www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

2015

2015 жылдың өткен мерзімі ішіндегі Шахтинск аймағында
әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және
әлеуметтік әріптестік бойынша ақпарат

Әлеуметтік әріптестік тараптары сәйкес атқарушы органдар тұлғасында мемлекет, белгіленген тәртіпте уәкілетті жұмысшылар және жұмыс берушілер тұлғасында олардың өкілдері болып табылады. 
Аймақтық комиссия сәйкес келісімдермен және шешімдермен рәсімделетін кеңестер және келіссөздер өткізу жолымен әлеуметтік әріптестер тарапы мүдделерін келісуді қамтамасыз ету бойынша тұрақты әрекеттегі орган болып табылады.
Бүгінгі күнде комиссия құрамына 15 адам кіреді - әр тараптан 5 адамнан: ұсынылған өкілеттік негізінде әрекет ететін атқарушы билік, қаланың жұмыс берушілері және кәсіпорындары, жұмысшылар (қаланың кәсіподақтары). 
Үш жақты комиссия қызметінің бағдарламалық құжаты қала активі және БАҚ, барлық тараптардың өкілдерінің қатысуымен 12.03.2015 жылы қол қойылған және 2015 жылдың 11 ақпанда Қалалық үш жақты комиссия отырысында бекітілген, 2015-2017 жылдарға арналған Қалалық келісім болып табылады.
Қалалық үш жақты комиссия отырысында әлеуметтік әріптестіктің әрі қарай дамуына қатысты, еңбек қатынастарын реттеу, әлеуметтік және экономикалық даму сұрақтары бойынша шешім қабылдау кезінде оның мүмкіндіктерін тиімді қолдану сұрақтары қарастырылады.
2015 жыл ішінде әлеуметтік әріптестік бойынша Қалалық үш жақты комиссияның жұмыс тобының 7 отырысы және Қалалық үш жақты комиссияның 6 отырысы өткізілді.
Отырыстарда Шахтинск аймағының кәсіподақтар ұйымдарының және жұмыскерлерінің өкілдерімен, Шахтинск аймағының жұмыс берушілерінің және кәсіпорындарының өкілдерімен мына сұрақтар қарастырылды:
-  Әлеуметтік әріптестік бойынша Қалалық келісімге жұмыс орындарын сақтау және қызметкерлердің босатылуын болдырмау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы; 
- Жұмыс орындарын сақтау және қызметкерлердің босатылуын болдырмау және әлеуметтік диалог рөлін жоғарлату бойынша өткізілген жұмыс мәселелері жөнінде меморандумдарды орындау; 
-  Ұжымдық еңбек дауларын алдын алу және шешу сұрақтары бойынша кеңесті қалыптастыру; 
- ҚР еңбек заңнамасының негіздеріне жұмысшылардың және жұмыс берушілердің құқықтық сауаттылығын көтеру сұрағы бойынша үш жақты комиссия және тараптар өкілдерінің жұмысы туралы; 
- Еңбек ресурстарының, кадрлардың кәсіптік дайындығы және қайта даярлау, соның ішінде техникалық және кәсіптік білім жүйесін, дуальді білімді орнатуды, өндірістің ішкі оқытуды дамытуды, оқытудың кәсіптік бағдарлауын және кәсіптік мобильділігін жетілдіру жөнінде сапасын жоғарлату бойынша шаралар; 
- «АрселорМиттал Теміртау» КД АҚ регресшілерінің  арасында наразылық іс-шараларын болдырмау туралы;
-  Қала кәсіпорындарына еңбек жанжалдарын реттеу және алдын алу бойынша шаралар және еңбек қатынатарының жағдайы туралы; 
-  Әлеуметтік жауапкершілік бойынша «Парыз 2015» конкурсында қала кәсіпорындарының қатысуы туралы; 
- Өндірістік жарақаттануды төмендетуге және кәсіптік ауруларды болдырмауға бағытталған, еңбекті қорғау және жағдайды жақсарту бойынша шараларды іске асыру;
-   Өндірістің есебінен еңбек жағдайын жақсарту; 
- Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздеріне кәсіпорындардың жұмыскерлерін жаппай құқықтық оқытуды ұйымдастыру бойынша шаралар туралы; 
- «Шахтинск аймағының кәсіпорындарында өндірістік жарақаттануды төмендетуге, кәсіптік ауруларды болдырмауға, қауіпсіздік техникасын сақтау және еңбекті қорғауға бағытталған еңбек жағдайын жақсарту туралы». 
2015 жыл ішінде «Шахтинский вестник» жергілікті газетінде: «Шахтинск қаласы әкімінің, кәсіподақтар (қызметкерлер) бірлестіктерінің, қаланың жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер арасындағы 2015 – 2017 жылдарға арналған Қалалық келісімге қол қою туралы», «2015 – 2017 жылдарға арналған келісімге толықтыру туралы» мақалалар жарияланды. 
Барлық кәсіпорындармен кәсіподақ ұяшығын құру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Шахтинск қаласының кәсіпорындар жұмысшыларымен еңбек қатынастарын жетілдіру сұрағында әлеуметтік болып табылатын кәсіподақтардың жаңғыртуын өткізу қажеттілігі туралы ақпаратпен жасалған булеттер таратылады.
Шахтинск қаласы әкімінің, кәсіподақтар және жұмыс берушілердің өкілдері арасындағы 2015 – 2017 жылдарға арналған Келісімді жүзеге асырудың негізгі механизмдерінің бірі ұжымдық шарттық қатынастар болып табылады.
Қала ұйымдарында қабылданатын ұжымдық шарттар жұмысшылардық заңды мүдделерін және әлеуметтік-еңбек және экономикалық құқықтарын қорғауға, жұмыс берушінің (ұйымның) тиімді жұмысын қамтамасыз етуге, ұжымдық шартқа қол қойған тараптардың өзара жауапкершілігін жоғарлатуға бағытталған.
Қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ҚҮК жұмыс органы болып, жұмыс берушілерге тұрақты ақпараттық-құқықтық көмек көрсетеді. «Әлеуметтік әріптестік туралы», «Кәсіподақ бірлестіктері туралы», «Ұжымдық келісім шарттар туралы» заңнамалардың негізгі ережелерінің өзгерістері және толықтырулары туралы ақпаратты мәліметке жеткізеді. Әр бір хабарласқан жұмыс берушіге ұжымдық шарт жобасын құруда кеңестік және тәжірибелік көмек көрсетіледі (ұжымдық келісім шарттың макетін ұсыну), сондай-ақ әдістемелік ұсыныстар.
Әр мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның өкілдерімен келісім шарт мәтініне толықтырулар енгізу, ережелерді нақтылау және Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі Басқармада ұжымдық келісім шарттарды алдағы тіркеуге дайындық бойынша жұмыс жүргізілді.
Қайта тіркелген кәсіпорындардың басшылары атына ұжымдық келіссөздер өткізу және ұжымдық шарттар жасасу (ҚР Еңбек кодексінен көшірме қосымшасымен) ұсыныстарымен хаттар жолданады.
10.12.2015 жыл жағдайына есептік деректер бойынша ұжымдық келісім шарттар 136 кәсіпорында (78%) жасалды, соның ішінде 3 ірі (100%), 13 орта (100%) және 120 - кіші кәсіпорындарда (76 %). 
Шахтинск аймағының ұйымдарында және кәсіпорындарында жасалған барлық ұжымдық шарттарға аналықты және балалықты қолдау үшін жағдайларды құратын ережелер енгізілді, асыраушы аналарға жеңілдіктер көрсетілді.
Мысалы, кәсіподақ ұйымдары мемлекеттік жеңілдіктерді және кепілдіктерді ұсынудан басқа ұжымдық шартқа әйелдер үшін тағы қосымша жеңілдіктер қатарын енгізуге қол жеткізді: штаттың қысқартылуы кезінде мүгедек балалары және үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдер жұмыстан босатылмайды. Білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін әйелдерге ақылы демалыс берумен сырттай оқу бойынша қосымша жоғары білім алу мүмкіндігі беріледі; жас балалары бар әйелдер қосымша демалыс алады. 1,5 жасқа дейінгі балалары бар жұмыс істейтін әйелдерге баланы тамақтандыру үшін жұмыстың икемді кестесі қарастырылған.
Білім беру мекемелерінде, денсаулық сақтау ұйымдарында, Шахтинск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұжымдық келісім шарттарында жұмыс берушінің қаржы есебінен жұмысшылардың жыл сайынғы міндетті профилактикалық медициналық қаралуы, лагерьлерде, демалыс үйлерінде балалардың демалысын 50 % жеңілдікпен және тегін ұйымдастыру қарастырылған. 
«Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС-де КТЦ, ЭТЦ, ТТЦ, ХВО, УЭЗ және АТаИ цехтерінде жұмыспен қамтылған жұмысшыларға қосымша демалыс беру қарастырылған.  
Әлеуметтік-еңбек дауларының туу қаупін алдын алу мақсатында Шахтинск аймағы бойынша 117 меморандумдар жасалды. 08.12.2015 жыл жағдайы бойынша ірі кәсіпорындармен – 3 (100%), орта – 13 (100 %), шағын – 101 (64 %).  Жұмыс орындарды сақтау және қызметкерлердің босатылуын болдырмау үшін меморандумдарды орындау бойынша және әлеуметтік диалог рөлін жоғарлату жөніндегі өткізілген жұмыс бойынша мәселе ерекше бақылауға алынған және қалалық үшжақты комиссияның әрбір жұмыс тобында қарастырылады. 
04.12.2015 жылы өткізілген қалалық үшжақты комиссияның отырысында «Шахтинск аймағының кәсіпорындарында өндірістік жарақаттануды төмендетуге, кәсіптік ауруларды болдырмауға, қауіпсіздік техникасын сақтау және еңбекті қорғауға бағытталған еңбек жағдайын жақсарту туралы» сұрақ қарастырылған болатын. Баяндамашылар: «АрселорМиттал Теміртау» КД АҚ, «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС, «Шахтинскводоканал» ЖШС болды.
«АрселорМиттал Теміртау» КД АҚ кәсіпорындары бойынша Шахтинск аймағының шахталары кәсіподақ комитеттерімен айтылған сұрақтар әлеуметтік және еңбек  қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік бойынша облыстық үш жақты комиссияның отырысында қарастырылуы үшін жолданды.

«Шахтинск қ. жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» ММ басшысының м.а.
Г.А. Сыдыкова


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 18.05.2016 14:30

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 13°C , ылғал 52%, қысым 711, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары