www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Жұмыстан айырылу бойынша төлемдер туралы

Қазақстанда жұмысынан айырылу бойынша төлемдер жұмыссыз ретінде танылған тұлғаларға тағайындалады. Егер Сіз жұмысыңыздан айырылып, осы төлем түріне үміттенсеңіз, бірден Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуіңіз қажет. Осы төлем түрін алу мерзімі – 1 айдан 4 айға дейін. Қызметкерлерді қысқарту, ұйымды жою немесе өндірісті қысқарту үшін жұмыстан босатылған жағдайда төлем мерзімі 6 айға дейін көбейтіледі.

Жұмысынан айырылу жағдайында әлеуметтік төлем ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңының 23 бабы, 4 тармағына сай, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысына жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер:

ол үшін 6 айдан 12 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 1 айға;

ол үшін 12 айдан 24 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 2 айға; 

ол үшін 24 айдан 36 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 3 айға;

ол үшін 36 айдан бастап және одан көп айларға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 4 айға;

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмысынан айырылған адам үшін 36 айдан бастап және одан да көп айларға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 6 айға тағайындалады.

Жұмысынан айырылу бойынша төлемді алу үшін талап етілетін құжаттар: жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі), мекенжай анықтамасы, еңбек кітапшасы, банктегі шот туралы мәлімет, өтініш.

Жұмыспен қамту орталығы жұмыссызды жұмыспен қамтудың белсенді шаралары шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға және кәсіптік оқытуға жолдаған жағдайда, жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдер тоқтатылмайды. Жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдерді тоқтату туралы хабарлама алушыға жеке шағым бойынша немесе Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне алушының нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша өтініш берген үшінші тарапқа беріледі.


Размещение информации: 06.03.2019 11:13

Последнее изменение информации: 06.03.2019 11:13

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 15°C , ылғал 45%, қысым 713, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.52
Euro 429.21
Рубль 6.07

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары