www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Жеңілдетілген азаматтық алу акциясы туралы

Тәуелсіздіктің алғашқы жылынан бастап Қазақстан этникалық қазақтардың елімізге оралуына ынталандыру саясатын жүргізіп келеді. Осы жылдар ішінде бір миллионнан астам адам тарихи отанына оралды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес оралман мәртебесі Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіпте алуға құқық береді. Алайда, әртүрлі себептерге қарай, 2019 жылдың басында 15 мың этникалық қазақ (ҚР ІІМ мәліметі бойынша) өздерінің оралман мәртебесінің аяқталуына байланысты аталған құқықты пайдалана алмады.

Осыған орай, елімізде бір реттік акция өткізілуде, оның аясында оралман мәртебесін созу және Қазақстан азаматтығын жеңілдетілген тәртіпте алуға ішкі істер органдарына құжат тапсыру үшін этникалық қазақтардың көші-қон қызметінің тобына жүгінуге мүмкіндіктері бар. Акция 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылады.

Толық ақпарат алу үшін Шахтинск қ. полиция бөлімінің көші-қон қызметіне хабарласуға болады, телефон: 5-54-77


Размещение информации: 01.06.2019 10:30

Последнее изменение информации: 01.06.2019 10:30

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 4°C , ылғал 16%, қысым 724, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары