www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Қазақстанда іске асырылатын, ең үздік әлеуметтік жоба

       2019 жылы «Қазақстанда іске асырылатын, ең үздік әлеуметтік жоба» конкурсының басталуы жалғасуда.

Конкурс ұйымдастырушылары: «Nur Otan» партиясы (бұдан әрі – Партия), Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ЕХӘҚМ), «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – МӘСҚ), жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат басқармалары мен бөлімдері атынан аудандар мен қалалардың әкімдіктері, бизнес қауымдастықтар болып табылады.

        Конкурс «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасының» келесі мақсаттарын іске асыру шеңберінде өткізіледі:

-               әрбір қазақстандық отбасының бақуаттылығы;

-               салауатты адамдардың қуатты ұлты;

-               жауапты азаматтардың үйлесімді қоғамы.

        Байқаудың мақсаты партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» жобаларымен қамтылған  адамдарға ұсынылатын қызметтерді қоса алғанда әлеуметтендіруге, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған үздік бастамашыл әлеуметтік жобаларды анықтау, іріктеу, көтермелеу және ілгерілету болып табылады.

      Әлеуметтік жобаларды іріктеу ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізіледі.

      Аталған іс-шараға мүгедектердің қоғамдық бірлестіктер, ведомстволар және басқа мекемелер, жеке тұлғалар және басқа да халықтың әлеуметтік-осал топтарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған қызметін атқаратын үкіметтік емес ұйымдар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі және басқа да мүдделі тұлғалар қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер келесі құжаттарды ұсынады:

- белгіленген нысан бойынша өтініш;

- енгізуге мақсатқа сәйкестігі негізделген жоба; іске асыру нәтижесінің (БАҚ-да сөйлеген сөз, жобаны іске асырылу барысы туралы DVD жазбалары (мүмкіндігінше) сипаттамасымен, жобаның іске асырылу туралы пікір. Жаңа жоба ұсынылған жағдайда оны өткізу қажеттігі, жүзеге асырылудан күтілетін нәтижесінің негіздеуі қоса беріледі.

Нонминанттарды іріктеу келесі критерийлер бойынша жүргізіледі:

- жобаның әлеуметтік маңыздылығы;

- жобаның дәлелді негіздемесі;

- жобаны тәжірибелік іске асырудан оң нәтиженің бар болуы, өмірлік қиын жағдайға ұшыраған халықты жобаның шеңберінде әлеуметтік көмекпен және қолдаумен қамту;

- жобаны таныстыру сапасы;

Іріктеу турына қатысуға өтінімдер оны өткізудің басталғаны туралы хабарландыру кезінен бастап беріледі. Өтінімдерді қабылдау іріктеу турынан соңғы күнге дейін 15 күн ішінде аяқталады.

Толық ақпарат алу үшін «Шахтинск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ №18 кабинетіне (тел: 3-59-47) жүгіну қажет.

 

«Шахтинск қ. жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ


Размещение информации: 24.03.2017 16:05

Последнее изменение информации: 21.05.2019 12:31

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 30°C , ылғал 19%, қысым 705, жел 11 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.70
Euro 427.15
Рубль 6.06

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары