www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

Адам саудасы – бұл іс жүзінде әлемнің кез келген елінде миллиондаған адамдардың өмірін қозғайтын және оларды адамдық қадір-қасиетінен айыратын ғаламдық мәселе. Әлемдегі ең ұят қылмыстардың бірі болып, адам саудасы әлемнің барлық түкпірінен әйелдерді, ерлерді және балаларды жаңылыстырады және құрбандарға айналдырады, оларды күн сайын пайдалану объектісі болуға мәжбүрлейді. Дегенмен адам саудасының ең танымал нысаны жыныстық қанаушылық болып табылатынымен, жүздеген мың құрбандар сондай-ақ мәжбүрлі еңбек, үй қызметшісі ретінде еріксіз еңбек, балалар қайыршылығы немесе мүшелерін алу мақсаттары үшін сауда объектісіне айналады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 138 бұйрығымен Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бекітілген.
2017 жылдың наурызынан бастап Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде адамдар саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша әлеуметтік жобаны іске асыруды бастады. Қызметтерді көрсетуге Теміртау қ. «Қайсар» Қоғамдық қорымен шарт жасалды. Қызметтермен дағдарыс орталығында уақытша тәуліктік мекендеу жағдайында қамту жоспарлануда.
Стандартқа сай, адам саудасының құрбанын сәйкестендіру – әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлеріне сәйкес адам, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасымен, оларды пайдаланудың өзге де түрлерімен байланысты іс-қимылдар, сондай-ақ адамдарды ұрлау салдарынан әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудан зардап шеккендерге жатқызу.
Қайта әлеуметтендіру – индивидтің үзілген әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіруге немесе жағдаяттармен нашарлаған әлеуметтік байланыстарын нығайтуға бағытталған психологиялық, педагогикалық, кәсіби және заңды шаралар кешені, сондай-ақ адам саудасының құрбандарын отбасы мен қоғамға қайта интеграциялауға бағытталған өзге де іс-шаралар.
Ұйымдар көрсетілетін қызметтерді алушыларға бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін оларды ұйымға қабылдауды көрсетілетін қызметтерді алушының нақты тұратын жері бойынша стандартқа сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтерді алушылардың өтініші немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі істер жөніндегі уәкілетті органдардың жазбаша жолдамасы бойынша (адам саудасының құрбаны деп танылған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде) ұйымдар жүзеге асырады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті (түрлері мен көлемдері) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, психолог және ұйымның басқа да мамандары айқындайды.
Адам саудасының құрбандары деп танылған адамдарға қайта әлеуметтендіру туралы шарт жасалғанға дейін төмендегідей көлемде жалпы сипаттағы қызметтер көрсетіледі:
1) көрсетілетін қызметтерді алушыларға тамақ ұсына отырып, оларды уақытша орналастыру;
2) алғашқы медициналық тексеру жүргізу және дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету;
3) өзіне-өзі қызмет көрсету (ішкиімді жуу, кептіру, үтіктеу, ыдыс жуу, ұйымдардағы үй-жайды тазалау) және санитариялық-гигиеналық рәсімдерді (душ немесе ванна бөлмелері, санитариялық тораптар) жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
4) төсек жабдығымен, киіммен және ең қажетті заттармен қамтамасыз ете отырып, койка-орын ұсыну. 
Қайта әлеуметтендіру туралы шарт жасаған қызметтерді алушы жеке жоспарға сәйкес мынадай арнаулы әлеуметтік қызметтерді алады:
1) әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер;
2) әлеуметтік-медициналық қызметтер;
3) әлеуметтік-психологиялық қызметтер;
4) әлеуметтік-педагогикалық қызметтер;
5) әлеуметтік-еңбек қызметтер;
6) әлеуметтік-мәдени қызметтер;
7) әлеуметтік-экономикалық қызметтер;
8) әлеуметтік-құқықтық қызметтер. 
Барлық сұрақтар бойынша «Шахтинск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не Калинина көш. 17 мекенжайы бойынша, 3-62-40, 3-59-12 телефондарына хабарласу қажет.

 


Размещение информации: 17.04.2017 11:45

Последнее изменение информации: 17.04.2017 11:46

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 25%, қысым 712, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.34
Euro 427.25
Рубль 5.88

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары