www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Тұрғын үй көмегі жөніндегі жаднама

ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ
Тұрғын үй көмегі Шахтинск өңірінің аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) беріледі, егер жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге нақты шығыннан аспайтын өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде, осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артатын отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады. Ақтық мүмкін шығындардың бөлігі жеті процент өлшемінде отбасының тұтас табысына орнатылады.
      «Тұрғын-үй көмегін тағайындау»  (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығы) стандартына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (т. 5-20-86, 5-26-32)
- «Шахан к. азаматтарға арналған үкіметі» мемлекеттік корпорациясы (т. 3-20-99)
-  «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Өтінішпен қоса келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
- отбасының табысын растайтын құжаттар;
- тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарнаның мөлшері туралы шот;
- коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шот;
- телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
- жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.    
Тұрғын-үй көмегі Шахтинск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келесі нормалар бойынша ұсынылады:
                1) Жәрдемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үйдің нормалары, тұрғын заңнамамен орнатылған, отбасының әр бір мүшесіне тұрғын үйді ұсыну нормалары баламалы (18 квадрат метр), көпбөлмелі пәтерлерде тұратын, жалғызбасты азаматтар үшін алаңнын әлеуметтік нормасы-30 квадрат метр;
                2) газды пайдалану нормасы:
                орталық ыстық сужабдықтау кезіңде-айда 1 адамға 8 килограмм;
                орталық ыстық сужабдықтау жоқ кезіңде-айда 1 адамға 10 килограмм;
                3) электроэнергияны пайдалану нормасы:
                газ плиталармен жабдықталған үйлерде-айда отбасыға 150 килловат;
                электр плиталармен жабдықталған үйлерде-айда отбасыға 250 килловат;
                4) Суық сумен, канализациямен, ыстық сумен, қоқысты шығарумен пайдалануы қызметтің қатысы түріне қызмет берушімен тарифті бекіту кезіңде қарастырылған нормалар бойынша ескертіледі;
5) қатты отынды пайдалану нормасы:
1985 жылға дейін тұрғызылған тұрғын ғимараттар үшін алаңын 1 квадрат метіріне жылу беру- 1-2 қабатты тұрғын үйлер үшін-161 киллограм, 3-4 қабатты тұрғын ұйлер үшін  98 килограмм, жылу кезеніне 7 ай есебінде, 1985 жылдан кейін тұрғызылған тұрғын ғимараттар үшін 1 квадрат метіріне жылу беру-1-2 қабатты тұрғын үйлер үшін -72 киллограмм, жылу кезеніне 7 ай есебіңде.

 

 

 

 

№ 1 мысал:
Отбасы 1 адамнан
- зейнеткер (зейнетақы 51475 тг.),
Пәтердің жалпы алаңы: 53 кв.м.

Шахтинск қ. бойынша шек шығындардың өлшемі - 7%
Отбасының жиынтық табысы – 51475 тг.
Жалғызбасты тұратынға қорғалатын алаңның әлеуметтік нормасы = 30 кв.м.

Тұрғын-үй көмегін есептеу кезінде әлеуметтік норма бойынша есептеулер: ұсынылған шот      бойынша  

Жылу 30 кв.м. х  128,75 тг.                                                   3862,50 тг.             6823,75 тг.
Суық су (есептегіш) 2 куб.м х 84,38 тг.                              97,22 тг.                 97,22 тг.
Канализация (есептегіш)  2 куб. м х 118,99 адам.             118,99 тг.               118,99тг                                                                    
Қоқысты шығару 128,15 тг.                                                  128,15 тг.               128,15 тг.                   
Электрмен жабдықтау   15,30 тг. х 150 кВт.                      2295 тг.                   3425 тг.            
________________________________________________________________________

Әлеуметтік норма бойынша есептеулер:                           6501,86 тг.
7 % сәйкес табысты (өтініш берушімен төленеді) –         51475 тг х 7% = 3603,25 тг.,
Тұрғын-үй көмегін өлшемі (мемлекетпен төленеді) –     2898,61 тг.
(6501,86 тг. – 3603,25 тг.= 2898,61тг.)

№ 2 мысал:
Отбасы 3 адамнан
- өтініш беруші жұмыс істейді  (еңбек ақысы 80 000 тг.),
- әйелі 3 жасқа дейінгі бала күтімінде (табыссыз),
- бала (2016 ж.т..)
Пәтердің жалпы алаңы: 61 кв.м.

Шахтинск қ. бойынша шек шығындардың өлшемі - 7%
Отбасының сәйкес табысы – 80000 тг.
Қорғалатын алаңның әлеуметтік нормасы: 18 х 3 = 54 кв.м.

Тұрғын-үй көмегін есептеу кезінде әлеуметтік норма бойынша есептеулер:     
Ұсынылған шот бойынша                                                                                                                                       
Жылу 54 кв.м. х 128,75                                                                6952,50 тг.          8514,50 тг.         
Суық су (есептегішсіз) 4,3 куб. м х 3 адам. х 97,22 тг.           1254,14 тг.           1254,14 тг.       
Канализация  (есептегішсіз) 4,3 куб. м х 3 адам х 118,99 тг. 1534,97 тг.           1534,97 тг.
Қоқыс шығару 128,15 тг. х 3 адам.                                             384,45 тг.            384,45 тг.              
Электрмен жабдықтау      15,30 тг. х 150 кВт.                          2295 тг.               4218 тг.
Телефонға қосымша төлем 639,39 тг.                                        639,39 тг.            1006,39 тг.
_________________________________________________________________

Әлеуметтік норма бойынша есептеулер:                                  13060,45 тг.

7 % сәйкес табысты (өтініш берушімен төленеді) – 80000 тг. х 7 %= 5600,00 тг.,
Тұрғын-үй көмегін өлшемі (мемлекетпен төленеді) – 7460,45 тг.

(13060,45 тг. – 5600 тг.= 7460,45 тг.)


Размещение информации: 23.02.2018 09:51

Последнее изменение информации: 23.02.2018 09:52

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 10°C , ылғал 83%, қысым 708, жел 12 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.59
Euro 429.06
Рубль 6.05

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары