www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«Еңбек Жолы» республикалық конкурсы туралы

Қазақстанда «Еңбек Жолы» конкурсы жастарды еңбектi құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерiн сақтау, көбейту мақсатында және үздiк еңбек әулеттерi мен өндiрiс жұмыскерлерiн айқындауға мүмкiндiк бередi. Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделiн арттыруға және өнiмдi еңбектi ынталандыруға ықпал етедi.

«Еңбек жолы»конкурсын(бұдан әрi — Конкурс) өткiзудiң мақсаты:

  1. Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтiк жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласының тиiмдi iске асырылуын қамтамасыз ету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау;
  2. еңбек адамдары туралыоң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерiн құру үшiн кәсiпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;
  3. қазақстандықтардаҚазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулi үлес қосқан отандастарының жетiстiктерi үшiн мақтаныш сезiмiн тәрбиелеу. 

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп санды әулет таңдалады.

2) «Өндірістің үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады. 

Конкурс 2 кезеңде өтеді:

1-кезең өңірлік деңгейде өткізіледі.

2-кезең республикалық деңгейде сәйкес облыстың жеңімпаздары арасында өткізіледі.

Барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерін осы конкурсқа қатысуға шақырамыз.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2019 жылғы 2 шілдеге дейін қабылданады.

Қосымша ақпарат алу үшін Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласыңыз: Калинин көшесі, 17 үй, 18 кабинет, телефон 8 (72156) 3-59-47.


Размещение информации: 26.06.2018 17:28

Последнее изменение информации: 07.06.2019 10:27

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 4°C , ылғал 16%, қысым 724, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары