www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Көпшілікке қолжетімді дефибрилляция бойынша Жоба

«Ақ Жүрек» қоғамдық қоры ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «НА СЧЕТУ КАЖДАЯ СЕКУНДА» көпшілікке қолжетімді дефибриллятор бойынша Жобаны іске асырып жатыр. Жобаның мақсаты қоғамдық орындарда, соның ішінде жұмыс орындарында шұғыл жағдайларда медициналық білімі жоқ тұлғалармен БІРІНШІ КӨМЕК көрсету арқылы жедел жәрдем бригадасының келуіне дейін тіршілікке қабілеттілікті жоғарлату.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда және өндірістерде еңбек қызметі жоғары жарақаттанушылықпен түйіндеседі. Физикалық және химиялық сипаттағы тәуекел факторларының зиянды әсері ауыр шұғыл жағдайдың туындау мүмкіндігін ұлғайтады. Психоэмоционалдық күйзеліс, физикалық көп жұмыс жасау, еңбектің зиянды жағдайлары кенет жүректің тоқтауына әкеледі. Бірінші көмектің қалай уақытылы және дұрыс көрсетілуінен шектік жағдайдың нәтижесі байланысты болады.
Шетелде халықаралық стандарттарға сай шұғыл жағдайдың туындау мүмкіндігі жоғары жерлерде көпшілікке қолжетімді автоматтандырылған дефибрилляторларды орнатады, ал персоналды оны қолданумен бірінші көмек дағдысына үйретеді. Өмірге қауіп төнерлік жағдай туындаған кезде кез келген басы-қасында болған адам медициналық жұмыскерлердің келуіне дейін зардап шеккен әріптесіне бірінші көмек көрсетуді бастай алады. Дауысты, мәтіндік және көрімделген ойға салу, сондай-ақ жүрек-өкпе қызметінің сапасын бақылау құрылғысының көмегімен, медициналық білімі жоқ қызметкер жедел жәрдем бригадасының келуіне дейін зардап шеккеннің өмірлік функцияларын қолдай алады. Нәтижесінде сақталған адамның өмірі.
Қазақстанда кәсіптік қауіпсіздікті және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету сұрақтары бойынша жағдай әлі де талай жақсартуды керек етеді. Жазатайым жағдайлардың ажалды ақырын алдын алу ретінде жұмыс орындарында ұжымдық қорғаныс құралын – көпшілікке қолжетімді автоматтандырылған сыртқы дефибрилляторды орнатуға болады.
Мысалы, «Тенгизшевройл» ЖШС басшылығы әлдеқашан өзінің қызметкерлеріне қамқорлық жасаған: цехтер мен өндірісте ғана емес, сонымен қатар офистардың холлдарында қабырғаға қолжетімді автоматтандырылған дефибрилляторды орнатқан. Сондай-ақ «KAZ Minerals», «Petroleum Operating», «Электровоз құрастыру зауыты» компанияларының басшылары мен қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің мамандары жағынан өзінің қызметкерлеріне деген қамқорлық ерекше көңіл бөлуге және құрметке лайықты, олар адамдардан айырылуды болдырмау үшін көпшілікке қолжетілмі дефибрилляторларды орнатуға асықты. Осы мысалға қарап, отандық басшылар қауіпсіз еңбек шараларын жетілдіру мәселесінің қамын ойлайды деп үміттенеміз.
Құрметті  Шахтинск  аймағының жұмыс берушілері,  Сіздерден  осы  «НА СЧЕТУ КАЖДАЯ СЕКУНДА» көпшілікке қолжетімді дефибриллятор бойынша Жобаны қарастыруды және өздеріңнің кәсіпорындарыңда кәсіптік қауіпсіздікді  және  еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауды сұраймыз.
Барлық сұрақтар бойынша «Шахтинск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не 8 (72156) 3-62-40 телефоны бойынша хабарласа аласыз.

 


Размещение информации: 01.02.2017 16:43

Последнее изменение информации: 01.02.2017 16:43

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 15°C , ылғал 45%, қысым 713, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.52
Euro 429.21
Рубль 6.07

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары