www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясы

«Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясын іске асыру еңбек қатынастарын қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмысы жүргізілуде.

Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында, «Шахтинск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ веб-порталында «Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясын өткізу туралы ақпарат жарияланған.

«Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясын өткізу туралы хабарландыру «Вечерняя Караганда» газетінің 14.03.2018 жылғы №10 жарияланды. 01.06.2018 жылғы № 22 «Шахтинский вестник» газетінде конкурс өткізу туралы ақпарат жарияланған.

«Еңбек шартын жасаңыздар!», «Еңбек құқығы туралы не білу керек» буклеттері әзірленді.

Шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің жұмыскерлерімен (дүкендердің, кафлердің, ресторандардың) түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр және Шахтинск өңірінің жұмыс берушілерімен «Еңбек шартын жасаңыздар» акциясын іске асыру туралы буклеттер таратылуда.

Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үшжақты комиссиясы жұмыс тобы отырысының 2018 жылға арналған жоспарына акцияны өткізу туралы сұрақ қосылды.

Шағын, орта бизнес кәсіпорындарында және жеке кәсіпкерлерде жұмыс істейтін жұмыскерлердің саны туралы мәлімет ұсыну туралы Шахтинск қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына хат жолданды.

Ақпараттық-түсіндірме жұмысын өткізу мақсатымен «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» ММ және Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының Шахтинск қаласындағы филиалына хаттар жолданды.

Қала кәсіпорындарында еңбек шарттарын жасауды бақылау, еңбек заңнамасы саласындағы бұзушылықтар туралы «Қауырт желі» құру «Шахтинск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ құзыретіне кірмейтінін қосымша хабарлаймыз.

«Вечерняя Караганда» газетінде 2018 жылдың 18 сәуірінде ресми жұмыспен қамтудың артықшылықтары туралы «Еңбек шартын жасаңыздар» мақаласы жарияланды.

         Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы Кәсіпкерлер палатасының филиалымен акцияға қатысу туралы Шахтинск өңірінің кәсіпкерлерімен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

         Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру, облыс экономикасына және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және зейнетақылық жинақтаушы жүйесіне тарту бойынша үй-үйлер аралануда. Үйлерді аралау барысында «Еңбек шартын жасаңыздар» акциясын өткізу бойынша буклеттер табысталады және еңбек шартын жасау міндеттілігі туралы түсініктеме беріледі.

Шахтинск қаласының нарығында саудамен айналысатын қызметкерлермен жеке әңгімелесулер жүргізілді, "Еңбек шартын жасаңыздар" және "Еңбек құқығы туралы не білу керек" буклеттері ұсынылды.

Шахтинск қаласының Кешілердің мәдениет сарайында ағымдағы жылдың 21 маусымында шағын және орта бизнес жұмыс берушілерімен және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жүгінгендерімен түсіндіру сұхбаты өткізілген бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. «Еңбек шартын жасаңыздар» және «Еңбек құқығы туралы не білу керек?».

         Халық көп шоғырланған орындарда Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі облыстық басқарамасымен әзірленген буклеттер таратылады.

2018 жылдың 29 маусымында «Шахтинский вестник» газетінде «Трудовой договор – это ваше право»  мақаласы жарияланды.

Жастар ресурстық орталығының әлеуметтік желілерінде «Еңбек шартын жасаңыздар» жөнінде ақпарат орнастырылған.


Размещение информации: 29.08.2018 10:24

Последнее изменение информации: 29.08.2018 10:25

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 4°C , ылғал 16%, қысым 724, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары