www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Бірыңғай жиынтық төлем туралы

Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін бірыңғай жиынтық төлемі енгізілген. Бірыңғай жиынтық төлем салық органдарында тіркелу тәртібін оңайлатуды қарастырады.

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу туралы қағидасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 4 «Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген.

БЖТ бағдарламасында жыл ішінде табыс мөлшері 100 ЕТЖ (ең төмен жалақы) мөлшеріне дейінгі (жылына 2 969 800 мың теңге, айына 247 483 теңге) кез келген қалайтын адам, егер ол жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланбаса, тек жеке тұлғаларға қызмет көрсетсе және қандай да бір сауда нүктелері болмаса қатыса алады. Басқаша айтқанда, бұл өз-өзіне жұмыс жасайтын немесе ЖК ретінде тіркелмей не еңбек шартын жасамай жалдамалы жұмыстағы адамдар. Осы санатқа таксисттер, үй жұмысшылары, шақыру бойынша темір ұсталар, тіпті өз бақшасындағы артықшылықты сату есебінен өмір сүретіндер кіреді. Қаласа, төлемді үй шаруасындағы әйелдер де енгізе алады.

БЖТ төрт төлемді бірге біріктіреді: жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы аударымдары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына және әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына аударымдар.

Төлем кішігірім жәрдемақының орнына әлеуметтік қолдаудың кіші түріне ұқсайды, себебі бейресми жұмыспен қамтылғандар дереу барлық мемлекеттік әлеуметтік, медициналық және зейнетақы жүйелерінде тіркеледі.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам төлем жасау арқылы:

- жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысады және базалық зейнетақы алуға өтініш бере алады;

- МӘМС шеңберінде сомасы және түрлері бойынша шектеусіз медициналық қызметтерге қол жетімді болады;

- мүгедектік, асыраушысынан айырылу, жұмысын жоғалту, жүктілік және босану, 1 жасқа дейінгі балаларды күту жағдайында әлеуметтік жәрдемақы алады.

Төлемді 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізуге болады. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, сондай-ақ облыс орталықтарының тұрғындары үшін төлем мөлшері 1 АЕК, 2019 жылы ол - 2 525 теңге. Барлық басқа қалалар мен елді мекендердің тұрғындарына БЖТ мөлшері 0,5 АЕК немесе 1 263 теңге.

БЖТ Қазақстанның кез-келген банкінде, сондай-ақ «Қазпочта» АҚ филиалдарында азаматтарға арналған мемлекеттік корпорацияның есебіне бір сомамен төленуі мүмкін. Ол үшін қазақстандықтарға жеке куәліктің түпнұсқасы қажет.

Мемлекеттік корпорация қаражат түскен күннен бастап операциялық үш күн ішінде БЖТ сомасын бөледі және төлем тапсырмаларымен мынадай мөлшерде:

- БЖТ мөлшерінің 10 % төлеушілердің тұрғылықты жеріне бойынша тиісті БЖК-ға сәйкес жеке табыс салығы түрінде;

- БЖТ мөлшерінің 20 % МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар түрінде;

- БЖТ мөлшерінің 30 % міндетті зейнетақы жарналары түрінде БЖЗҚ-ға;

- БЖТ мөлшерінің 40 % міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар түрінде ӘМСҚ-ға аударады.

Бірыңғай жинақталған төлемді төлеу қызметті автоматты түрде тіркеудің басталуын, ал төлемді тоқтата тұру кезінде қызметті тоқтатуды білдіреді. Бұл режим салық есептілігін тіркеуді және ұсынуды қарастырмайды.


Размещение информации: 27.02.2019 11:30

Последнее изменение информации: 01.03.2019 14:33

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 13°C , ылғал 52%, қысым 711, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары