www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«Еңбек күні» мерекесін өткізу бойынша ақпарат

Еңбек күні - Қазақстанның күнтізбесіндегі ең жас мерекелердің бірі. Ресми Еңбек күні қыркүйектің соңғы жексенбісі болып саналады, бірақ осы күнге арналған мерекелік іс-шаралар кәсіпорындар мен мекемелерде ай бойы өткізіледі. Аясында еңбек қызметінде ең жоғарғы жетістіктерге жеткен еңбек ардагерлері мен қызметкерлеріне құрмет көрсетуге, жұмыскерлердің корпоративтік рухын сақтауға және ұжымдарды біріктіруге бағытталған спорттық және шығармашылық жарыстар өткізу қарастырылған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Шахтинск аймағында «Еңбек күнін» мерекелеуді насихаттау интернет ресурстар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізілді. Табандылығымен және жұмысымен нәтижеге қол жеткізу, оған тең болуы, еңбек адамына бұрынғы сыйластықты қайтару, жас ұрпаққа жұмыс істеуге қажетті қажеттілік тудыратын қала тұрғындарына арналған «Еңбек адамы», «ҚР Еңбек күніне» тұрақты айдарлар «Шахтинский вестник» қалалық газетінде әрекет етті.

Ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында: «Наставника надежное плечо»,  «Отдавая свое сердце»,  «Найти себя в профессии»,  «Двойной праздник»,  «Олар шахта  мақтанышы»,  «Примите поздравления»,  «Еңбектен  бақыт  тапқан кенші»,  «Формула успеха»,  «Достойный пример для молодежи», «Быть образцом для воспитанников», «Еңбекпен табысқа жеткен»,  «Алтын қолды аспаздар»,  «Халықтың сүйікті дәрігері», «Без оглядки на возраст» мақалалары жарияланды.

2018 жылдың 20 қыркүйегінде Новодолинский кентінің ресурстық орталығымен Еңбек күніне орай жастарды экологиялық тәрбиелеу мақсатымен «Қоқысқа қарсы» акциясы өткізілді. Еріктілер жастардың сүйікті орындарын қоқысқа тазалауды шешті, атап айтқанда, саябақтың аумағы мен көршілес аумақтар мен спорт алаңдары.

Шахтинск қаласының ресурстық орталығы еріктілермен бірігіп 2018 жылдың 22 қыркүйегінде «Таза  қала» акциясын өткізді. Тазалау орманның жанында өткізілді. «Горкомхоз» ЖШС аумақты тазалау және қоқысты шығару үшін трактор бөлді. Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында 25 қыркүйек күні Шахтинск қаласының Кеншілер мәдениет үйінде «Шахтерлер қаласы» фестивалі өтті. Фестиваль 7-жыл өтіп жатыр және қатысушылардың біраз санын жинады. Іс-шараға алғашқы құрылысшылар, «Шахтерская слава» орденінің кавалерлері, тыл еңбеккерлері және біздің қаламыздың құрметті тұрғындары шақырылды. Кездесуден кейін жастар фестиваль қатысушыларына Жастар ресурстық орталығының кәдесыйлық сыйлықтарын сыйлады.

Шахтинск қаласының мәдениет үйінде Еңбек күніне ыңғайластырылған келесі іс-шаралар өтті:     

26 қыркүйек № 7 ЖББМ жоғары сынып оқушыларымен «В мире профессий или кем быть?» кәсіби бағдарланған кездесу өтті. Кездесудің мақсаты келесідей: мамандық таңдауға көмек, әр мамандық үшін талап етілетін сапалармен танысу. Еңбекке деген  оң көзқарас қалыптастыру.

28 қыркүйек «Пропаганда созидательного труда» ұжымымен Мәдениет үйінің кәсіподақ төрағасы Т.В. Замятина әңгімелесу өткізді.  

27 қыркүйек 5-8 сынып оқушыларының қатысқан «О труде и мастерстве» ойын – саяхаты өткізілді.

29 қыркүйек Еңбек күніне арналған музыкалық бағдарлама Шахтинск қ. КМҮ өз күшімен ұйымдастырылған көркемөнер күштерімен «Наши руки не для скуки» -  музыкалық – ойын-сауық бағдарламасы өткізілді.

30 қыркүйек «Күзгі жәрмеңке» - өнім мерекесі өткізілді. МҮ этноклуб қатысушыларымен дөңгелек үстелде кездесу.

30 қыркүйек Шахан кентінің мәдениет үйінде өз күшімен ұйымдастырылған көркемөнер балалалар ұжымдарының қатысушылары арасында 70 қатысушы қатысқан «Адамды еңбек көркейтеді» атты флеш-моб шығармашылық конкурсы өткізілді. Шығармашылық ұжымның жоғары топтарының қатысушылары үшін «Ағаш жемісімен құнды, адам - ісімен» тимбилдинг – психологиялық ойын тренингі ұйымдастырылды және өткізілді.

Еңбек күнін мерекелеу Шахтинск қаласының кәсіпорындары мен еңбек ұжымдарында өткізіледі. Мерекелік концерт, шерулер, спорттық жарыстар, марапаттар табыстау – осы мерекенің бөлігі ғана. Еңбек ардагерлері мен тақырыптық кездесулер өткізіледі.

Жастарды жұмысқа деген құрметпен тәрбиелеу мақсатында 5-8 қыркүйек аралығында Шахтинск өңірінің білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдарының жас мамандары мен тәжірибелі оқытушылары, зейнеткерлік білім беру ұйымдарының қатысуымен кездесулер өткізілді.

«Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК 15 қыркүйектен 30 қыркүйек аралығында «Еңбек адамын дәріптеймін» кітап көрмесі ұйымдастырылды. 1 қазан «Мир! Труд! Молодежь» әдебиеттік-музыкалық композиция өткізілді. Қыркүйек айында «Авто-люкс» СТО-да, «Уголек» мейрамханасында студенттердің саяхаты болды.

Қарағанды облысының АҚБ қызметкерлерімен колледж студенттерінің кездесуі өтті. «Казахтелеком» АҚ Т бастығы С.Е. Кадыровтың, «Импайр» ресторанының кондитер-аспазшысы А.Зотовтың шақырылуымен «Менің мамандығым» дөңгелек үстелі өткізілді.

«Шахтинск қ. орталық ауруханасы» КМК мерекелік іс-шара аясында «Еңбек адамы» дөңгелек үстелі өткізілді.

Ұжымдарды біріктіру және спорттық рухты сақтау мақсатында 2018 жылдың 8 қыркүйегінде Шахан кентінің мектептерінің оқушылары мен мұғалімдері арасында жеңіл атлетика жарыстары бойынша жаппай іс-шара өткізілді.

2018 жылдың 15 қыркүйегінде Шахан кентінің жергілікті полиция қызметі мен «Шахан к. әкім аппараты» ММ қызметкерлері арасында шағын футбол бойынша ойын өткізілді.

          Мереке қарсаңында қаланың барлық мекемелері мен ұйымдарында өнім сапасын жақсартуға және еңбектің өнімділігіне маңызды еңбек үлесін қосқан үздік қызметкерлерді марапаттау өткізілді.

«Шахтинск қ. орталық ауруханасы» КМК салтанатты жағдайда травмотология бөлімшесінің меңгерушісі Н.К. Курбанбаеваға алғыс хат табысталды.

«Еңбек күнін» мерекелеу күніне «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де маңызды еңбек үлесін қосқан әлеуметтік жұмыскерлер – Роза Альтаевна Асанова мен Елена Анатольевна Урбанскаяға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. 

    Еңбек күніне арналған іс-шаралар аясында Новодолинский кентінің Мәдениет үйінде 45 жыл еңбек өтілі бар Галина Петровна Захарчукке естелік сыйлық берілді.

    Еңбек күнін мерекелеуде Долинка кентінде еңбек ардагерлері марапатталды, құрметті шахтерлер М.К. Дрокина мен В.И. Квасовқа естелік сыйлықтар табысталды.

   Долинка кентінің түзету мекемелерінің ұжымдары арасында Еңбек күніне арналған жыл сайынғы Спартакиада өтті.

   «Еңбек» акциясы аясында Шахтинск қаласында және іргелес кенттерде тамыз-қыркүйек айларындааббаттандыру және санитарлық тазалау іс-шаралары бойынша  таза жексенбі және сенбіліктер өткізілді. Мереке қарсаңында қала мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлері жалпыоблыстық сенбілікке қатысатын болады.

 

«Шахтинск қаласының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ


Размещение информации: 10.10.2018 08:57

Последнее изменение информации: 10.10.2018 08:59

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 10°C , ылғал 83%, қысым 708, жел 12 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.59
Euro 429.06
Рубль 6.05

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары