www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«Инватакси» қызметі

«Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Шахтинск аймағының тұрғындарына 1 және 2 мүгедектік тобы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету үшін «Инватакси» қызметі 2014 жылдың 1 тамызынан бастап ашылғаны туралы хабарлайды.
Қызметтер Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген, автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.
Қызметтер көрсету белгіленген объектілердің және пункттердің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі:

      1) мүгедектің жұмыс орны;
      2) мүгедектің оқу орны;
      3) жергілікті өкілді және атқарушы органдар;
      4) сот, прокуратура;
      5) әлеуметтік сала объектілері;
      6) заң консультациялары;
      7) нотариус;
      8) медициналық мекемелер (жедел (шұғыл) медициналық көмекті көрсету жағдайларды қоспағанда);
      9) әуежайлар, темір жол вокзалдары, автовокзалдар, теңіз және өзен порттары;
      10) арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдар.
Қызметтерді алу үшін мүгедек Шахтинск қ., Карла Маркса к., 44а үй, 44 пәтер «Мечта» такси, тел. 100, 5-02-02, 5-25-52, 87025725097, 87003164680 мекенжайы бойынша баруы және келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/у нысан бойынша медициналық ұйымның қорытындысы (емхана);
3) мүгедектіктігі туралы анықтаманың көшірмесі.
4) мекенжай анықтамасы


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 41%, қысым 715, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 378.38
Euro 431.05
Рубль 6.02

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары