www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Әлеуметтік қызметтер порталын енгізу бойынша анықтама

Әлеуметтік қызметтер порталын енгізу бойынша

анықтама

 

Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі - портал) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі және мүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады.  

Портал 6-дан 5 үдерісті цифрлауды көздейді (инватакси қызметінен басқа):

1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

2) техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету;

3) ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету;

4) жеке көмекшінің қызметін көрсету;

5) санаторий-курорттық емдеу қызметтерін көрсету.

Мемлекет техникалық жабдықтар мен қалпына келтіру қызметтерінің құнын өтеу тетігін ұсынады. Портал тұтынушы қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдаған кезде қосымша төлем жасау мүмкіндігін ұсынады. 

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 бизнес-үдерістің 2-ін порталға ауыстыру жоспарлануда: бұл арнайы әлеуметтік қызметтер және жеке бейімдеуді талап етпейтін техникалық оңалту құралдарының (ТОҚ) 24 түрімен қамтамасыз ету.

Қалған ТОҚ түрлерін 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында ендіру жоспарлануда.

Сондай-ақ, 2020 жылдың көктемінде портал қалған 3 бизнес-процестер бойынша (санаторий-курорттық емдеу, ымдау тілі маманының және жеке көмекшінің қызметтері) қызмет алу мүмкіндігін қарастырады.

Оңалту құралдарымен және қызметтермен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы оңалту тауарлары мен қызметтері баламалы негізде – Портал арқылы және мемлекеттік сатып алу арқылы көрсетілетін болады.

Порталға толық ауысу - 2021 жылдан басталады.

Порталдағы тауарларды, жұмыстарды және (немесе) қызметтерді жеткізушілер болып кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар және олардың филиалдары бола алады.

Порталда тіркеле алатын жеткізушілер:

1) салық және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектері жоқ;

2) банкроттыққа немесе тарату рәсіміне жатпаса;

3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілмеген;

4) міндетті сертификаттауға жататын тауарларды жеткізуде сәйкестік сертификаты болуы;

5) медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге тіркеу туралы куәліктің болуы;

6) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатуға арналған бағалары ұсынылған.  

Жеткізуші келесі жағдайларда порталда тіркеуден шығарылады: 

1) тіркеуден шығару туралы өтініш беру;

2) бизнестің тоқтатылуы немесе өнім берушінің қайтыс болуы;

3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу;

4) оның әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қабылдаған міндеттемелерін орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы.

Бұл адал бәсекелестікті арттырады және әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін жеткізуге қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.

Қызмет алушылар порталды өз бетінше немесе Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері қызметкерлерінің көмегімен пайдалана алады.

Порталды енгізу ұсынылатын техникалық оңалту құралдары мен қызметтердің сапасын жақсартуға, оларды алудың мерзімдері мен атаулылығын қысқартуға, техникалық оңалту құралдары мен қызметтерге нақты қажеттілікті анықтауға мүмкіндік береді. 

Ағымдағы жылдың соңына дейін көрсетілетін қызметті алушылар мен жеткізушілер үшін Порталды пайдалану бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулар, сонымен қатар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен бөлімдері қызметкерлеріне арналған оқу курстары әзірленеді. 

Портал әкімшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ қолдау көрсетілетін болады. 

2019 жылдың 1 қарашасынан бастап портал пайдаланушылары үшін 1411 нөмірі бойынша call-center жұмыс істейді.  

Әлеуметтік қызметтер порталында тіркелу мақсатында барлық мүгедектігі бар адамдар тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ның «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-на электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) шығару қажет.

 

Электрондық цифрлық қолтаңбаны келесі сақтау типтеріне алуға болады:

файлдық жүйе  - аталмыш тармақты таңдауда кілттер және тіркеу куәліктер файлдар түрінде сіздің дербес компьютеріңізде сақталатын болады;

- SIM-картадағы ЭЦҚ - осы тасымалдаушыны таңдаған кезде кілттер мен тіркеу куәліктері телефонның sim-картасында сақталады. Тиісті sim картасын ұялы байланыс операторларының сату бөлімдерінен сатып алуға болады.

жеке куәлігі - жеке куәліктің чипіне ЭЦҚ жазу үшін (жеке тұлғалар үшін) жеке куәлікті көрсетіп, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ (ХҚКО) жақын бөліміне бару қажет. Жеке куәлікте жазылған ЭЦҚ әрі қарай жұмыс үшін картридер алу қажет.

ЭЦҚ-ның әрекет ету мерзімі – 1 жыл тек файлдық жүйеге таратылады. Егер ЭЦҚ кілттерін жазу қорғалған тасымалдаушыларға жүргізілсе (Жеке куәлік, Kaztoken, Etoken, Akey, JaCarta) онда әрекет ету мерзімі 3 жыл болады.


Размещение информации: 19.11.2019 12:46

Последнее изменение информации: 19.11.2019 12:47

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 25°C , ылғал 23%, қысым 715, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 412.55
Euro 454.18
Рубль 5.81

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары