www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Назар аударыңыз! «Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясы!

Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясымен бірге «Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясын жариялады.

Аталған акцияның мақсаты бейресми еңбек қатынастарына жол бермеу және оларды анықтау, еңбек қатынастарының жасырын түрлерін қысқарту, азаматтардың еңбек саласындағы өз құқықтары жөніндегі хабардар болу деңгейін арттыру болып табылады.

Республикалық акцияның міндеттері:

- Еңбек қатынастарын формализациялау, бейресми еңбек қатынастарында тұрған азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесіне тарту;

- Халықтың жұмыспен бейресми түрде қамтылу фактілеріне теріс көзқарасын қалыптастыру, жұмыс берушілерге және өзін өзі жұмыспен қамтығандарға бару арқылы жұмыспен бейресми түрде қамту қатерлерін бағалау негізінде профилактикалық бақылау жүргізу жолымен, әкімшілік ден қою және бақылау шараларын күшейту;

- Мемлекеттік органдардың, әлеуметтік әріптестердің қатысуымен медиа құралдары арқылы халық арасында ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізу болып табылады. 

         Шахтинск өңірінің барлық жеке меншік нысандарынның жұмыс берушілерін «Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясына белсенді қатысуға шақырамыз.

         Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша «Шахтинск қ. жұмыспен қамту жәнеә әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жүгінулеріңізді сұраймыз. Мекенжай: Шахтинск қ. Калинин көшесі 17, №18  кабинет, телефон: 3-59-47, 3-59-12.


Размещение информации: 14.03.2018 17:51

Последнее изменение информации: 14.03.2018 17:52

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 19°C , ылғал 33%, қысым 710, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары