www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«ӨРЛЕУ» жобасы- шартты ақшалай көмек көрсету

Қарағанды облысында «Өрлеу» жобасын – шартты ақшалай көмек (ШАК) мемлекеттік бағдарламасының пилоттық нұсқасын іске асыруға кірісті. Ол әлеуметтік қолдаудың белсенді әдістерін қолдану жолымен әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіруге және асырауында болушылықты ескертуге бағытталған. 
Оған отбасындағы бір адамға жан басына шыққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 %-нан төмен азаматтар қатыса алады. Жобаны іске асыру үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен қатысушылар арасында отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартына қол қою қарастырылады. Келісімшарт бойынша отбасы мүшелері әлеуметтік жандандыру үшін кедергілерден өту бойынша жұмыс жасауға міндеттенеді, бағдарламаның шарттарын сақтауға жауапты болады. Олардың өз міндеттерін орындауы үнемі бақылауда болады. Ақшалай жәрдемақы алу тек отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптарын орындау кезінде мүмкін болады.
Жобаға қатысуды қалайтындар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе кент әкіміне хабарласуы мүмкін. Әңгімелесу кезінде ШАК алуға үміткердің құқығы анықталатын болады. Келген кезде мына құжаттарды ұсыну қажет: 
1) жеке басын растайтын құжат;
2) отбасының құрамы туралы мәліметтер;
3) тұрақты тұру орны бойынша тіркелуді растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы немесе кент әкімінің анықтамасы;
4) отбасы мүшесіне (қажет жағдайда) қорғаушылық (қамқорлық) белгіленгенін растайтын құжат;
5) қосымша жеке шаруашылығының болуы (қажет жағдайда) туралы мәліметтер.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе мекендеу орны бойынша әкімдікке келген кезде толтырылады:
1) «Өрлеу» жобасына қатысуға өтініш;
2) отбасылық және материалдық жағдайы туралы анкета;
3) отбасының құрамы туралы мәліметтер (бұл нысанды толтыру үшін отбасы мүшелері құжаттарының түпнұсқалары қажет болады);
4) қосымша жеке шаруашылығының болуы туралы мәліметтер.
Учаскелік комиссия отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісін құрады. Алынған ақпараттың негізінде «Өрлеу» жобасына қатысу құқығы туралы шешім қабылданады және шартты ақшалай көмектің (ШАК) мөлшері анықталады. ШАК ай сайынғы төлемі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен отбасының жан басына шаққандағы табысы мен белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 % арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қажеттілік жағдайында әлеуметтік бейімдеу шараларын айқындайды. Сонымен бірге, өздігінен жұмыспен қамтылған және отбасының еңбекке қабілетті жұмыссыз мүшелері Жұмыспен қамту орталығына әлеуметтік келісімшарт жасау немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, басқа жұмыспен қамту шараларына қатысуға бағытталу үшін жолдамалар алады.
ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және ай сайын төленеді немесе үміткердің өтініші бойынша үш айға бірден төленеді. Осы уақытта, сәйкесінше, атаулы әлеуметтік көмек төлемі тоқтатылады.
ШАК төлемін тоқтату мына жағдайларда болады:
1) «Өрлеу» жобасының қатысушысы отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт және әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерін орындамаса;
2) күмәнді мәліметтер ұсынғанға байланысты отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын бұзу;
3) алушының үш айдан астам банк шоты бойынша қозғалыстың болмауы;
4) ШАК алушыларының Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты мекендеу орнына шығу фактісі туралы мәліметтің анықталуы; 
5) қайтыс болғандар туралы немесе қайтыс болған деп жарияланғаны туралы мәліметтің түсуі;
6) жеке басын растайтын құжат мерзімінің өтуі;
7) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ұсынатын, іздестіруде жүрген, хабарсыз жоғалған тұлғалардың фактісін анықтау;
8) босатылған және шеттелген қамқоршылар (қорғаушы) туралы мәліметтің түсуі.
Сонымен қатар, заңсыз ШАК төлеміне апарып соққан күмәнді мәлімет ұсыну анықталған жағдайда, оның төлемі тағайындалу кезеңіне тоқтатылады. Артық төленген сомма өз еркімен қайтарылуға жатады, ал бас тарту жағдайында – сот тәртібінде.
Бұдан толығырақ кеңесті «Шахтинск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де, Шахтинск қ., Калинина көш., 17 үй мекенжайы бойынша № 2, 3 кабинеттерінде алуға болады.


«Шахтинск қ. жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
 


 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 20.04.2016 09:46

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 41%, қысым 715, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 378.38
Euro 431.05
Рубль 6.02

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары