www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Электрондық еңбек шарттарын есепке алу жүйесі туралы

Қала басшыларының және жұмыс берушілерінің мәліметіне келесі ақпаратты жеткіземіз: 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап «еnbek.kz» порталында еңбек шартына қосымша келісім жасауға және оларды бұзуға мүмкіндік беретін электрондық еңбек шарттарды тіркеу бойынша сервис қосылды.

Сондай-ақ, «enbek.kz» порталындағы «Көмек» бөлімінде «Электрондық еңбек биржасы порталында еңбек шарттарды тіркеу бойынша жұмыс берушілерге арналған нұсқаулық» орналастырылған.

Электрондық еңбек шартын есепке алу жүйесін енгізу: қызметкерлер үшін бұл жұмыс процесін жеңілдету: құжаттарды жинаудың қажеті жоқ, өтініш берушінің жеке файлдары автоматты түрде жасалады.

Электрондық еңбек шарттарын есепке алу жүйесі 2019 жылы коммерциялық пайдалануға енгізілді.

Электрондық келісімшартта қағаз тасымалдағыштың барлық деректері, атап айтқанда: тараптардың деректемелері, еңбек жағдайлары, демалыс режимі, жалақы мөлшері, қызметкер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері көрсетіледі. Оған электронды цифрлік қол қоюмен (ЭЦҚ) қол қойылатын болады. Электронды форматқа аударылатын еңбек келісімшарттары кадрлар есебін автоматтандыруға, қағаздағы жұмыс кітапшаларын және өзге де қағаз құжаттарын алып тастайды.

Сонымен қатар, электронды еңбек шартын жасасу кезінде жұмыс беруші де, қызметкер де оны қағаз түрінде енгізуге және сақтауға мiндеттi емес, өйткені электрондық құжаттың нысаны Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңына сәйкес жазбаша түрге теңестiрiледi. Электронды құжат айналымы мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында жүргізіле алады. Электронды-цифрлік формамен ұсынылған ақпарат электрондық құжаттың түпнұсқалылығын, оның сәйкестілігін және мазмұнын өзгермейтіндігін кепілдендіретін цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің негізінде электрондық еңбек келісімшарттарының бірыңғай сақтау орны құрылды. Жұмыс беруші әлеуетті қызметкермен келісімшарт жасайды және арнайы жасалған веб-сервистер арқылы жасалған шарт туралы ақпаратты бірыңғай сақтау орнына жібереді.

Электрондық нысандағы еңбек шартында бірқатар артықшылықтар бар:

• қажетті құжаттарды өңдеу уақытын үнемдеу.

• қызметкердің және жұмыс берушінің қаражатын үнемдеу.

• ауызша келісім бойынша қашықтық жүйеде рәсімделмей жұмыс істейтін қызметкерлерді заңдастыруға мүмкіндік береді.

Жұмыс берушілерді Электрондық еңбек шарттарын есепке алу жүйесінің жобасына қосылуға шақырамыз.


Размещение информации: 27.02.2019 11:31

Последнее изменение информации: 27.02.2019 15:50

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 10°C , ылғал 83%, қысым 708, жел 12 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.59
Euro 429.06
Рубль 6.05

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары