды осы саладағы ең үздік тәрбиені енгізуге ынталандыру мақсатында, жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын белгіленді.
«Парыз» конкурсына қатысу жөнінде түсіндіру жұмыстары мақсатында қала кәсіпкерлерімен 11 кездесу өткізілді. 31.07.2015 жылғы № 30 «Шахтинский вестник» газетінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы ақпарат жарияланды, сондай-ақ ақпарат Шахтинск қаласы әкімдігінің интернет ресурсында орналастырылған.
Екі тілде ақпараттық буклеттер әзірленген және Шахтинск аймағының кіші және орта бизнестің кәсіпорындары бойынша 27 дана көлемінде таратылды.
Кіші және орта бизнестің кәсіпорындары басшыларының атына «Парыз» конкурсына қатысу жөнінде өтінімдердің және қосымшалардың үлгілерімен өтініш – хаттар бағытталған.
өткізілген жұмыстың нәтижесінде «Парыз» конкурсына қатысуға мына номинациялар бойынша өтінімдер ұсынды:

  • «Ең үздік ұжымдық келісім-шарт» - Матюхин ЖК, Савенкова ЖК, «KEROBLOK» ЖШС;
  • «Әлеуметтік жауапты кәсіпорын» - Инкарбеков ЖК.

Кәсіпорындардың деңгейінде әлеуметтік әріптестік ұжымдық келісім-шарттармен қамтамасыз етіледі.
Қала ұйымдарында қабылданатын ұжымдық шарттар жұмыскерлердің заңды мүдделерін және әлеуметтік-еңбек және экономикалық құқықты қорғауға, жұмыс берушінің (ұйымның) тиімді жұмысын қамтамасыз етуге, ұжымдық шартқа қол қойған тараптардың өзара жауапкершілігін жоғарлатуға бағытталған.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен (ҚҮК жұмыс органы) жұмыс берушілер арасында ұжымдық келісім шарттар талабымен еңбек қатынастарын құру қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарына назар аударылады. Жұмыс берушілерге ақпараттық-құқықтық көмек көрсетіледі, жеке әңгімелесулер өткізіледі.
Қайта тіркелген кәсіпорындар басшыларының атына ұжымдық келіссөздер өткізу бойынша және ұжымдық шарттар жасау ұсынысымен хаттар жолданады (ҚР Еңбек кодексінің көшірмесі қоса беріледі), жеке әңгімелесулер өткізіледі.
2016 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіндегі өзгерістерге байланысты ұжымдық келісім-шарттарға енгізілген өзгертулерді түсіндіру бойынша қаланың жұмыс берушілерімен семинар-жиналыс өткізілді. Семинарда жұмыс берушілердің сұрақтарына Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі Басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторы К.С. Каренов жауап берді. 
Шахтинск аймағында 01.10.2016 жыл жағдайы бойынша 179 белсенді кәсіпорындар ішінен ұжымдық келісім шарттар 136 кәсіпорында жасалған немесе 76%, соның ішінде: ірі кәсіпорындарда – 3 (100 %), орташа – 13 (100 %), кіші – 120 (76%).
Кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдық келісім шарттарында, әдеттегідей, белгіленген әлеуметтік пакет, соның ішінде: жұмысшылар үшін санитарлық-тұрмыс жағдайларын құру, әлеуметтік жеңілдіктер және кепілдіктер, өтемақылық төлемдер қарастырылады.
Әлеуметтік-еңбек дауларының туу қаупін алдын алу мақсатында Шахтинск аймағы бойынша өндірістік процестерді және жұмыскерлердің еңбек құқығын және кепілдігін қамтамасыз етуді тұрақтандыру, босатылып жатқан қызметкерді жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кәсіпорындар басшыларының және қала әкімінің арасында Меморандумдар жасау жөніндегі жұмыс жалғасуда.
Өткізілген жұмыс нәтижесінде 15.12.2016 жыл жағдайына 155 меморандум жасалды, оның ішінде ірі кәсіпорындармен – 3 (100 %), орташа және кіші кәсіпорындармен – 152 (86,4%). Соның ішінде 2016 жылда 38 меморандум жасалды.


Размещение информации: 15.04.2017 11:49

Последнее изменение информации: 15.04.2017 11:50

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 25°C , ылғал 31%, қысым 717, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.34
Euro 427.25
Рубль 5.88

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары